Жоспар: Кіріспе



бет1/3
Дата16.06.2016
өлшемі414.69 Kb.
#138657
  1   2   3
ЖОСПАР:
Кіріспе ............................................................................................................... 3
І. Айналымнан тыс активтер

1.1. Материалдық емес активтер есебі ........................................................... 5

1.2. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі .................... 17
ІІ. Негізгі құралдар

2.1. Негізгі құралдар есебі ............................................................................... 18

2.2. Негізгі құралдардың тозуының есебі ...................................................... 25

2.3. Инвестициялар есебі ................................................................................. 28


Қорытынды ........................................................................................................ 38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 40


Кіріспе


Осы курстық жұмыстың тақырыбы “Айналымнан тыс активтер” болып табылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 18.09.2002 ж. №438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шотының І-бөлімі «Айналымнан тыс активтер» деп аталады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста «Айналымнан тыс активтер» бөліміне жататын келесідей мәселелер қарастырылды: бірінші бөлімінде «Материалдық емес активтер» және «Материалдық емес активтердің амортизациясы», екінші бөлімінде «Негізгі құралдар», «Негізгі құралдардың тозуы» және «Инвестициялар».

«Материалдық емес активтер» бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорыын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады.

Ұтымды пайдалану мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу нормасы он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып белгіленеді.

Баланстың «Материалдық емес активтер» бабын қалдық құнымен толтыру үшін 101–“Лицензиялық келісімдер“, 102–“Бағдарламалық қамтамасыз ету”, 103–“Патенттер“, 104-“Ұйымдастыру шығындары“, 105–“Гудвилл“, 106–“Басқалар“ және 112–“Материалдық емес активтердің амортизациясы–бағдарламалық қамтамасыз ету“, 115–“Материалдық емес активтердің амортизациясы–гудвилл“, 116–“Материалдық емес активтердің амортизациясы–басқалар“ деген жинақтамалы шоттардың ақпараттарын қолдану қажет .

“Негізгі құралдар” бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе запастағы негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетілед. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорыннң меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны және тозуы және қалдық құны жеке–жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіруқұнына дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағалағаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады (яғни қалпына келтіру құны баланстық құнға айналады).

Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі.Сонымен, баланстық “Негізгі құралдар“-ды толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет:

121–“Жер”, 112-“Үйлер мен ғимараттар”, 123–“Машиналар мен жабдықтар, беріліс құрылғылар”, 124–“Көлік құралдары”, 125–“Басқалар“, 126–“Аяқталмаған құрылыс”, 131-“Үйлер мен ғимараттардың тозуы”, 132–“Машиналар мен жабдықтардың, беріліс құрылғылардың тозуы“, 133–“Көлік құралдарының тозуы“, 134–“Басқалардың тозуы“.

Ұзақ мерзімді инвестициялар бөлімі бойынша баланста кәсіпорының ұзақ мерзімді инвестициялары, басқа кәсіпорындардың активтеріне (бағалы қағаздар–акцилар, облигациялар) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына салымдар, сондай–ақ кәсіпорнның басқа кәсіпорындарға берген қарыздары көрініс табады. Баланстың “ұзақ мерзімді инвестициялар” деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараттары қолданылады: 141–“Еншілес серіктестіктерге инвестициялар”, 142 – “Тәуелді серіктестіктерге инвестициялар”, 143 – “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар”, 144 – “Басқалар“.



І. Айналымнан тыс активтер

1.1. Материалдық емес активтердің есебі

38 «Материалдық емес активтер» ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына) және 28 «Материалдық емес активтер есебі» БЕС (бухгалтерлік есеп стандарттары) сәйкес материалды емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа субъектілергі жалға беруде, өндірісте және тауарларды өткізуе ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:

а) анықтауға болады;

ә) субъект бақылайды;

б) қолданудан субъект болашақта пайда алуды күтеді.

Материалдық емес бап материалдық емес актив болып саналады, егер:

а) материалдық актив анықтамаларына сәйкес келсе;

ә) белгі - өлшемдерге сай келеді және мынадай жағдайда есепте тіркеледі:

– субъектінің осы активке тікелей байланысты күтілетін экономикалық пайда алу ықтималдығы жоғары болса;


  • актив құнын күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;

  • материалдық емес активтерді тану сәтінде олардың бастапқы құн бойынша бағаланғанында.

Материалдық емес активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және т.б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.

Материалдық емес активтер есебі келесілерді қарастырады:

а) Материалдық емес активтерді жіктеу

Ұйымның материалдық емес активтерін қабылдау – тапсыруды құжатпен рәсімдеу үшін материалдық емес актив түрінің толық атауы, оның ұйымға берілген ай-күні, жылы (ұйымда жасалған ай-күні, жылы), объектінің сипаттамасығ оның құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мағлұматтар көрсетілуі тиіс.

Материалдық емес актив объектілерін қабылдауды рәсімдегенде акт материалды емес актив объектісінің әрбір объектісіне бір данадан жасалады. Материалды емес активтердің бірнеше біртектес объектілерін қабылдауды рәсімдейтін жалпы акт жасауға болады. Акт рәсімделгеннен кейін материалдық емес актив объектісін немесе оны қолдануды жүйелеп баяндайтын құжаттама немесе осы объектіге қатысты ұйымның сондай және тағы басқа мүліктік құқықтарын растайтын құжаттар тіркеліп, ұйымның бухгалтериясына беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға бекітеді. Басқа ұйымға материалдық емес активтерді бергенде (сатқанда) акт екі дана болып жасалады, тапсыратын ұйым және материалдық емес активтер есебі карточкасында тиісті жазба жасалады.

Ұйым пайдалануына түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерінің есебі үшін қолданылады. Материалдық емес актив обьектілеріне жатқызу тәртібі мен олардың құралы заңдармен және нормативті актілермен реттеледі.

Бухгалтерияда әрбір объектіге карточка жүргізіледі. Форма кіріске алынуға арналған құжат, материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру және басқа құжаттама негізінде бір дана болып толтырылады. 8 графада бастапқы құжат пен пайдалы қызмет ету мерзіміне негізделіп есептелген мөлшер (норма) бойынша ай сайын есептелетін амортизация сомасы көрсетіледі. «Материалдық емес актив объектілерінің қысқаша сипаттамасы» бөлігінде тек қана актив объектінің көрсеткіштері жазылады,ұйымда бар осы объектіге арналған техникалық құжаттама мәліметтерін көшіруге болмайды.


Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2004 ж. 19 наурыздағы №128 бұйрығымен бекітілген

Типтік форма №НМА-1




Кодтар









ОКУД бойынша формасы

ОКПО бойынша

Ұйым ____________________ СТТН


Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру

АКТІСІ №______



Жасалған ай-күні,

жылы


Операция түрінің коды

Дебет

Кредит








шот

субшот

шот

субшот


















Материалдық емес активтер түрі _________________________________________________

Қысқаша сипаттама ____________________________________________________________

Беретін жақ ___________________________________________________________________

Алатын жақ ___________________________________________________________________


Алынған

Ай-күн, жылы



Материалдық емес активтерді бағалау тәсілдері

Материалдық емес активтердің бастапқы құны

Пайдалы қызмет ету мерзімі

___20__ж.

дейін__20__ж.


Амортизация нормасы, %

Амортизация сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6





































Беруге негіздеме:

Бұйрық (өкім) негізінде «_______»______________________________20_____ж. №_____

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Материалдық емес активтерді ___________ ___________ ___________________

қабылдадым: қызметі қолы қойылған қолды анықтау

МП


Өткізді: __________ ____________ ___________________

қызметі қолы қойылған қолды анықтау

Бас бухгалтер ____________ ___________________



қолы қойылған қолды анықтау
«________»_________________ 20_____ж.

Материалдық емес активтерді мынандай түрлерге бөліп, жіктеуге болады:



  • лицензиялық келісімдер – кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға және т.б.) беретін құқытар;

  • бағдарламамен қамтамасыз ету, ол әлде сатып алынады, не болмаса субъектінің өзі жасайды және сыртқы немесе ішкі мақсаттарға арналады;

  • патенттер – заңды түрде танылған және тіркелген айрықша құқықтар. Патент белгілі бір өнімді шығаруға, не болмаса арнайы ерекше процесс пен технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді;

  • ұйымдастыру шығындары (қалдырылған шығындар) – субъект шеккен шығындар, олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар болашақ кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты шығындар, ұзақ мерзімді алдын ала төлеу – бірнеше жыл бұрын аванс болып төленетін) сақтандыру;

  • гудвилл – субъектінің жағымды сипаттамасына байланысты сатып алуышының сауда сәтінде пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік балансында сатылым (субъектінің тұтастай алғандағы құны) мен таза активтердің жеке-жеке нарықтық құн сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Есеп мақсаттары үшін гудвилл фирманың алған нақты бағасы мен таза активтердің сәйкес теңестірілген әділ нарықтық бағасы арасындағы айырма ретінде қарастырылады. Таза капитал: «капитал минус міндеттемемлер» болып анықталады;

  • басқадай (авторлық құқықтар – шығарма, әзірлеме және т.б. авторларға заңмен берілетін қорғау формалары, сауда маркалары немесе тауарлық белгілер – ұйымдарға, өнімге (көрсетілген қызметке) берілген, атаулар, рәміздер немесе сәйкестендіруді білдіретін басқалары); франшизалар – мемлекеттік меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе коммуналдық қызмет көрсету және т.б. үшін үкіметтік органдар береді.

ә) Материалдық емес активтердің түсуі мен құрылуын есептеу

Материалдық емес активтер мыналардың нәтижесінде алынады:



  • сатып алулар

Мысалы: Бағдарламалық қамтамасыз ету алынды:

а) нақты өзіндік құнағ:

102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті

671 «Төленетін шоттар» шот кредиті 60 000;

ә) ҚҚС сомасына:

331 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті;

671 «Төленетін шоттар» шот кредиті (15%) 9 000;

б) объектіні дайын жағдайға дейін жеткізу бойынша шыққан шығындар сомасына:

102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті;

681 «Қызметкерлердің қызметін өтеу бойынша есеп айырысулар», 635 «Әлеуметтік салық», 687 «Басқадай кредиторлық берешек» 8 000;



  • жарғы капиталына салымдар – материалдық емес активтер

тараптардың шартпен белгіленген бағасы бойынша есепте көрсетіледі:

  1. Жарияланған капитал сомасына:

511 «Төленбеген капитал» шот дебеті

501 «Жай акциялар» шот кредиті, 502 «Артықшылықты акциялар», 503 «Жарғы капиталына салымдар мен пайлар» 1 000 000.

2. Жарғыда көрсетілген, салынған материалдық емес активтердің келісімшарттық құны:

101-103 «Материалдық емес активтер» шот дебеті

511 «Төленбеген капитал» шот кредиті 400 000;


  • кәсіпорындардың бірігуі нәтижесінде ие болу – материалдық емес акивтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады, егер оны күмәнсіз сенімділікпен бағалау мүмкін болмаса, онда актив жеке материалдық емес актив болып танылмайды, алайда гудвиллге (фирманың іскерлік беделінің бағасы) енеді; өйткені жақсы іскерлік бедел, қолайлы мекен-тұрақ бар, тауар нарықта жақсы белгіленген бағасы бар және т.б.

Мысалы: 8 000 000 теңгеге ұйым сатып алынды, активтің өзіндік құны 6 000 000 теңге.

  1. Активтің нақты құны сомасы:

687 «Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті

441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті 6 000 000.

2. Гудвилл сомасына:

105 «Гудвилл» шот дебеті

441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті

3. Қосылған кезде: 2 000 000.

Барлық активтердің дебеті

687 «Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті 6 000 000.

Сатып алынған таза активтердің әділ құны фирманың сатылым бағасы мен алынған активтердің әділетті құн арасындағы есептелетін теріс айырма болып табылады және теріс гудвилл (бэдвил) деп аталады. Кез келген теріс гудвилл фирма алған активтердің құндылықтарын азайту үшін пропоционалды бөлінуге тиіс. Мұндай жағдайда теріс гудвиллді болдырмау үшін материалдық активтердің құныдылығын азайту қажет:


  • мемлекеттік жәрдем ақша (субсидиялар) есебінен шығындардың

нақты сомасына (бағдарламамен қамтамасыз ету):

102 «Бағдарламаны қамтамасыз ету» шот дебеті

726 «Билікті атқарушы органдардың жәрдем ақшалары (субсидиялары)» шот кредиті.

Есепті жыл соңында кірістер жиынтық табысты арттыру үшін есептен шығарылады: 726 «Билікті атқарушы органдарының жәрдем ақшалары (субсидиялар)» шот дебеті

571 «Жиынтық табыс» шот кредиті;


  • айырбас – ұқсас емес активке айырбастау нәтижесінде алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны алынған немесе төленген ақшалай қаражат сомасына түзетілген, айырбасқа алынған активтің өткізу құны бойынша мойындалып, танылады.

Тауарлық белгі алынды:

а) келісімшарттық құнға :

106 «Басқадай материалдық емес активтер» шот дебеті

671 «Төленуге тиіс шоттар» шот кредиті 100 000;

ә) ҚҚС сомасына:

331 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті

671 «Төленуге тиіс шоттар» шот кредиті 16 000.

Айырбасқа берілген бағдарламамен қамтамасыз етудің нақты өзіндік құны есептен шығарылды:

841 «Материалдық емес активтердің істен шығуы бойынша шығындар» шот дебеті

102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот кредиті 60 000.

Сатып алушыға шот ұсынылады:

а) берілген бағдарламамен қамтамасыз етудің келісімшарттық құнына:

301 «Алуға арналған шоттар» шот дебеті

721 «Материалдық емес активтердің істен шығуынан түскен кіріс» шот кредиті 80 000;

ә) Келісімшарттық құнының 15% ҚҚС сомасына:

301 «Алуға арналған шоттар» шот дебеті

633 «ҚҚС» шот кредиті 12 000.

Айырма сомасы аударылды:

671 «Төленуге тиіс шоттар» шот дебеті

441 «Ағымдағы шоттағы ақша» шот кредиті 24 000.

Өзара талаптарды қоса есептеу жүргізілді:

671 «Төленуге тиіс шоттар» шот дебеті

301 «Алуға арналған шоттар» шот кредиті 92 000.

Ұқсас материалдық емес активке айырбастау нәтижесінде алынған материалдық емес активтің бастапқы құны айырбас активінің баланстық құны бойынша танылады және табыс әкелмейтін мәміле болып саналады:

102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот кредиті;

102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот кредиті;



  • құру – субъектінің өзі жасаған материалдық емес активтердің

бастапқы құны іс жүзіндегі нақты тікелей және қосымша шығындар сомасы бойынша танылады, олар материалдық емес баптардың сәйкес келген сәтінен бастап шеккендерін белгілеу бойынша қолдануға арналған активті жасау мен әзірлеу үшін байыпты, ақылға қонарлық негізде таратылуы мүмкін.

Материалдық емес активтерді құрған кезде барлық жұмыстар зерттеулер мен әзірлемелер сатыларынан құралады.



Зерттеулер сатысы – жаңа ғылыми немесе техникалық білім үшін әректтенген, талап қуып, алдын-ала қам жасаған, жоспарланған ізденістер. Бұл сатыға мыналар жатады: жаңа білім алуға бағытталған зертханалық зерттеулер жаңа зерттеу олжасын немесе басқа білімді іздеу; болашақ өнім немесе өндірістік нұсқаларды жасау мен ұғымын тұжырымдау. Зерттеу сатысында субъект болашақта экономикалық пайда әкелетеін материалдық емес активтер бар екендігін айқара ашық көрсете алмайды, сондықтан мұндай шығындар кезеңнің шығындары болып танылады.

Зерттеу сатысындағы шығындар қалай көрсетілгенін қарастырайық: зерттеу жұмыстарына шығындар шықты (қызметкерлерге еңбекақы есептелді еңбекті өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымы және басқа шығындар жасалды):

821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті, 811 «Өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізу бойынша шығындар» шоттарының дебеті

681 «Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысулар», 635 «Әлеуметтік салық», 687 «Басқадай кредиторлық берешек» әртүрлі шоттардың кредиті 7000,0.



Әзірлеме сатысы – ғылыми-зерттеу ізденістерінің немесе басқа ілімдерінің нәтижелерін жаңа немесе түпкілікті жетілдірілген процесстерді, материалдарды, өнімдерді, жүйелерді және көрсетілген қызметтерді жоспарлауға немесе әзірлеуге ауыстырып, көшіру. Бұл сатыға мыналар жатады: тәжірибелік үлгілер мен модельдерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу, жаңа технологиямен құрал-аспаптарды, қалыптарды (шаблондарды), пішіндер (формалар) мен штамптарды жобалау; коммерциялық өндіріс үшін экономикалық қондырғыларды жоболау мен пайдалану; таңдалған баламалы материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, процесстерді, жүйелерді немесе көрсетілген қызметтерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу.

Субъект кейбір жағдайларда әзірлеме сатысында материалдық емес активтерді үйлестіріп, бұл активтің болашақта экономикалық пайда әкелуі ықтимал екендігін жариялап көрсете алады. Мысалы, фирманың экономикалық пайда алуы мақсатымен қайта жарақтауын көздейтін бизнес-жоспар жасалады.

Әзірлеме сатысындағы материалдық емес бапты құрған кезде шығындар былайша көрсетіледі:


  • материалдық емес активті жасауға шығындар болды:

а) өндіріске материалдар босатылады.

901, 921 «Материалдар» дебеті

201-206, 208 «Материалдар» кредиті

ә) Қызметкерлерге еңбекақы есептелді

902, 922 «Өндірістік жұмысшылардың еңбегін өтеу» дебеті

681 «Еңбекті өтеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысулар» кредиті

б) еңбекті өтеу жөніндегі аударымдар сомасына

903, 923 « Еңбекті өтеу төлемімен ақша аударулар» дебеті

635 «Әлеуметтік салық» кредиті

Орындалған жұмысты өзіндік құны есептеліп шығарылады:

900 «Негізгі өндіріс», 920 «Қосалқы өндіріс» шоттарының дебеті

901 (921) 902 (922) 903 (923) кредиті 6000,0;

– материалдық емес бапты мойындап, тану сәтіне дейін жасалған шығындар бітпеген құрылыс ретінде көрсетіледі:

126 «Бітпеген құрылыс» шот дебеті

900 «Негізгі өндіріс»,920 «Қосалқы өндіріс» шоттарының кредиті 6000,0;

– материалдық емес актвитер мойындатылып белгі өлшемдер мен анықтамалрға сай деп тану сәтіне дейін:

106 «Басқадай материалдық емес актитер» шот дебеті

126 «Бітпеген құрылыс» шот кредиті 6000,0.



1.2. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі

Материалдық емес активтердің амортизациясы (мүліктің ұсталлу, тозу дәрежесніе қарай құнын бірте-бірте төмендету) субъектінің қызмет ету мерзімінен артпайды. Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді түрде бөлінеді.

Амортизацияланатын құн – «бастапқы құн минус жойылу құны» болап айқынадалады.

Жойылу құны нөлге тең есептеледі, егер:



  1. Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші

жақтың келісімі болмаса.

  1. Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін

белсенді нарық болмаса:

а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына.

ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.

Нарық белсенді деп саналады, егер:



  • нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);

  • мәмілеге келуге ниетті – сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатын болса;

  • сатып алынатын және сатылатын тауарлар халыққа қолайлы, арзан бағаларда болса.

Материалдық емес амортизацияны есептегенде оларды қолдану орнына байланысты мынандай бухгалтерлік жазбалар жасалады:

938 «Материалдық емес активтердің амортизациясы», 811 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу бойынша шығындар», 821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шоттарының дебеті.

111-116 «Материалдық емес активтердің тозуы» шоттарының кредиті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет