Тәрбиенің әдіснамасы дегеніміз — тәрбиенің
тарихилығының айқындалуы, мақсаты, міндетіне, әдіс —
тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра білу, бірізді,
сабақтастықта ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени
дәстүрлер тәрбие үдерісіне жаңашыл көзқарастармен
теориялық тұрғыда енгізе отырып, тұлға бойындағы ізгілік
қасиеттерді оның іс – әрекеті, қарым — қатынас, мінез –
құлқында көрініс табуы. Тұлғаның қоғамға бейімделуі,
әлеуметтенуі, ұлы дала елінің мәңгілік ел идеясы негізінде
еліміз әлемдік деңгейде білім кеңістігіне кіріктірілуі,
тұлғаның бойындағы ұлттық құндылықтарды, ұлттық
сананы, танымын қалыптастыру болып табылады.