Жоспар Кіріспе I. Ақшаның мәні мен қызметтері


Жай және аудармалы вексель – коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырады



бет4/12
Дата03.07.2016
өлшемі260 Kb.
#175823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Жай және аудармалы вексель – коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырады.

Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттердің вексельді мынадай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

Қаржылық (банктік) вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.

Достық вексель – кейіннен банктен оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.

Бронзалық вексель – нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.

Вексельдің мынадай өзіне тән қасиетттері бар:

дерексіздік, яғни вексельде мәмлені нақты түрінің көрсетілмеуі;

дауыссыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейіегі қарыздың міндетті түрге төленуге тиістігі;

айналымдылық, яғни баақа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.

Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданғанға дейін және одан кейін де вексель айналысы дамып келеді.

Вексель айналысын бірінші болып қолданушылардың қатарына Казкомерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ, сыртқы астық сатумен айналысатын «Астық» акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.

Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде « Қазақстан темір жолы » ҰК-ның 200 млн теңге бағалаған вексельдерін өтеді.

Мұндағы «домицилиант» - вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, Вексельде делдал ретінде қатысатын банк.

Банкнота (ағыл. сөзінде «bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктың айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.

Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:

мерзімділігіне қарай, егерде вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса, ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;

кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

Экономикалық әдебиетте банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай.

Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:

жаратылысына қарай – қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;

эммисиалық әдісі бойынша – қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны Орталық банк шығарады;

қайтарылуына қарай – классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;

ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.

Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкноат алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі орталық банктің вексельдік портфелі көбірек қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.

Жай банкнота – бұр қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.

Олар металлға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.

Қазіргі кезде ҚР Ұлттық банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының мынадай үш жолын бөліп көрсетуге болады:

шаруашылық несиелеу жолымен;

мемлекетті несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкроттардың шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993 – 1998 жж. мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995 – 1996 жылдары бөджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5%-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық банкінің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфляцияның орын алуы;

ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.

Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.

Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

Чектің мынадай түрлері бар:

ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;

ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;

мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;

есеп айырылысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есп айырысуларда қолданылады;

жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;

кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет