Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім


В) Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңдегі өлкетанулық зерттеулерінің дамуы (ХVІІІ ғас.ІІ ширегі -ХІХ ғас. ортасы.)



бет2/7
Дата09.04.2024
өлшемі36.68 Kb.
#498065
1   2   3   4   5   6   7
Документ (2)

В) Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңдегі өлкетанулық зерттеулерінің дамуы (ХVІІІ ғас.ІІ ширегі -ХІХ ғас. ортасы.):М.Тевкелев, И.К.Кирилов, В.И.Татищев, Г.Ф.Миллер еңбектеріндегі қазақ этнографиясы мәселелерін саралау.
Түрік тілді халықтардың әдет-ғұрып, құқы және наным туралы мәліметтер славян халқы ауыз шығармашылығында, жылнамаларда және тарихи баяндауларында кездеседі. Мысалы, Нестордың «Повесть временных лет» (1113) еңбегінде көптеген түркі тайпалары, Елді бойымен Азияға шығысқа жолы айтылады. Орыс үкіметі ХУ-ХУ1 ғасырдың өзінде-ақ қазақ халқына қызығыушылық танытып, ол туралы әртүрлі мәліметтер жинап, олар жазылып Мәскеу приказдарында, патша кеңселерінде сақталған. Осылайша 1575-1584 жылдардағы сақталған патша архивінің жазбалары көрсетілгендей, 38-жәшікте «Қасым ханның тұсындағы қазақтардың кітаптары мен тізімдері» (Актілер, археологиялық экспедициялар жинағы. Т.1- СПб, 1836, 289-339 бет). Орыс көпестерінің және саяхатшылардың сұрау салу хаттамасы, арнайы тыңшылардың, елші және қызмет адамдарының мәлімдемесі.
Австрия дипломаты Сигизмунд Герберштейін (1549) «Мәскеу істері туралы жазбалар» кітабы ХУ-ХУ1 ғ. басындағы қазақ даласының тұрғындары туралы (қазақ жерінің орналасқан орны, қазақтар тіршілігі, азығы, киімі, діні, әдет-ғұрыпы, орыстармен қарым-қатынасы) 1588 ж. Мәскеу қаласында тұрған қазақ Қадырғали Хошум Жалайри Б.Годуновтың өтініші бойынша қазақ-шағатай тілінде қызықты қолжазба түрінде «Джами-ат таварих» жылнамалар жинағын жазған. Автор қазақ хандары мен сұлтандары генеалогиясына басты көңіл бөлген. ХІУ-ХУІ ғасырдағы әскери жорықтарды, феодалдық құқықтарды, отбасы әдет-ғұрып, діни- нанымын суреттеген. Жалайыридің шығармаларында қазіргі кездегі біз білетін көптеген қазақтың мақал-мәтелдері, дала сөздіктері, басқа да фольклорлық материалдар кездесді.
ХУІІІ ғасыр бойында қазақ халқы туралы тарихи-этнографиялық материалдар молайған үстіне молая түсті. Орыс және Орта Азиялық елшіліктер өз кезектерінде қазақтар көшіне соғып, Ресейге қазақ халқының өмірі туралы мәліметтер жеткізіп тұрды. Бұл ең алдынмен сауда жүргізу қауіпсіздігіне қажет болды.
«Үлкен сызба кітабы» (1627) қазақтар жері, олардың көшуінің, өзендер, көлдер, керуен жолдары, қазақ және көрші халықтар жерлері арқылы өтуі.
Орыс шығыстанушысы П.С.Савельев «Орта Азия.-СПб, 1848; Карамзин Н.М. Ресей мемлекетінің тарихы. 9-т. - СПб,1842; Семен Мальцевтің мәлімдемесі (орыс елшісі Ноғай ордасында тұрып, қазақтар туралы мол мәліметтерді еркін алып, Мәскеуге беріп отырған. Ағылшын Антоний Дженкинсон «Московадан Орта Азияға 1558-1559 жж. саяхат жасаған.
Қазақстаннын революцияға дейінгі Ресейде жағрафиялық зерттелуін негізгі үш кезеңге бөлуге болады.
Біріншісі - ежелгі кезеңнен 1730 жылға дейін. Бұл уақыт - орыс мемлекетіндегі әр түрлі сипаттағы қазақ елі туралы мәліметтердің жинақталу кезеңі.
Екінші кезең - 1730 жылы Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруінен бастап - XIX ғ. 60 жж. Қазақ жерін толық жаулап алғанға дейінгі кезең. Бұл уақыт аралыгында қазақ елін толық озіне бағындырып алу үшін Ресей үкіметі бүл өңірді табиғи-жағрафиялык тұрғыдан жан-жақты зерттей бастады.
Үшінші кезеңде - XIX ғ. 60 жж. қазақ жерлері Ресейге толық қосылып, оның Ресей империясының ішкі отарына айналғаныннан кейін 1917 ж. дейін, жалпы бүткіл Қазақстанды және оның жекелеген аудандарын зерттеуге зор мүмкіншіліктер ашылды.
ХҮІІІ ғ. 30 жж. кіші жүздің Ресей мемлекетінің кол астына кіруінен бастап қазақ жерінің жағрафиялық зерттелуінде жаңа кезең басталады. 1733-1734 жж. бірінші академиялық экспедицияның мүшесі болған, Ресей Ғылым Академиясының құрамындағы шет ел ғалымы, ірі орыс тарихшы- этнограф Г.Ф.Миллер (1705-1783). Ертіс жағалауындағы қазақ жерлерінде қүрылған көптеген орыс бекіністерін аралап бұл ауданның бірінші жағрафиялык, суреттемесін берді. 1732 жылы ол «Ресей тарихына қатысы бар мақалалар» жинағының негізін салды. Онда жоңғар тарихы бойынша материалдарды жариялады. «Халықтар тарихы туралы» арнайы нұсқауды жазды. Г.Ф.Миллердің академиялық экспедициядағы жұмыс нәтижесі «Сібір тарихы» 4-томдық еңбегі болды. 
1768-1774 жж. екінші академиялық экспедиция бұл өңірді тиянақтырақ зерттеді. ХУ111 ғ. аяғында бұл зерттеулерді жергілікті өлкетанушы И.Г.Андреев жалғастырды.
1731жылы қазақ ауылдарынан патша үкіметі қазақтардан ант қабылдау үшін Мамет немесе Мұртаза (орысша Алексей Иванович Тевкелевті) жіберді. Тевкелев білімді адам болған, ол император кеңсесінде бағдарланушы тілдер аудармашысы болған. Оны Петр І-ші біліп аса құрметтеген. Ол қазақ ауылдарында 1,5 жылдай болған.
Сыртқы істер коллегиясы оны ерекше нұсқаумен жабдықтаған, онда көптеген этнографиялық мәселелерді зерттеу қаралған. Қазақ ауылы туралы материалдарды ол әңгімелесу, сұрау, тікелей күнделікті бақылау арқасында жинаған. 186-ға жуық рулар арасындағы қақтығыстарды, қазақтардың әскери жарақтарын, қару, дәрі жасауын зерттеген. Өз журналына ол көптеген фактілерді феодалды құрылыс сипатын, құқықты, әдет ғұрыптарды, шаруашылығын, кәсібін, қыстау жайлаулардың орналасуын, көш жолдарын, халық тұрмысын оның мәдениетті мен діни- нанымын түсірген. 
Орынбор губерниясында мемлекеттік қайраткер, картография, география астрономия саласының ғалымы И.К.Кирилловты бас етіп экспедиция ұйымдастырды. Кирилов алғашқы елдің география-статистикалық суреттемесін құрады. «Бүкіл Ресей Мемлекетінің гүлденген жағдайы» (құрастырылғаны 1831 жылы.)
Этнография тұрысынан Кирилловтың 2 жобасы қызғылықты «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордаларын түсіндіру» қазақ жүздерінің саяси жағдайы, олардың көршілерінен қарым-қатынасы тарихи тұрғыдан сипатталған. 
ХVІІІ-ғасырдың ортасында Ресей ғылымы қатты көтерілді. Бұл көтерілу Ұлы орыс ғалымы М.В.Ломоносовтың (1711-1765) атымен тығыз байланысты. Ол өзінің «Көне Ресей тарихы» (1758) және «Орыс халқын сақтау және көбейту» еңбектерінде тарихи-этнографиялық мәселелерімен айналысты. М.Ломоносов шығыс славян халықтары туралы өте құнды ойлар айтты, орыс емес ұлттардың жайын өмір салтының, тұрмысының, мәдениетінің тілінің өзгеруі туралы академиялық еңбегінде айтылады. М.Ломоносов Академияда ежелгі шығыс кафедрасын ашуға жақ болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет