Жоспар: Кіріспе Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесi


 Халыққа медициналық көмек ұйымдастыру



бет2/4
Дата01.05.2024
өлшемі73.02 Kb.
#500258
1   2   3   4
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясаты.

2 Халыққа медициналық көмек ұйымдастыру
Азаматтарға ақысыз медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң қолайлығын және оны алуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң негiзiн:
- фельдшерлiк-акушерлiк пункт (дәрiгерге дейiнгi көмек);
- дәрiгерлiк амбулатория, емхана және учаскелiк аурухана (дәрiгерлiк көмек);
- аудандық орталық аурухана, диспансерлер (бiлiктi дәрiгерлiк көмек);
- облыстық аурухана, қалалық аурухана, диспансерлер, жедел медициналық жәрдем ауруханалары мен станциялары, республикалық орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының клиникалары (мамандандырылған дәрiгерлiк көмек) құрайды.
Лицензиясы болған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың медициналық ұйымдардың басқа да түрлерiн ашуына рұқсат етiледi.
Халыққа медициналық жәрдем көрсету: алғашқы медициналық-санитариялық көмектi, мамандандырылған медициналық көмектi, медициналық-әлеуметтiк көмек пен оңалтуды қамтиды.
Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне кiретiн арнайы медициналық ұйымдар (жедел медициналық жәрдем станциялары мен бөлiмдерi) өмiрге қауiп төнген жағдайларда, бақытсыз жағдайларда және ауыр сырқаттанған кезде ересектер мен балаларға тегiн жедел медициналық көмек көрсетедi.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек медициналық қызмет көрсетудiң әрбiр азамат үшiн негiзгi қолайлы және тегiн түрi болып табылады және ол неғұрлым кең таралған ауруларды, жарақаттарды, улануды және кiдiртуге болмайтын басқа да жай-күйлердi емдеудi, бала тууға жәрдемдесудi, санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар жүргiзудi, аса елеулi аурулардың медициналық профилактикасын, санитариялық-гигиеналық бiлiм берудi, отбасын, ананы, әке мен баланы қорғау жөнiнде шаралар жүргiзудi, тұрғылықты жерi бойынша медициналық көмек көрсетуге байланысты басқа да шаралар жүргiзудi қамтиды.
Мамандандырылған медициналық көмектi азаматтарға диагностиканың, емдеудiң арнаулы әдiстерiн және күрделi медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететiн аурулар кезiнде амбулаториялық-емханалық және стационарлық ұйымдар көрсетедi.
Медициналық-әлеуметтiк көмек медициналық-әлеуметтiк үлгiдегi ұйымдар желiсiн құру және дамыту, тұрғын үй-тұрмыстық жеңiлдiктер беру, жұмыс iстейтiндердi сауықтыру жөнiндегi медициналық ұсыныстарды жұмыс берушiлердiң орындауын қамтамасыз ету, еңбек пен тамақтанудың ұтымды режимiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар жүйесiн қамтиды.
Туа бiткен және жүре пайда болған, асқынған және созылмалы аурулардан және алған жарақаттар салдарынан зардап шегушi азаматтарды медициналық, дене қуатын, психологиялық және әлеуметтiк жағынан оңалту тиiстi емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарында көрсетiледi.
Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардан және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардан зардап шегетiн азаматтарға медициналық-әлеуметтiк жәрдем, диспансерлiк қадағалау тегiн және жеңiлдiктi жағдаймен жасалады.
Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулар және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардан және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардан зардап шегетiн азаматтарға медициналық-әлеуметтiк жәрдем жасау түрлерi мен көлемiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлдi орталық атқарушы органы белгiлейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет