Жоспар Кіріспе Жүк түрлері Тасымалдау шарттары Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі Мазмұны


Жүктерді темір жолмен тасымалдау шарты



бет2/3
Дата22.04.2023
өлшемі28.94 Kb.
#472568
1   2   3
Жүк туралы материал

Жүктерді темір жолмен тасымалдау шарты
Жүктерді темір жолмен тасымалдау шарты тасымалдау шарттары жүйесінде ерекше орын алады, себебі көліктің дәл осы түрі жүк тасымалдары-ның ең үлкен көлемін, қызметтер сферасының көп бейінділігін және олардың тауар рыногы шеңберінде бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Жүктерді темір жолмен тасымалдау шартының мазмұны тасымалдаушы-ның және жүк жөнелтушінің (жүк алушының) құқықтары мен міндеттерінің кешенімен қамтамасыз етілген. Бұл құқықтар мен міндеттер көлік заңнамасы-мен: Темір жолдардың көлік жарғысымен, Жүктерді тасымалдау ережелерімен, сондай-ақ тасымалдау шартындағы тараптардың келісімімен елеулі шамада алдын ала анықталған.
Темір жолмен тасымалдау шарты бойынша жүктер жергілікті де, тікелей қатынаста да тасымалдануы мүмкін. Жергілікті қатынаста тасымалдау – бір темір жолдың шегінде, ал тікелей қатынаста тасымалдау Қазақстанның темір жолдарының бірыңғай желісіне кіретін және көпшілік пайдалану үшін ашық екі және одан көп темір жолдың қатысуымен жүзеге асырылады. Тікелей қатынаста тасымалдау шартын жасасқан темір жол – осындай қатынасқа қатысатын барлық басқа темір жолдардың заңды өкілі.
Темір жол – темір жол көлігінің негізгі мемлекеттік біртұтас кәсіпорны, ол орталықтандырылған басқару кезінде және басқа темір жолдармен және көлік түрлерімен өзара әрекеттескенде экономиканың және халықтың өндірістік-шаруашылық және оның құрамына кіретін кәсіпорындар мен мекемелердің өзге қызметін реттеу негізінде қызмет көрсетілетін өңірдегі тасымалдарының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді (Федералдық темір жол көлігі туралы Заңның 2-бабы).
Жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау темір жол көлігінің өзінің ұйымдарына тиесілі вагондарда, контейнерлерде, сондай-ақ меншік немесе жалға алу құқығында заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі не болмаса заңды тұлғалардың шаруашылықтың қарамағында болатын вагондарда жүзеге асырылады.
Темір жол тиеу үшін жарамды вагондар мен контейнерлерді сәйкес жүкті тасымалдау үшін жарамды күйде беруге міндетті. Олай болмаған жағдайда жүк жөнелтуші берілген вагондардан немесе контейнерлерден бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда темір жол аталған вагондардың, контейнерлердің орнына мұндай жүктерді тасымалдау үшін жарамды
Вагондар мен контейнерлер жарамдылығының бір мағыналы түсініктемесі жоқ. Вагондар мен контейнерлер жарамдылығының үш ұғымы бар: техникалық, коммерциялық, сондай-ақ берілген жүкті коммерциялық қатынаста тасымалдау үшін жылжымалы құрамның жарамдылығы. Техникалық жарамды вагондар мен контейнерлер темір жолдарды техникалық пайдалану ережелерінің талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Вагондар мен контейнерлердің тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ететін күйі коммерциялық жарамдылық деп түсіндіріледі. Берілген жүкті коммерциялық қатынаста тасымалдау үшін жылжымалы құрамның жарамдылығы жылжымалы құрамның оған нақты жүктің сақталғандығын қамтамасыз ету байланысты болатын техникалық және коммерциялық жарамдылығын білдіреді. Мысалы, азық-түлік жүктерін тасымалдағанда бөтен иістің болмауы.
Берілген жүкті коммерциялық қатынаста тасымалдауға арналған вагондардың жарамдылығы кімнің құралдарымен тиелуіне байланысты жүк жөнелтушімен немесе темір жолмен анықталады.
Жүкті тасымалдауға ұсынғанда жөнелтуші жүкті әрбір жөнелтуге өзі құрастырған темір жолдық көлік жүк қағазын беруге міндетті. Жүк қағазы негізінде жүк жөнелтушіге берілген жүкті қабылдау туралы квитанция жүкті тасымалдау шартының жасалғанын растайды.
Жүк жөнелтушінің міндеті тапсырылатын жүк туралы, оның ерекше қасиеттері туралы барлық қажетті мәліметтерді жүк қағазда дәл және толық көрсету болып табылады. Темір жолдың, өз кезегінде, жөнелтушімен жүк қағазға енгізілген мәліметтерді таңдап тексеруге құқығы бар.
Жүктерді тасымалдау шартын орындаумен себептелген темір жолдың кейбір міндеттері тасымалдау процесінің өзінде де, оның аяқталушы кезеңінде де пайда болады. Сонымен, темір жол жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының өтініші бойынша жүк алушыны немесе тағайындалған станцияны өзгерту арқылы тасымалданатын жүкті жаңа мекен-жайға жіберуге міндетті.
Темір жолдың міндеті жүк алушыны оның мекен-жайына келген жүктер туралы жүктердің келу күнінен кейін келетін күнгі сағат 12-ден кешіктірмей хабарлау болып табылады. Жүк алушының міндеті оған көрсетілген көлік қызметтері үшін тасымалдаушымен түпкілікті есеп айырысу болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет