Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Эволюция теориясының тарихы Дарвин және табиғи іріктеу Қорытынды


 "Эволюция деген жай ғана теория. Сондықтан, оған сенуге болмайды"



бет2/3
Дата19.04.2024
өлшемі38.53 Kb.
#499302
1   2   3
рефарат

2. "Эволюция деген жай ғана теория. Сондықтан, оған сенуге болмайды"
Бұл – теория, аксиома, гипотеза және догманың айырмасын шатастырудан туатын жаңсақ пікір.
Теория деген дәлелсіз жорамал емес, дәлелдеумен бірге жүруі тиіс түсініктер жүйесі. Эволюцияның екі жағы бар. Эволюция — әрі факт (яғни қазып алынған ежелгі жануар қалдықтары, ғылыми тәжірибелер мен бақылаулар, генетикалық зерттеулер), әрі cол фактке сүйенетін теория (тіршіліктің сұрыпталу һәм мутациясы нәтижесінде тармақталып, дамитыны туралы жалпылама қорытынды). Сол себепті, егер көбіміздің айтқымыз келетіні — "Эволюция деген қу пайымға негізделген жорамал" деген ой болса, бұл ойымыз қай жағынан қарасақ та қате болады.
3. "Дарвин өлерінде өз теориясынан бас тартқан. Сондықтан, оған сенуге болмайды"
Біріншіден, біз Галилейдің "жер күнді айналады" деп айтып алып, кейін соттағы азаптан қорқып, ол ойынан бас тартқанын білеміз. Бірақ, одан ғаламзаттың заңдары өзгеріп кетті ме?! Ғылыми жорамалдардың дамуы не құлдырауы, авторларының қалауы мен тілегіне емес, оны терістейтін/дәлелдейтін айғақтарға тәуелді. 
Екіншіден, Дарвин өз теориясынан ешқашан бас тартпаған, бұл кезекті қауесет еш деректі айғағы жоқ, кең тараған қауесет қана.
4. "Эволюция – алғашқы тіршіліктің пайда болуын түсіндіре алмайды. Сондықтан, оған сенуге болмайды"
Эволюция теориясы ең алдымен, тіршіліктің пайда болғанынан кейін қалай өзгергенін түсіндіретін теория. Жалпы ғылымда тіршіліктің пайда болуы туралы сұрақ әлі де ашық. Мысалы, ең алғашқы тіршілік иесінің пайда болуына негіз болған химиялық қоспаны анықтау мәселесі немесе ең алдымен қарапайым гендік жинақ пайда болды ма, жоқ бірінші зат алмасу пайда болды ма? Бірақ бұл сұрақтар эволюцияның қарастыратын мәселелеріне жатпайды. Сондықтан, ғылымның алғашқы жасушаның қалай пайда болғанын әлі анықтамағанын эволюция теориясының бетіне салық қылу орынсыз. Анығы, тіршілік қалай басталса да, белгілі бір заманда, ол тармақтала бастаған. Эволюция, бұл орайда, сол уақыттан бері қарайғы тіршіліктің шежіресіне үңілетін ілім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет