Жоспары: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет4/6
Дата18.04.2024
өлшемі50.34 Kb.
#499121
1   2   3   4   5   6
РЕФЕРАТ

2.3 «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауымен сөз сөйледі. Ол «Қазақстан – 2050» ауқымды Стратегиясының нәтижелерін концептуалды талдауға арналған еді. Елбасы мемлекетіміздегі негізгі салаларды үдемелі дамыту қағидаттарын тұжырымдады. Жолдауда Президент жүзеге асып жатқан реформалар мен әлеуметтік-саяси жобалар арқасында еліміздің саяси беделі нығайып жатқанын атап өтті.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы көрсетілген барлық тапсырмаларды Елбасы рухани саланың жандандыру қажеттілігімен нығайтады. 22 жыл бойғы егеменді дамудағы Қазақстандық жол тәжірибесі негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағаның негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды.
Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық қауіпсіздігі болып табылады. Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып,елін нығайта түсті. Бұл құндылықтар Қазақстанның халқын біріктірген және жаңа жетістіктерге ынталандыратын Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізінен құралады

2.4 Ұлттық сана


Егерде ұлттық санаға келетін болсақ, біз бірінші кезекте оған-идеологияны, психологияны, менталитетті, патриотизмді, тәрбиені жатқызамыз. Қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болып, көшпенді өмір салтымен өмір сүргенде, онда негізінен рулық сана басым болды. Сол кезде қазақ қоғамының өмір салты соған беймделген болатын және ол кездегі адамдар аталас, рулас болып топтасып өмір сүрді. Бұл үрдіс Ресейге отар болғаннан кейін де өзінің жалғасын тапты. Тек жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде большевиктердің қазақтарды күштеп ұжымшар, кеңшарларға орналастыруына байланысты және тоталитарлық жүйенің интернационалдық идеологиясының салдарынан рулық сана әлсіреп, космополиттік сана күш ала бастады. Қазіргі кезде қоғамымызда идеология жөнінде сөз бола қалса адамдардың санасына Кеңес одағы кезіндегі комунисттік идеология елестейді. Ол идеология бір жақты, таптық мақсатқа бейімделген идеология болатын. Оны Кеңес одағының коммунистік партиясы орыстардың ұлы державалық, шовинисттік саясатының ықпалын дүние жүзіне тарату үшін пайдаланды. Сонымен қатар олардың мақсаты Кеңес одағында тұратын басқа ұлт өкілдерін орыстандыру үшін оларды «советтік өмір салтымен» өмір сүруге, яғни орыс тілінде сөйлеп, орыстардың мәдениетін қабылдап, солардың салт-дәстүрімен өмір сүруге мәжбүрлеу болатын. Жетпіс жылдың үстінде тоталитарлық биліктің жүргізген саясатының салдарынан адамдардың психологиясы өзгеріп, көп адамдар демократиялық принциппен өмір сүруге болатынына сенімсіздікпен қарады. Оның үстіне қазақ халқының санасында феодалдық-патриархалдық дәуірден қалған, шығыс халқына тән менталитет те бар болатын. Ол менталитеттің негізгі сипаты – әлеуметтік өмірдегі енжарлық, қоғамдық өмірдегі самарқаулық және жай халық билікке қарсы келмей, шенеуніктердің заңсыз әрекетіне төзімділік көрсетіп, олардың айтқанын екі етпей орындауға тиіс деген түсінік. Қазақ халқының осындай көнбістік менталитетін пайдаланып, қазіргі шенеуніктер өз міндеттеріне жауапсыздықпен қарап, көбіне өзінен жоғары басшыларға қайткенде жағынудың қамын ойлап, халыққа ойына келгенін істеуде. Сонымен қатар қазақтар қоғамдық- экономикалық формацияның капиталисттік сатысынан өтпегендіктен олардың санасында бұрынғы рулық қауымдағы ағайыншылдық, туысқандық психология әлі сақталған. Сондықтан қоғам ішінде заңдардың орындалмауы, әділеттіктің болмауы салдарынан адамдар билікке сенімсіздікпен қарап, көбіне өз шаруаларын тез шешу үшін қайткенде шенеуніктерге пара берудің жолын қарастырады. Осыдан кейін қоғам ішінде заңсыздық пайда болып, адамдардың Отанына деген патриоттық сезімі әлсіреп, әркім өзінің жеке басының мүддесін қоғамдық мүддеден жоғары қоятын болады. Мұның бәрі халықтың ұлттық санасының қалыптасуына зиянын тигізіп, ұлттық идеологиямызды жасауға кедергі келтіруде. Халықтың басын біріктіретін ұлттық идеяны қалыптастыру үшін біз тәрбие жұмысына баса назар аударуымыз қажет. Тәрбие дегенде бұрынғы кеңес одағы кезіндегі интернационалдық идеологиядағы тәрбие емес, әр халықтың ғасырлар бойы тарихи қалыптасқан өзінің ұлттық болмысына, психологиясына, менталитетіне жақын, күнделікті өмір салтында толық көрініс табатын, ұлттық тәрбие болуы керек.
Қазақстан халықтары ұлттық сана-сезімінің өсуін талдамас бұрын әуелі ұлттық сана дегеніміздің өзін түсініп алғаны жөн. Ұлттық сана -ұлттар мен ұлыстардың рухани дамуының мәнін, деңгейі мен ерекшеліктерін айқындайтын әлеуметтік, саяси, экономикалық, эстетикалық, философиялық, діни және өзге де көзқарастар жиынтығы. Мейлі, қазақ немесе басқа ұлт болсын ұлттық сананы олардың жекелеген өкілдері туғызбайды, оДемек, Қазақстан халқының ұлттық сана-сезімі — олардың ұлттық санасының өзегі мен негізгі құрамдас бөлігі. Ол — республиканың нақты халқын, оның өткенін, бүгінгісі мен болашағын, басқа халықтар арасындагы орны мен ролін өзіне арқау етіп алады. Мысалы, қазақ халқының ұлттық сана-сезімінде негізінен оның өзге ұлттық қауымдастыктарға қатынасы «өзінікі» және «өзгенікі» дегеннің ортақтығы мен айырмашылығы сипатын түйсінуі болмақшы. Осыған байланысты оның ұлттық сана-сезімінде мәселенің дұрыс немесе теріс көрініс табуы да мүмкін. Сондықтан ұлтшылдық және шовинистік сезімдсрден ада, шынайы интернационалистік сана-сезім ғана халықтың шынайы ұлттық мүддесін бейнелей алады.
Қазақстан халықтарының ұлттық сана-сезімі жедел дамумен қатар уақыт ағымына қарай өзгеріп те отырады. Ұлттық сана-сезім бұл, сайып келгенде, халықтың өзінің қадір-қасиетін танып-білу, өзі турасындағы ұғымдар жүйесі деген сөз. Қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімінің белгілі бір құрылымдық белгілеріне ұлттық тегін тануын, озық дәстүрлеріне ұлттық мактанышын, республика мен адамзат прогресінің дамуына қосқан үлесін, этникалық санасьн, аумақ, мәдениет, тіл, тарихи өткен кезеңі, ұлттық мүдцелсрі туралы түсінігін, өзге халықтарға көзқарасын жатқызар едік.
Осылайша, ұлттық сана-сезім бұл адамдар қауымдастығы ретіндегі халықтың өзінің өткені мен қазіргісін, даму деңгейін, қоғам прогресіндегі орны мен ролін, бостандық дәрежесін, адамгершілік келбетін, мұраттарын сезініп, экономикалық өмір, аумақтық байланыстар, мәдениет, тіл, психикалық болмыс арқылы ұштасып жататын әлсуметтік іс-қимыл субъектісі ретіндегі өз мәнін танып-бағалауы болып табылады..
Республиканың кез келген халқының оның санының аз-көптігіне қарамастан, өздеріне тән құндылықтары, өз тарихы бар. Әрбір адамның өз тарихын, өз халқының салт-дәстүрлерін мақтан тұтуы табиғи нәрсе. Сондықтан уақыт пен ұлтаралық қарым-қатынастардың табиғи үдерісін айналып өтіп, қазақстандықтардың санасын жедел түрде «интернационалдандыруға» ұмтылу үлкен қателік болар сді. Әрі «интернационалдандыру» ұлттық ерекшеліктерді жоққа шығару, барлық мәселеге біржақты қарау тұрғысынан түсініліп келгенін де ескеруіміз керек.
Ұлттық сананың қалыптасуына және оның дамуына екі тұрғыдан қарауға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет