Жоспар Кіріспе I. Ақшаның мәні мен қызметтері



бет10/12
Дата03.07.2016
өлшемі260 Kb.
#175823
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Қазақстан Респуликасында ақша массасы Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және оның құрамының айналыстағы қолма-қол ақша және резидент заңды тұлғалар мен үй шаруашылығы депозиттері жатады.

Ақша базасы (МВ) – бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Ол мынадай формуламен есептеледі:

МВ = СIC + RR + DCB,

мұндағы CIC – айналыстағы нақты ақшалар;

RR – міндетті резервтер;

DCB – екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі қор, шоттағы қаражаттары.

CIC = L ( H + C ),

мұндағы Н – айналысқа шығарылған банктік билеттер;

С – айналысқа шығарылған монеталар.

Қазақстандағы ақша агрегаттарының жағдайы туралы соңғы жылдардағы көрсеткіш.

Ақша агрегаттары

млн.Теңге кезеңнің соңына

Ақша агрегаттары

12.00

12.01

12.02

1

2

3

4

5

Ақша базасы (резервтік ақша) оның ішінде:

Ұлттық банктен тыс қолма-қол ақша

ЕДБ-дің және басқа ұйымдардың Ұлттық банктегі депозиттері

М0 (айналыстағы қолма-қол ақша)

М1

оның ішінде:

3.1. халықтың теңгедегі аудармалы дипозиттері

3.2. бакнтік емес заңды тұлғалардың аудармалы дипозиттері

М2

оның ішінде:

4.1. халықтың теңгедегі басқа да дипозиттері және шетел валютасындағы аудармалы дипозиттер

4.2. банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі басқа да дипозиттері және шетел валютасындағы аудармылы дипозиттер

М3

оның ішінде:

халықтың шетел валютасындағы басқа да дипозиттері

бакнтік емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы басқа да депозиттері

134416

116335

18081

106428

195442

15245

73769

290643

21662

73539

397015

51573

54999

174959

145477

29482

131175

224234

1912

91148

337980

48876

64870

576023

134077

103967

208171

177899

30272

161701

287293

17799

107792

498071

61442

149336

764954

171439

95443

Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша-несие статистикасын жасау және талдауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі М3 – ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:

М0 (айналыстағы қолма-қол ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша);

М1 = М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы дипозиттері;

М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютиасындағы аудармалы дипозиттері;

М3 (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.

Аудармалы дипозиттер – 1) әрқашан айыппұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы дипозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.

Басқа дипозиттер – негізінен, ол белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әр түрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ механизміне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді дипозиттер. Басқа дипозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқы салымдар мен дипозиттерді қамтиды.

Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі ақша мультипликаторы (Ам) көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі:

М3 (ақша массасы)

Ам =

МВ (ақша базасы)

Егер мысалы, ақша мультипликаторы 2,0-ге тең болса, онда ақша базасының әрбір 2 теңге жасауға қабілеттілігін көрсетеді. 2002 жылы ақша массасындағы депозиттердің өсуі, ақша мультипликаторының мәні өткен жол мен салыстырғанда 3,29-дан 3,67-ге дейін өсіріп отыр



III ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖҮЙЕСІ

3.1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша ай налысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

Ақша жүйесі – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады: ақша бірлігі, эмиссиялық жүйе және ақша түрлері .

Ақша бірлігінің – барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. ҚР-дың ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.

Ақша бірліктерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесе болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.

Эмиссия тәртібі – бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет