Жоспар; Өмірбаян Әл Фарабидың рухани мұрасы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер



бет3/4
Дата02.01.2022
өлшемі39.26 Kb.
#452798
1   2   3   4
Документ Microsoft

Қорытынды



Фараби өмір сүрген дәуір терең тарихы, төлтума мәдениеті, озық дәстүрі бар түркі даласына ислам дінінің дендей еніп, түркі, араб, парсы мәдениетінің тоғысуы басталған күрделі кезең еді. Саналы ғұмырын ғылым-білім жолындағы ізденіске арнаған Фарабидің өмірлік ұстанымының қалыптасуына аталмыш факторлардың әсері үлкен болғаны анық.
Мұсылман әлемінің сол кезеңдегі аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары Бағдат, Шам, Мысыр елдеріне сапар шеккен жас Фараби араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік меңгеріп, сан-сала ғылымға бой ұрады. Өз дәуірінің атақты ойшыл ғалымдарымен, өнер иелерімен, сөз зергерлерімен сұхбаттас болған Фараби сол кезең ғылымындағы күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелерді тап басып танып, ізденісін осы арнаға бағыттайды. Философия, логика, психология, этика, математика, астрономия, тіл білімі, эстетика, социология, поэтика салаларына арналған 150-ге жуық трактат қалдырған энциклопедист-ғалымның өз зерттеулерінің үлкен бөлігін Аристотель еңбектерін түсіндіруге арнауы – дәуір сұранысынан туған ізденістер еді. Көрнекті шығыстанушы Е.Э.Бертельс бұл туралы: “Аристотельдің араб тіліндегі алғашқы аудармалары мінсіз деуге келіңкіремейтін. Ғылыми терминологияның қалыптаспағандығы аудармашылар жұмысына едәуір бөгет жасады. Мәтінді игере алмағандықтан олар көбіне грек тіліндегі түпнұсқаның синтаксистік құрылымын сақтауға тырысып, аударманы араб оқырманы мүлде түсінбейтін жағдайға жеткізді. Тек Фараби еңбектері ғана көне дәуір дүниелерін дұрыс түсінуге мүмкіндік берді. Ғалым Аристотельдің “Категориялар”, “Герменевтика”, “Бірінші және екінші Аналитика”, “Топика”, “Риторика”, “Софистика”, “Поэтика” секілді еңбектеріне түсіндірме жасады. Осы еңбектері әл-Фарабиді “Екінші ұстаз” атандырды” деп жазады.

Қорыта келе бұл мақала ұлы ойшыл, ортағасырлық шығыс философиясының ірі өкілдерінің бірі, ғалым-энциклопедист Әл-Фарабиға 1150 жылдығына орай арналған. Әлем мұрағаттары мен кітапханаларында сақталған Фараби мұрасын жинап, жүйелеп, зерттеп, ұлт мүддесі үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жасалған «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберіндегі шығыстың ғұлама ойшылы Әл-Фарабидің 10 томдық еңбектері, ғылыми трактаттары және кітапхана қорындағы философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияға байланысты 193 дана кітапты оқырмандар назарына ұсынылды. Ұлы ойшылдың кейбір идеялары келешек ұрпақтарға арнап айтылғандай терең қасиетті мағынаға ие, қазіргі адамзаттың өмір шындығына сәйкес келеді. Әл-Фараби қоғамның көптеген салаларында және адамзат білімінде көптеген іргелі проблемалар туралы айтқан әмбебап ойшыл болды. Бүгінгі күні әлемде орын алып жатқан жаһандық келіспеушіліктерге байланысты «Тек кемел ақыл-ой, адамдар арасындағы жанжалдың (соғыстың) мағынасыздығын көрсетеді» және олар «ең жоғарғы жақсылыққа» жету үшін «келісімге келуі керек» деген пайғамбарлық тұжырымдарды иеленеді. Әл-Фарабидің еңбектеріндегі көрегендігі қазіргі таңдағы терең тұжырымдамалық маңыздарды растайды. Сондықтан ол әлемдік өркениет пен мәдениеттің тарихында терең із қалдырған ойшылдардың арасында лайықты орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет