Жоспары: І. Негізгі бөлім абай және бердақ ДӘуірлері бердақТЫҢ «АҚымақ патша» дастаны жайлы



бет2/2
Дата20.05.2022
өлшемі71.13 Kb.
#458337
түріПоэма
1   2
БЕРДАҚ ПЕН АБАЙ

_зімді _зім зор ттып,
_згертпек едім заманды, –дейтін өршілдік əрекетінен де көруге болады. Абай өзі негізін салып қалыптастырған толық адам ілімін осы мақсат тұрғысынан өзінің идеялық күрес құралына айналдырғаны оның шығармалар желісінде осы гуманистік идеяны молынан насихаттап, жүйелі түрде қызу таратып жатуында көп мəселенің астарлы сырлары жатыр. Өйткені Абай туындыларында жиі ұшырасатын «пенде адам, жарым адам, толық адам, суық ақыл, нұрлы ақыл, хауас, үш сүю, пенделіктің кəмалаттығы, инсанияттың кəмалаттығы, кəмалат ғазамат» деп аталатын терминдік мағынасы терең ұғымдардың бəрі де тікелей кейде жанама түрде толық адам ілімімен сабақтасып ұштасып жатуы жəй нəрсе емес. Өйткені бұларды жете танып, зерттей отырып танып білмесең, толық адам ұғымының табиғатын жете меңгеруге мүмкіндік бола бермейді.
Абай мұрасын - жалпы ат үсті шолу арқылы емес, керісінше, азабы ауыр, зор көлемдегі картотекалық жұмыстар жүргізу арқылы Абайдың ақындық тіл қорындағы қолданысқа түскен көркем сөз элементтерін, ғылыми тұрғыдан белгілі бір жүйеге түсіріп, талдау арқылы шешеді. Не себепті Абайды қазақ əдебиетінін классигі, əдеби тілдің негізін салып, жаңа реалистік бағытта дамытушы ақын деген сұраққа осы еңбекте талданып жүйеленген ақындық тілдің табиғатын тыңғылықты түрде танып білу арқылы жауап берілген.
Абай дүниетанымының қалыптасуында ақын лирикасының нəр алған рухани көздерін танып, білу терең мəнге ие. Бұл аса күрделі мəселені абайтану тарихында өткен ғасырдың отызыншы жылдары М. Əуезов көтеріп алғаш рет пікір білдірген-ді. Бұл айрықша мəні бар күрделі де аса жауапты тақырыпқа М. Əуезов алдын ала ғылыми даярлықтан өтіп барып келді. Орта Азия мемлекеттік университетінің түркология кафедрасында аспирантураны бітіріп, 1930 жылы шығыс классиктерін түпнұсқадан оқып, шағатай əдебиетін де терең меңгеріп, Европа əдебиетін орыс тілі арқылы еркін танып мол даярлықпен келген кезең болатын.
«...Абайда Батыстан кірген белгіден гөрі Шығыс белгісі басымырақ, нығырақ. Батысқа келгенде ол арқасын шығысқа, ақылмен қорытып алған мұсылмандыққа нық тіреп алып келеді». дейтін терең ғылыми ой байламын береді. М. Əуезовтың танымында Абай дүниетанымын қалыптастыруда оның нəр алған рухани қазына көздері ретінде қарауы себепті «... ақынның өз халқынан жəне адам баласының өнер-ой байлығынан алған үш үлкен саласы, түп төркіні барын байқаймыз», - деп көрсеткен болатын. Олар:
а) Қазақ елінің рухани ой-қазынасы
ə) Мұсылмандық шығыстың рухани ой əлемі
б) Батыстық классикалық əдеби мəдени əлемі
Осылайша ғылыми тұрғыдан сарапталған ой байламдары 1938 жыл мен 1961 жылдар аралығында табиғи бастапқы қалпы бұзылып өзгеріске түсті. Оның себебі 1938 жылы Орталық комитеттің барлық жерде орыс тілін міндетті түрде оқыту қаулысы мен 1945 жылы соғыс аяқталуына байланысты И. Сталиннің орыс халқының рөлі туралы сөз сөйлеуі жəне Орталық комитеттің 1949 жылы космополитизм туралы саяси-идеологиялық мақсат көздеген қаулысына байланысты болатын. Кеңестік тоталитарлық идеологияның саяси-идеологиялық талабы қоғамдық ғылымдар мен əдебиет, өнер саласында батыс пен шығысқа бас июшілерді яғни космополиттерді талқандау науқаны қатты қарқынмен жүргізілді.
Барлық Одақтас республикаларда мыңдаған көрнекті əдебиет пен өнер қайраткерлері жазаланып, қуғындалып жатты. Мəскеуде самал соқса, Қазақстанда дауыл боп соғатын əдет бойынша мұсылмандық шығысқа, оның əдебиеті мен тарихына байланысты жазылған мақала, зерттеу жұмыстары мен, тіпті, солар жайында жанама пікір айтушылар да аяусыз жазаланып қуғындауға ұшырады. Мысалы Қазақстанда Абай мұрасының шығысқа қатысы жайында пікір айтқан əдебиет қайраткерлерінің басына əңгіртаяқ ойнай бастады. Əдебиеттегі қатаң сынның қаспағына алдымен М. Əуезовтың Абай мұрасының нəр алған рухани қазынасы жайында айтылған ғылыми-теориялық ой-байламдарының тірегіне айналған «...Абайда Батыстан кірген белгіден гөрі шығыс белгісі басымырақ, нығырақ. Батысқа келгенде ол арқасын Шығысқа, ақылмен қорытып алған мұсылмандыққа нық тіреп алып келеді», - деген ғылыми теориялық ой-пікіріне қатты шабуыл жасалынды. Осы кезден бастап абайтану саласында жазылған еңбектерде, ғылыми зерттеулік мақалаларда Абай мұрасының рухани нəр алған бір саласы яғни Абай мұрасының Шығысқа қатысы түгелдей терістеліп жатты. Мұны профессор Қ. Бейсембиевтің «Мировозрение Абая Кунанбаева» (1956 ж.) деп аталатын монографиясында ашық көрініс берді. Профессор Қ. Бейсембиев т. Абай мұрасының рухани нəр алған көздеріне Ресей мəдениетіне шешуші мəн берілуі де Абайдың шығыс пен туған елі ой-қазыналары мүлде атаусыз, дүниеде ондай құбылыс болмағандай қалып танытты.

2) БЕРДАҚТЫҢ «АҚЫМАҚ ПАТША» ДАСТАНЫ ЖАЙЛЫ


Бердак, яки жалпы қарақалпақ классикалық әдебиеті шығармаларының жанрлық өзгешеліктерін арнаулы сөз еткен еңбек қазірше жоқ. Сондықтан болу керек, мәселен, „Ақымақ патша“ 1930—40-жылдардан бері осы күнге дейін роман, поэма, дастан, қисса, тарихи жыр деп айтылып келе жатыр. Дегенменен бұл атамалардың, шығарманың шыққан дәуірін есапқа алып, оған әр тараптама әділ бақа айтуға келгенде, алжастыратыны даусыз. Сондықтан осы жерде оның тұрақты жанрлық өзгешелігін анықтау қажеттігі туады. Бірақ осы менен бірге мынаны да есапқа алу керек болады. XIX ғасыр қарақалпақ әдебиетінің ірі шығармасы „Ақмақ патша" ның жоқарыдағыдай көп түрлі атамалар менен тілге алынуының да себебі жоқ емес. Өйткені, бұл шығарманың формасы һәм мазмұнында романғада, поэмаға да, дастанға да ұқсас тараптарының бар екені рас. Бірақ шығарма түп негізінде өзінідік форма һәм мазмұны жағынан қайсы жанрға (формаға) толығырақ жауап береді, міне осы мәселені шешіу бізді көбірек қызыктырып отыр, 1940-жылдарда-ақ „Ақмақ патша“ „өлең менен жазылған роман“—деп аталған болса, қазіргі күндегі кейбір шығармалары да роман делінеді. Әдебиетші яки оқушы шығарманың кейбір белгілерін, яғни оннан алынған өзіндік тәсірін есепке ала отырып, қалаған шығарманы анық авторы белгіленген жанрынан басқаша атауы мүмкін. Бұндай атап өту менен мәселе шешілмейді, әлбетте. „Ақмақ патша“ өлең менен жазылған роман ба, яки ол дастан, поэма ма дәлел талап етіледі. Бірақ шығарма оқушылар массасы алдында оның авторы белгіленген жанрдан өзгеше форма яки бақаға ие бола алады. Мәселен, Гогольдік „Өлі жандар“ повесті поэма делінсе, Шолоховтын „Тыныш дон“ романы эпопея деген атқа ие болды. Әдебиет тарихында бұндай мысалдар көп.
„Ақмақ патша“ ның белгілі бір дәуірді, сол дәуірдегі социал һәм саяси ірі мәселерлерді сөз етуі жағынан романға ұқсас кейбір белгілері де бар. Әсіресе, бұл шығармада ақмақ монархтық тіптік образының жасалуы адамды өзіне тартады. Феодал-патриархал дәуірдің қатынастарында бас фигура болып есептелетін патша образының критикалық реал жол менен ашылуы „Ақмак патша“ны ұлы шығармалар қатарына косуға мүмкіншілік береді. Бірақ оқиғалардың баяндалуында романдық емес стиль (форма) басым. Шығармада сөз етілетұғын кейіпкерлердің (мейлі ұнамды, яки ұнамсыз болсын) әр қайсысы тосыннан болған ірі оқиғалардың куәсі болады. Сондықтан оның тәбиғатында адамдардың әдетте болатын терең тұрмыстық жеке әрекет-істері әр тараптама көрініп, онда оқиғалар үстемдік етеді. Мәселен, Ақмақтын патша болу оқиғасы, Гүлімнің үйіне патша жендеттерін бей мезгіл топылысы, патшаның Гүлімді зорлық пенен алуы, Гүлімнің ұл емес, кыз тууы һәм Зәріудің өмірінде кездестірген көп санды оқиғалары т. б. Бұл жағдай шығарманың даңқын еш төмендете алмайды.
Ежелгі гректердің тұрмысын сөз ететін оның эпикалық поэмалары менен сонғы инкивизациялы Европа халықтары тұрмысынан туған романдардың пайда болу себептерін һәм әр қандай жанр-форманың өз дәуірі үшін қажеттілігін Г. В. Белинскийдің тарихи жақтан обьектив бағалауы «Ақмақ патша»ның жанрлық өзгешелігін анықтауда да қолданба бола алады. „Романның сферасы эпикалық поэма сферасынан әлде кайда кең—дейді Г. В. Белинский,— Өзінің аты көрсетіп тұрғандай-ақ роман христиан халықтарының жаңа инкивизациясынан келіп шыққан бүкіл граждандық қатнастары, отбасылық һәм жалпы адамзаттық қатнастар шексіз шиленісіп һәм драмалық болып, тұрмыстың шексіз көп элементтері менен тереңдеп кеңейіп өскен бір дәуірде пайда болды... Жаңа халықтар тұрмысы ежелгі гректердің тұрмысына қарағанда өте бай һәм артықша мазмұнда. Гректердің тарихи тұрмысы бір оқиғада һәм бір поэмада сәулеленген (Өйткені, „Одиссея“ грек тұрмысының басқа тарапы суретлегені менен ол ақыйқатында „Илияда“ ның жалғасы). Оларда жаңа Гомер пайда болса да, оның поэмасы үшін Троя ұрысы сияқты басқа бір оқиға табылмас еді: ал табылды деп есептесекте, оның поэмасы „Илияда“ ның қайталануы болар еді, демек, еш кандай бақаға ие болмас еді. (Белиенский оқиғалардың бір тектес, қарапайым, мазмұны ұқсас, басқаша жазуға материял бере алмайтындығын назарда тұтады—М. А.) Мысалға крест ұрыстарын ал (енді сөз ағылшын елдер туралы баражатыр—М. А.), Вальтер Скотт сол дәуірге қатнасы бар төрт роман жазды (Граф Роберт Парижиский“, „Конетабель Честерский", „Талисмап", „Иваное“), егерде ол мың роман жазғанда да бұл оқиғаны толық жеткермеген болар еді. Бұдан тысқары, романда тағы бір үлкен арйымашлық бар: жеке тұрмыстын өзі оған мазмұн бола алады, ал грек эпопеясы үшін бұл мазмұн еш уақытта да мазмұн бола алмас еді. Ежелгі дүниеде қоғам, мемлекет, халық болған, бірақ индивидуал сыпатта адам ақиқат жасай алмады, сондықтан да гректердің эпопеяларында, сол сияқты олардың драмасында тек ғана халық өкілдері—жарым құдайлар, батырлар, патшалар орын алды‘“. Бердақтын „Ақмак патша“ сында да қоғам, мемлекет (патшалық), халық бар, бірақ индивидуал сыйпатта адам ақиқат жасай алмай жатырғаны көрінеді.
Ал роман үшін көбірек жеке адамның әр тараптама тұрмысы, оның ішкі һәм сыртқы дүниесінің байланысты типтік әрекетте сөз етіліуі анағұрлым қызық.
Ұлы критик ежелгі гректер һәм олардың әдеби жанрларының пайда болу себептері туралы айтқандарын XIX ғасырдағы біздің халқымыздың әдеби тұрмысындағы дастан (эпос) жанрының үстем болуы менен ұқсатып сөз еттік. Бірақ бұдан ертедегі гректердің тарихи қоғамдық тұрмысы өткен ғасырдағы біздің халқымыздың қоғамдық өзгешелігі менен тура келісе береді деген түсінік аңдалмасын. Олар өздерінін тарихи спенификалық күн кешіріу дәрежесі һәм мүмкіншіліктеріне ие. Бірақ роман жанрының әдебиетке еніп, жанр формасында толық танылуы үшін халықтар тұрмысында индивилдуал өмір құбылыстары талап етілді. Әдеби жанрлардың келіп шығу, ізбе-із даму заңдылықтарын көрсетіп бермекші болып, Белинский ежелгі гректер менен икивилизаңиялы Европа тұрмысын салыстырады. Ұлы критиктің салыстырған мысалында қанша дәуір алшақтығына қарамастан, көзге көрінерлі жанды дәлелдемелер бар, сондықтан да олар өте сенімді. Ал XIX ғасырдағы біздің тарихи тұрмысымыз, ертедегі гректерге қарағанда, дәуір жағынан қаншалы, қазіргі коммунистік қоғам қатынастарынан жақын болған менен, бәрі бір „крест ұрыстары“ (Белинскийдің сөзі) заманындағы Европадан әлі қайда артта еді. Бірақ біз „Ақмақ патша“ шыққан жылдарда ежелгі гректердей өте бала күйінде өткен, қандай да үлкен ояну дәуірінің қарсысында, қоршауында жасадық. Соның үшін бізде романға ұксаған „Ақмақ патша“ дастаны жазылды, бірақ ол роман болмаса да, өз дәуірінің ең жоғары жанрлық ұлттық үлгісін белгіледі. Өйткені, „Эпос (қарақалпақша айтқанда, „дастан“—М. А.) халықтың енді ғана ояна бастаған санасының поэзия сферасындағы бірінші піскен жемісі“ деген еді - Г. В. Белинский. Өзбек, қазақ, кырғыз ұқсаған халықтардың әдебиетінде роман жанрының қашан, кайтіп келіп шыққандығы туралы мәселеге тоқтап, Мұхтар Әуезов өте объектив пікір айтты: „Роман жанры һәм жалпы көркем проза ревалюцияға дейін я өзбек, я қазак, я кырғыз оқушыларынық кай-қайсысына да бейтаныс болды,—деп жазады ол,- Ол тікелей орыс әдебиетінің тәсірі астында ғана туылды һәм өсті. Бірақ бұл жанрдың өткендегі ұлттық форманың белгілерін біздің дәуірімізде сын көз бенен өздестіріу арқылы келіп шығып дамығаны, бірақ романның пайда болуында олардың кейбіреулері (ұлттық формалар—М. А.) жәрдем етсе, ал соның менен бірге кейбіреулері романның өсуін қыйындастырғаны мәлім“.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басына дейін Орта Азия халықтарының әдеби тұрмысында М. Әуезовтың пікіріндей-ақ, негізгі көлемді, әрі жетекші ұлттық форма роман емес, ал дастан жанры болғандығы баршаға белгілі. Оның үстіне бұл жанр басқа халықтардың әдебиетінде (өзбек, азербайжан, тәжік сияқты) өте ерте замандардан бері жоқары дамыған форма ретінде қабылданып келген. Тілі, әдет-ғұрпы мәдени һәм экономикалық дамуы жағынан бізге жақын бұндай халықтардан олардың әдеби тұрмысында үстем болған осы дастан жанрын Бердақ үйренбеді, оннан тәсірленбеді десек, қате болар еді. Бүкіл дүние білетін Фердаусийдің, Фузулидың, Науайының дастандары. Хафыздың, Мақтұмқұлының адамның жүрек тарын шертетін лирикасы Бердақтан бұрын-ақ халқымызға кеңінен таныс. Ал Бердаққа келсек, онда ол өзі-ақ бұл Шығыстың гиганттарын ұстаз деп білді. Өз творчествосында олардың шығармаларын үлгі етіп пайдаланды. Осы мәселе туралы шайыр „Іздер едім* деген шығармасында жасырмай айтады. Бердақтың тематикалық, идеялық һәм жанрлық диапазонының кең болуы, оның өзі айтқандай көп ізденіушілігінен пайда болды. Шайырдың өзі де „Ақмақ патша“ ның кіріспесінде көп ізденіушіліктен кейін бұл шығармасын дастан формасында жазғандығын дұрыс ескерткен. Солай етіп XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында қарақалпақ классик әдебиеті һәм оның ірі өкілі болған Бердақ творчествосында дастан пайда болып дамуында жоқардағыдай объектив мүмкіншіліктер себеп болды.
Енді „Ақмак патша“ ның поэма жанрына қатнасын қарастырып көрейік. Өйткені майда мақалаларды былай қойғанда, бұл шығарманың үлкен ғылыми еңбектерде „Ірі көлемді поэма“, дастан, эпостық шығарма деп жүргізіліуі жиі ұшырасады. Кайсы еңбекте болмасын „Дастан* деп аталуын мақұл деп есептеп, «Поэма» деп берілуіне сын көз бенен қарағанымызда да, „Ақмак патша“ да кейбір поэмалық белгілерді көрмеуге болмайды. Себебі шығарманың бір бүтін тұлғасын кұрап тұрған оқиғаларлы һәм сол оқиғалардың әр бір кездескен окушыны бір толғандырмай қоймайды. Негізгі материялдағы бұндай қасиетті шығарма табиғатында поэмалық белгілерді көзге елестетеді. Бірақ бұндай оқиғалар „Ақмақ патша“ да біреу, я екеу емес көп. Және олардың әр кайсысы бір поэма сияқты. Гүлімнің әкесі менен күн-көріс жағдайы олардың мүсәпірлік «тыныш» тұрмысының патша жендеттері тарапынен күтпегенде күл-талкан болуы һәм Гүлімді Акмақ патшаның зорлап әйелдікке алуын сөз еткен жерге дейін белгілі сюжетке ие, композициясы бүтін бір шығарма екені көрініп тұр. Осы жерде ақмактықты әшкара етпекші болған шайырдың ниеті де іске асқан. Бірақ оқиға қанша шарықтап жоқары шекке жетіп шешілген менен оған автордың әлі де кеулі толмай, бұдан кейін ол өз идеялына ылайық тағы бір жағдайлар туғызып, жақсы көрген кейіпкерлерін арманына жеткізу, оларға зұлымлдықты жеңдіру үшін мүмкіншіліктер түзеді. Сондықтан қайтадан .Тыныш өмір“ басталып, жоқары темп пенен әрекет етуші күштер өзара жасырын түзу тактикасына өтеді. Солай етіп енді оқиғалар я прозалық, я поэзиялық ұсылда жырлауын жалғастырады. Осы жерде біз сөз етіп отырған шығарманың жанрлық өзгешелігі көзге түседі. Оның роман да, яки поэма да емес, тек дастан екендігі анықталады. А. С. Пушкин шығармаларын өте беріліп зерттеуші ұлы кретик Г. В. Белинский жанрлық белгілерге канша көңіл бөлген “ ...Пушкиннің „Циганлары" роман да, повесть те емес, поэма:— дейді ол,—ал роман, повестьтер менен салыстырғанда поэманың көп айырмасы бар. Поэма үлгілі өмірді суреттейді, ол өмірдің шарықтаған, жоқары моменттерін қамтыйды.... Ал роман менен повестьтерде (өлең пенен жазылсын, проза менен жазылсын,— бәрібір) өмір прозалық түрінде толық суретленеді. Сондықтан „Евгений Онегин* поэма емес, өлең менен жазылған роман.
«Ақмак патша» ның жанрын аныктауға критери бола алады, бізге бұл терминдер ревалюциядан кейін кірді. Оннан бұрын түсінігімізде (мейлі жазба, яки ауыз. екі халық шығармаларында болсын) дастан, қисса, ертек, толғау, терме, жыр, тарип, өлең, кітап (нама), ғәззел, бәйіт сияқты атамалардың жасағандығы анық. Бұлар халыклық ұлттық өзгешеліктері бір-біріне ұқсас елдердің әдеби түсінігінде өз орнына, орнына ие, һәм түсінікті де болған. Оларды жаңа дәуірдің әдеби терминдері менен алмастырып аударыуға болыңқырамайды. Сондықтан осындай терминдер үстемдік етіп тұрған бір дәуірде, сол заманнық барлық талап мүмкіншілігінен шыққан „Ақмақ патша“ ны өз дәуірінің әдеби терминдері менен атау мәселеге дұрыс қатнас жасауға алып баратұғынына күмән жоқ.
Бірақ кейбір ғылыми жұмыстарда дастанды тек ауызекі халық творчествосының жанры ретінде қарап, ал поэма онын дамыған жазба-әдебиеттік түрі ақиқаттықты сөз етуі жағынан да дастаннан алда тұрады деғен жумақтар менен түсіндіріледі. Шынында, қайсы бір жанрдың өзара айырмашылығын айырғанда, оны ақиқаттыққа қатнасы бойынша танысу, өзгешелігін айыру үлкен қыйыншылық тудырар еді. Мәселен, қалаған жанр каншеллі ақиқаттықты сөз етуге ұқыпты болса, ол фантазияны да сондай суреттей алады. Ауыз әдебиетінің ең тұрақты һәм мәнді жанры ертекті-ақ ал, ол кейде ақылыңа келіспейтұғын қиялдарды мазмұн етіп алған менен, ал базда нағыз бекерлей алмайтын тұрмысты ашып береді. Сондықтан мынау ақиқатты сәулелендіретін жанрлар, мыналар қыял-фантазияға тән формалар деп ажыратуға болмайды. Дастан, поэманың жанрлық айырмашылығы олардың нені сөз еткенінде емес, ал оны кандай форма менен жазуында көрінеді.
Дәстүрлері менен қандырылған. Шығарманың жазылу үлгісінде халық дастандарына ұқсайтын кейбір белгілерді байқамау тағы мүмкін емес. „Ақмақ патша“да халық дастандарындағыдай прозалық және поэзилық баяндау араласып келеді.
Қосын тігіп Сасық көлге,
Қосыла алмай бөтен елге,
Шыжым жібін байлап белге,
Мекен етті бір балықшы.

Жаман қосы болып қалқа,


Ұшырасып бұндай қалқа,
Мініп алып жаман салға,
Көлге ауын салған екен!
Міне, бұлар прозалық суреттеу. „Бір балықшы Сасық көлге қосын тігіп, осы көлді мекен етті.. . Күнелту үшін жаман салға мініп, көлге ау салды“ —деген прозалық түсінік мағыналастырылған.
Қол аяғымды байладын,
Зәҳәрдей болып жайладын,
Кан ішіп тойлар тойладың,
Мейрімі жоқ сұр екенсің.
Білгенінді еттің маған,
Ойлан не дейін саған,
Кездерін жендет ұқсаған,
Тілін ащы зәр екенсін.
Басыма салып өлімді,
Солдырдын жастан гүлімді,
Сындырдын кыпша белімді,
Мейрімсіз бір сұр екенсін ж, т, б.
Міне, бул „Кара сөз бенен айтып беріуге болмайтын“ (Белинский) поэзия. Онда азапты кек бар. Патшаның айуандығына қаратып айтылған қыздың ашулы және жеркенішті сезімдері жарқылдайды. Халық дастандарындағы сияқты „Ақмақ патша“да да „Автобиографизм" элементтері ұшырасады. Шығармада бір неше ұрпақ сөз болады. Әдеп қария патша, кейін оның баласы патшалық етеді. Ол да картаяды, қызды болады (Гулзар һәм Анар). Бас кейіпкер Гүлімнің әкесінің үйіндегі жастық күнінен бастап сөз етіліп, оның әйел болуы, қызды болуы, кызының кәмалға жетіу процесстері һәм ол қыздардың тұрмыска шығуына дейін ізбе-із ашылып барылады. Зәріудің басынан кешіргендерін сөйлеп беріуі де өмірбаянлық белгі.
Халык дастанлары сияқты „Ақмақ патша“да да шығарма дастандағы ең белгілі геройдың (бірақ бұнда ұнамсыз геройдың) атына қойылған. Тағы да барлық оқиғалар осы бас (бірақ ұнамсыз) кейіпкер—Ақмақ шахтың ақмақтығын ашуға қаратылады. „Қазақтың эпосдарында оқиға, іс-әрекеттер бас кейіпкердің айналасында болады да, басқалар сол негізгі һақармандардың ерлігін. портниёлығын, яғни басқа психологиялық жақтарын толықтыру үшін, кейде поэтикалық контраст ретінде көрсетіледі дейді проф. К. Ж. Жұмалиев. Осындай тұжырымды «Ақмақ патша» ға айтса да толық сыйысады. Тек бұнда, кейбір оқиғаларды бірлестіруші, оны туғызушы ұнамсыз һақарман болуы менен айырмашылық етеді. Бірақ, бәрі-бір, негізгі үлгінің формалдық тарапы, халық дастандарындағы трагедияны өзгертіп істегенге ұксайды. Шығармадағы Гүлімнің әкесі соқыр қария, тосыннан араласатын екі тұткын (батыр) жігіт, олардын станадары, Мәлімбай, патшаның зорлап алған тағы бір әйелі Зиуар, Зәриуді өлімнен кұтқармақшы болған (бірақ өздері Мәлімбай тарапынан өлтірілген) оның екі досты, Гүлзар һәм Анар, патша жендеттері, кақпаншы қария һәм басқа осы сияқты көп ғана персонаждар негізгі бас каһармандардың характерінің анау я мынау тарапын ашыуға бағындырылған.
„Ақмақ патша“да да халыктың ғұріп-әдеті, ырымына ұқсаған дәстүрлері сөз ету ұшырасады. Мәселен, әйелді тудырыудың бұрынғы ұсылдары, шашу тойы, ат койу, сүйінші сұрау, түс көру, түстік келуі ж. т. б. осындай әрекет-жағдайлардың шығармада ұшырасыуы тосынан болған жағдай емес. Сыпайы етіп Бердақтың „Ақмақ патша“ шығармасы жазылу үлгісі, формасы жағынан халық дастандарына жоғарыда біз сөз еткен ұқсас белгілері бойынша жақындасады. Бердақ творчествосын зерттеуші Өзбекстан Республикасы Ғылымдар Академиясының хабаршы мүшесі І. Т. Сағитов „Бердақ өзінің „Акмақ патша“ дастанын жазғанда, оны форма жағынан халық дастандарына ұксас эпостық шығарма ретінде жазуға тырысқандығы көрінеді“)—деп дұрыс көрсетеді.
Осы менен бірге бұл шығарма XIX ғасырдағы қарақалпақ классик әдебиетіндегі пайда болған дастан жанрынын жаңа жазба үлгісі болып есептеледі. Ол өзінің жанр формада пайда болуы һәм дамуы жағынан үлкен перспективаға ие. Бұл формаға екінші дәрежелі қарауға болмайды. „Бахтияр“, »Баһадыр“ ұсаған қазіргі күннің талабынан жазылған дастандар оның тірі жанр екенін аңдатады. „Баһадыр“—қарақалпақ дастандарының жаңа бағыт алып дамыуы,— деп жазады ,Әміударья“ журналында Аббаз Дабыловтың 60 жасқа шығу менен жариялаған макаласында,—Шайырдын карақалпақ совет әдебиетіндегі көрнекті орнын белгілеуші негізгі қызметтерінің бірі осында, ол ескі дастандық форманы өзінше жаңартады һәм жаңа мазмұнды суретеу үшін социалистік реализм искусствосын әр тараптама кең дамыту үшін қызмет кылдырады. Сондықтан қарақалпақ халық шайырлары қайта істеп жатырған бұл жаңа типтегі дастанлык жанрдың да совет әдебиетінде өзіне ылайық, ролі бар“. Дұрыс һәм обьктив түсінік. Бірақ тілекке қарсы, кейде түсінбеушіліктің арқасында шығарма „Дастан“ деп аталудан-ақ, оған екінші дәрежелі көз карас туады. Оның роман я поэма аталмағанына өкінеді. Дұрысында, формасы дастандық болғаны болмаса, Бердақтың „Ақмақ патша* сы, яки Аббаздын «Баҳадыр»ы қайсы романнан, яғни поэмадан кем? Бұл шығармалардың кай-қайсысын оқыған окушы да роман, я поэма оқығандағынан төмен ләззәттенбеген шығар! Шынында „Дастан“ сөзі қай уақта да көнерген термнн емес. Оны «Эпопея» ын орнына қолдансада болар еді. Себебі халықтың тілінде һәм түсінігінде „Дастан" сөзі бұрыннан соң үлкен, кеңмәнге ие. Бір нәрсе, яки біреу туралы дастан жазу—бұл оның еш нәрсесін қалдырмай жазып,- ішкі сырткы сырларын, ұнғыл-шұнғылларын бүткіл емірін ұрпақтары менен қоса біратала ашып тастау деген сөз. „Дастан“ сөзін шайырлар „эпопея“ның синонімі, яки ұлы мазмұнға ие эпітет—теңеу түрінде қолданылатын жиі ұшыратуға болады. Өзбек шайыры Ҳамид Ғұлам өз өлеңінде „Дастанымда ол“ деп ат қойып, бұл сөздің мәнісін мынадай биіктікке көтереді:
Ленин аты шығармамның алдында—
Білсең ең сүйікті дастанымда ол.
Бұл сөзді біздің лирик шайырларымыздың бірі І. Юсупов та аз қолданбайды.
Кайсы жерде шөл дастаны жаралса. . .
Миллион жылдар мұннан ол куәлік.
...Даламның арманы, даламның жаны.
Сеннен мәдет алып ҳәуіжге мініп,
Дүние бойлап жаңлар дала дастаны'
Келтірілген мысалдарда „Дастан“ сөзі өлең қатарларына жанрлык термин болып ендірілген. Шайырлар маңызды мәсслелер туралы дастан шығаруды ұсынады, ең жақсы шығармаларын дастан деп атайды. Тағыда „Шөл дастаны жаралса“, оны „миллион жылдың мұңын* яғни оқиғасын жазу менен теңдестіру бұл сөзсіз, эпопея.
„Ақмақ патша“—өз дәуірінің классикалық бақалы шығармасы. Ол жанрлық өзгешелігі жағынан роман да, поэма да, қисса да, тарихи жыр да емес,—дастан. Бірақ бұл шығарма өзінің саяси-идеялық бағытының спенификасы жағынан халық дастандарынан айрылады. Оның сюжет құрылысында, композиция-конфликттер, образ жасау ұсылдарында, шығарманың планы, принципиял—мақсеттерінде жазба стиль басым. Осы менен бірге шығарманың бұндай элементтері халық дастанлары традициясы негізінде дамытылған.
Расында да „Ақмақ патша“ ревалюцияға дейінгі қарақалпақ халқының қоғамдық тұрмысының тақтасы.
3)АБАЙДЫҢ «ЕСКЕНДІР» ПОЭМАСЫ ЖАЙЛЫ
Алдымен, «Ескендірдің» тақырыбынан бастасақ мұндағы оқиға желісі-əр елдің əдебиетінде əр түрлі жырланып, халықтар арасына мейліеше мол тараған сюжет. Поэманың бас кейткері Ескендірді (бірде Александр Македонский, бірде Ескендір Зұлқарнайын деген атпен) осы тақырыпты жырлаған əр ақын əр түрлі бейнеде көрсеткен. Мəселен, əзербайжан əдебиетінің классигі Низамидың «Ескендірнама» дастанында Ескендір ұнамды кейіпкер ретінде суреттеледі, өзбек ақыны Науаида да дəл осындай... Ал, Ескендір образын жасаудағы Абайдың мақсаты басқа: мұнда Ескендір ұнамсыз кейіпкер бейнесінде көрсетіліп, ұнамды кейіпкер ретінде Аристотель алынады да, мұның болмыс-бітімі анаған шендестіріліп, қарама-қарсы қойылады. Міне, осындай идеялық мақсаттан туған поэманың тақырыбы, тұжырып айтқанда,— екі адамның бойындағы терең ақыл мен жеңіл нəпсінің шарпысуы ғана емес, адамгершілік пен озбырлықтың арпалысы; əділдіктің жауыздықты жеңуі болып табылады.
Поэманың мазмұны да нұсқалы: Македония қаласында тұратын Филипп деген патша өліп, оның тағына баласы Ескендір отырады. Ескендір жасынан қызбалау, «мақтан сүйген, қызғаншақ адам екен». Жасы жиырмадан аз-ақ асқан соң «көршілерге көз алартып, сұмдықпен əскер жиып, жақын жерге жау боп, күтінбеген көп елді қырып-жояды да, қалаларын тартып алады». Жазықсыз жандардың қанын төгіп, «шапқан елдің бəрін» өзіне бағынышты етеді. Ел шапқан сайын «араны ашыла түседі». Енді жер жүзін түгел жаулап, өзіне қаратқысы келеді. Осындай жауыздық оймен «жарақтанып, есепсіз əскер ертіп», жолға шыққан Ескендір елсіз шөлге ұрынады:
Сандалды сар далада су таба алмай,
Шөлдеген жұрт қайтеді бос қамалмай.
Қызметкердің бəрін де өлтірмекіш
Болыпты шөлдегенге шыдай алмай.
Енді бірде Ескендір ат үстінде тұрып, алыстан жылтыраған бір нəрсе көреді; «барса бір сылдыр қаққан мөлдір бұлақ». Суға қанып, шөлін басқан озбыр патша енді əлгі бұлақ ағып шыққан жерге барып, сол жердегі елді жауламақшы болады. Қолын ертіп, бұлақты бойлай күні-түні дамылсыз шауып келе жатса, «судың басы бір құзар шатқа кіреді: шаттың аузы қорған, қорғанның қақпасы бекітулі; бекітулі қақпаны даңғой патша қалай тартса да ашылмайды.
Ескендір долдана айғайлап, қақпаны қанша қаққанмен, арғы жағынан келген күзетші: «Рұқсат жоқ!»—деп ашпайды. Ескендір өзін таныстырып, мықтылық айтады. Сонда күзетші тұрып:
Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,
Мықты болсаң өзіңнің нəпсіңді жең!—дейді. Амалы құрыған Ескендір не ктеудің бабын таппай, күзетшіге жалынып, сыйлық беруді сұрайды. Анау орамалға түйілген бір нəрсе береді. Ескендір түйіншекті шешіп қараса,— бір қу сүйек; долданып, лақтырып жібереді. Ескендірдің ақылды жолдасы Аристотель оның көзінше əлгі сүйекті таразының бір басына салып, екінші басына барлык күміс пен алтынды, оның үстіне қалың қолдың қару-жарағын түгел үйсе де кішкентай сүйекті баса алмайды, қайта сүйек ауырлана түседі. Патша таң қалады. Содан соң, Аристотель сүйек үстіне бір уыс құм шашқанда, «ана басы сылқ етіп жерге түседі де, сүйек басы жоғары шығып қалады». Аристотель патшаға «Бұл — адамның көз сүйегі екенін», араны ашылған адуын пенденің «жеміт — көзі» өзі өліп, «құм құйылғанда ғана тоятынын» түсіндіреді. Жауыз патша мойны салбырап, кері қайтады. Поэмадағы адам бейнелері де бедерлі, қызық. Абай өзінің ащы сатирасында («Болыс болдым мінекей», «Мəз болады болысын» т. б.) екі жүзді, жемқор болыстардың мінез-құлқын, іс-əрекеттерін баяндау арқылы, олардың кескін-кейпін оқушылардың көз алдына əкелетін. «Ескендір» поэмасындағы образдар да дəл сол əдіспен жасалған.
Поэмада аты аталатын екі кейіпкер — Ескендір де, Аристотель де көне дүние тарихында бар адамдар. Бұлар ақынның суреттеуінде бірі — ақыл мен əділдіктің, екіншісі — қара көңіл озбырлықтың өкілдері ретінде көрсетіледі.
Ескендір — мақтан сүйгіш даңғой, іші тар күншіл, қызғаншақ, қаны қара жауыз, озбыр патша. Оның бойында адамға тəн ешқандай қасиет жоқ аяныш дегеннің не екенін білмейді: жазықсыз жандардың «дарияның суындай» аққан қаны Ескендірге ешқандай ой салмайды, шіміркенбейді. «Ашуы көп, қанішер, қаһарлы» патшаның «ашылған аранын» еш нəрсе тойдыра алмайды:
Алған сайын көңілі бір тоймады...
Жердің жүзін алуға ой ойлады.
Өмірге көр қазушы қанқұйлы, мейрімсіз əміршінің маңдайы «бекітулі қақпаға» тірелгенше ойранын тоқтатқан да ешкім болған емес:
Алдынан шыға алмады ешкім мұның,
Бəрін де алды, қорқытты жолдағының.
Жан шықпады алдынан, тоқтауы жоқ,
Жер жүзін жеке билеп алмақшының.
Осындай қатыгез патшаға Аристотельдің образы қарама-қарсы койылады. Аристотель — əр нəрсеге мəн беріп, байыппен қарайтын, өмірдің əрбір құбылысынан өзінше қорытынды шығаратын байсалды ақыл иесі, терең ойдың адамы. Поэма да суреттелген оқиғаға соңғы жағынан қатысып, аз ғана көрініп өтсе де, оның бойынан осы қасиет аңғарылады. Ескендірдің қылмысты қылығына тоқтам салған да соның ақылы. Аристотельдің «жеміт көздің» араны үлкен екенін, дүниеге тоймайтынын айта келіп:
Қанша тірі жүрсе де өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен,—дегені — Ескендірдің көзінің емес, өзінің қанағатсыздығын құлқынқұмар мансапқорлығын түйрей сынағаны. Өрісі тар, өзімшіл патшаны ақын қарапайым адамға бас игізіп, оның қомағай нəпасісін саналы ойға осылай жеңгізеді. Сөйтіп, ол Ескендірдің қылмысты ісіне Аристотельдің аузымен өз үкімін айтады.
Поэманың идеялық мазмұны да осында жатыр. Енді «Ескендірдің» ерекшелігіне келсек, мұның өзі онша көлемді де, күрделі де поэма емес: сюжеті шағын, оқиғасы аз, бəрі бір кішкене ғана арнаның бойында жатыр; оқиғаға қатысатын негізгі (аты мəлім) кейіпкерлер де екеу-ақ. Осыған қарағанда, поэмаға арқау болған шындық сол кездің тұрмыс-тіршілігінен туған іргелі мəселенің өзі емес, бір ғана бұтағы тірізді. Ұлы ақын өзінің бұл еңбегінде көп адамдар қатысатын шытырман жайларды, қат-қабат құбылыстарды жан-жақты суреттеп жатпай-ақ, поэмаға арқау болған шындық желісін де, сол арқылы айтпақ болған өзінің ой түінін де шебер шешкен. Мұндағы адам образын жасауда да Абайға тəн ерекшелік бар: Ескендірдің де, Аристотельдің де сыртқы кескін-кейпі өз алдына суреттелмейді, ішкі психологиялық өзгешеліктері де нақты дерек-деталь арқылы берілмейді. Поэмада мұндай суреткерлік тəсілдер қолданылмаған, тек болған істі бір ізбен баяндау ғана бар.
Бірақ осындай жай баяндаудан-ақ негізгі екі кейіпкер өз бойларына өзгешеліктер жинап, оқушыға сол ерекшеліктерімен толық жетеді, іші-сырты таныс, іс-əрекеттері нанымды. Əсіресе Ескендір тұлғасы оқшау, оқушының көз алдына келіп, дараланып тұрады. Рақымсыз ел тонаушының менмен, ожар түр-тұрпаты да, ақылсыз, даңғой мінез-құлқы да, қырғынды қимыл-əрекеттері де шебер жинақталған. «Жалпы композициялық құрылысын алғанда, «Ескендір»—Абайдың ең жақсы поэмасы» (М. Əуезов). Поэманың əр жерінен кездесетін бірен-саран жеке сөздер болмаса, тілі таза, жеңіл, жалпыға бірдей ұғымды. Ақын сөзге сараң да, мағынаға терең:
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македони шаһары оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйген, қызғаншақ адам екен...
Осы бір шумақта талай жай айтылып қалды: оқушының назарын шуғыл аударып алу үшін жазылған алғашқы жолды қоспағанда, қалған үш жолдың өзінен-ақ Ескендірдің тұрған мекені мен туған əкесінен мəлімет беріліп, мінезі баяндалды.
Поэманың тəрбиелік мəні зор. Абай өз кезіндегі адамдардың мінез-құлқын түзеу мақсатымен, оларды үстем тап өкілі Ескендірдің оспадар қылықтарынан, қылмысты істерінен жирендіріп, саналы адамгершілікке баулиды. Сондағы айтар ақыл-өсиеті мынау:
Ақылсыз өзін мақтап, былжырайды,
Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды?
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағанды өзіңнен кім сұрайды?
Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі де, ақынның гуманистік ой-пікірін тереңірек танытатыны да — «Ескендір».
«Ескендір» поэмасы Шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен тараған, Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған.
Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарына қоса, Шығыстың, Фирдоуси, Низами, Науаи, Жəми сияқты ақындары да жыр еткен.
Абай бұл тақырыпты өзінен бұрынғы ақындар үлгісінің ешқайсысына бұрмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дəл келтіреді де, оның дүние жүзін күшпен жаулап алмақ болған қанқұмар саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тəрбиешісі болған ұлы ғалым, гуманист Аристотельді кіргізеді. Поэма əділдік пен жауыздықтың тартысына құрылады.
Жауыздыққа жетелейтін қызғаншақтық пен тойымсыздық екенін көрсете келіп, ақын əділдік, даналықты соған қарсы ұсынады.
Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді.
Бұл- адам көз сүйегі, - деді ханта.
Тоя ма адам көзі мың-мың санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр, көзге құм құйылғанда.
Кəпір кқздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Канша тірі жүрсе де, өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.
Аристотельдің даналык сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған жолынан қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты əділдікке жеңгізеді.
Поэма аңыз сюжетін сақтағанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде суреттейді. Уақиға бір түйінге — əділдік пен жауыздықтың бетпе-бет кездесуіне топталады да, кейіпкердің мінез-құлқы, іс-əрекеті арқылы біртіндеп ашылады.
Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы уақиға арқауы болып, оның өне бойында көрініп отырады. Ең соңында ғана Абай оны Аристотельге кездестіреді. Ақынның дидактикалық, өсиет-үлгілік қорытындысы осы арада шығарылады.
Поэмада жарқын суреттер мен қажетті баяндаулар, диалог пен лирикалық шегініс орынды пайдаланылады. Бұл - Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігін танытады.
Поэма жанрына жататын, яғни, өлеңмен айтылатын, баяндалатын лиро-эпостық шығармалардың түрлері сан-алуан. Батырлық жырлар, халықтық дастандар, көлемді (сюжетсіз) толғау жырлар — бұлар поэманың қазақ поэзиясында ертеден ең көп тараған, бел алған үлгілері. Абайдың поэмалары деп аталып жүрген «Масғұт», «Ескендір», «Əзім»— ертегі-аңызға құрылған шығармалар. Бұларға қоса Абай Лермонтовтың «Вадим» атты көлемді прозалық шығармасын жəне «Демон» поэмасын өлеңмен аударуға кіріскенін ескеріп, поэма жанрындағы ақынның шығармашылық ізденістері аз болмаған-ау деп жобаласақ та, бұл екеуі де, «Əзім» поэмасы да толық бізге жетпегендіктен (немесе, жазылып бітпегендіктен) нақтылы байлам жасау қиынға соғады. Ал «Масғұт» пен «Ескендір» туралы айтсақ олардың өзгешелігі, өзіндік сипаты неде десек, алдымен көңіл қоярлық нəрсе — айтушының, автордың бейнесі баяндалған оқиғадан, сюжеттен бөлектеніп, басқа тұрғыдан көрінетіні дер едік. Бұл поэмаларда сол кездегі заман шындығы тікелей көрінбей, ескі аңыз əңгіме арқылы көрініс берсе де, сол аңыз оқиғаға айтушының, автордың беретін бағасы, оның адамгершілік, ағартушылық идеялары арқылы танылады. Сондықтан Абайдың лирикалық өлеңдерінде насихатталған озат ой-пікірлерімен поэмаларының идеясы үндес шығып жататыны да кездейсоқ нəрсе емес.
«Масғұт» поэмасында халифаға қысыл-таяң кезде ақыл-кеңес беретін уəзірі Масғұт болса, «Ескендір» поэмасында атағы жер жүзіне жайылған қолбасшы Ескендірге ақыл беретін ғұлама ғалым—Аристотель. «Ақыл сөзін тыңдамай бар ма шара» деп, алтын қорғанға кіре алмаған Ескендірдің қақпадан орамалға орап тастаған сүйектің мəнісін Аристотель айтып түсіндірген соң ойланып, сабасына түсіп, əскерін ертіп еліне қайтқаны — дана кеңесшінің сөзіне құлақ асқаны. Таразының екінш басына қанша алтын, күміс салса да, орнынан қозғалмаған сүйектің тек бір уыс топырақ салғанда ғана көтеріліп шыға келуінің не сыры бар екенін Ескендір патша өздігінен таба алмай, Аристотель айтып бергенде ғана білетіні көңіл қоярлық. Бұл — Ескендірден Аристотель хакімнің ақылы, зеріктігі басым екенін аңғартатын жай. Адам көз сүйегі ауыр болу себебін Аристотель жеміт көз дүниеге тоймайды, бірақ адам қанша ынсапсыз, қанағатсыз болса да, өлгенде көзіне құм құйылғанда тояды деп байымдайды да, Ескендірге «Мұны көріп, алыңыз сіз де ғибрат!» деп кеңес береді. Аристотелдің сөзінен оның бойына біткен даналық, ақылдылық та, сонымен қатар шексіз тойымсыздықты, көрсеқызарлықты қолдамайтын табандылығы, үлкен адамгершілік қасиеті де айқын сезіледі.
Низамидің Ескендір туралы поэмасын алсақ, онда патша бір кішкентай тасты кірге салып өлшегенде, қанша асылды салса да, тас көтерілмейді. Сонда Қыдыр келіп Ескендірге кірге топырақ сал дейді. Бір уыс топырақ салғанда, кірдің тасы бар екінші басы бірден көтеріліп шыға келгенінің мəнісін Ескендір өзі ақылымен аңғарады.
Абай кірге топырақ салудың қажеттігін де, оның адамның көз сүйегін неге салмағымен басып кететінін де Аристотелге айтқызып, ғұлама ғалымның тұлғасын ірілендіріп көрсетуге ұмтылған. Бірақ айтылып отырған оқиғаның өзі ұшқыр қиялдың елесіндей көрінгендіктен поэманың құндылығы алдымен оның ғибраттылық мəннен танылады. «Осы жрт Ескендірді біле ме екен? Македония ша_ары оған мекен. Филипп патша баласы, ер к__ілді, Ма тан с!йгіш, ызғанша адам екен,— деген поэмадағы бастапқы шумақты оқығанда нақтылы өмірлік жағдай, болған уақиға сөз болатындай əсер аламыз.
Алайда Ескендірді біраз сипаттап, оның шапқыншылық əрекеттерінен тыңдаушысын хабардар еткен соң ақын аңыз-əңгімені баяндауға ойысады. Əдеттен тыс, ғажайып оқиғаны айтып отырса да, Ескендірдің іс-əрекетін, сөзін оның өр көкірек, тəкаппар мінезіне орайластырып бейнелейді. Бұл тұстағы автордың Ескендірді мінездеуі:
Ескендір тоқтау көрмей өскен жан ғой,
Келмей ме тоқтаусыздың бəрі даңғой?—дегендей болып келеді.
Ал автордың Ескендірді поэманың кіріспе бөлімінде сипаттауы оқиға желісіне орай айтылған сөздерге қарағанда сынап-шенеу жағы əлде қайда басым, өткір. Мұны Ескендірді «қанішер, қаһарлы хан» деп сипаттауына да,
Жазасыз жақын елдің бəрін шапты,
Дарияның суындай қандар ақты,—деген сияқты сөздерінен де анық көруге болады. Əрине, Абайдың Ескендірге берген бұл бағасын оның тарихи көзқарасы деуден гөрі, осы поэмадағы өзіндік көркемдік шешімі деу дұрыс. Ескендір бұрынғы ақындардың, мысалы, Əлишер Науаидың дастанында негізінен жағымды бейне болып сипатталғанын Абай, сөзсіз, жақсы білген. Көтермелеп, асығып айту жағы аз болмағанын ескере отырып, мүлде басқаша баға берген. Абай Ескендірдің жорықтарын нақтылы бейнелеп жатпайды. Патшаның басқа елдерге жасаған шапқыншылығын, оларға өз үстемдігін жүргізбек болғанын моральдық, адамгершілік идеялар тұлғасынан қарап, мансапқорлық, көрсеқызарлық, даңққұмарлық деп бағалайды. Сондықтан да Абайға керегінің өзі де Ескендірдің басқа елге жасаған шапқыншылық жорығын тəптіштеп суреттеу емес, менменсінген қолбасшының бұзып-жарып басып өте алмайтын тосқауылға кез болып, сағы сынып, шегінгені жайлы аңыз-əңгімені кейінгіге өнеге етіп баяндап беру. Поэманың соңындағы тыңдаушыға қаратып айтылған ғибрат сөзінде мақтансүйгіштікті, тойымсыздықты қатардағы қарапайым адамдарға тəн жағымсыз мінез ретінде кең мағынада алып, содан сақтандырып, ар- абройды берік ұстау қажет екенін еске салады. Жəне осы ойын жалпылама уағыз түрінде емес, бетпе-бет келіп, тіл қатқандай адал сезіммен, айрықша сеніммен айтқандай етіп жеткізеді:
Мақтанасың біреуге мақтасын деп,
Шаужайымнан еш адам қақпасын деп.
Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар,
Антұрғаннан құдайым сақтасын деп,
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,
Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!
Абайдың «Ескендір» атты дастанының төркіні тайға таңба басқандай дəл анық емес. Атышулы қолбасшы Александр Македонский туралы жазба деректер де, лақап-аңыздар да көп. Абайдың соның қайсысын оқығанын, қайсысын пайдаланғанын түгелдеу қиын.
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары оған мекен,—деп бастауына қарағанда, қазақтың лақап-аңызының үстіне орысша деректерді пайдаланған сияқды. Абай оқыған Дрэпердің «История умственного развития Европы» атты кітабында осы Ескендір, ЯҒНИ Александр Македонский туралы недəуір мағлуматтар келтіріледі. Дрэпер Александр Македонскийдің жорығын шенейді Абай да шенейді. Дрэпер: «Этот искатель приключений, осуществляя намерение отца своего, Филиппа, начал свое выступление с крайне ничтожными средствами», деп жазса, Абай: «Филипп патша баласы өр көңілді, мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен» деп сыпаттайды. Дрэпер индуктивтік философияның негізін салған
Аристотельді мадақтаса, Абай: «Сол күнде Аристотель жеке дара, ақыл сөзін тыңдамай бар ма шара!» деп сүйсінеді. Аристотель жайында өзінің ғақлиясында да əңгіме шертеді. Дрэпер Александр Македонский жорығының 34 мың жаяу əскерден, 4 мың атты əскерден басталғанын баяндаса, Абай оған бармайды. Өлеңде бару қиын да еді. Оның есесіне, Ескендірдің басқыншылығына баға беру жағынан Дрэпермен үндес шығады. Осындай үндестік, сарындастық, Абайдың ғақлиясынан да ұшырасады. Ежелгі Мысырдың., Үндістанның, Грецияның мəдениетін зерттеп, сол мəдениеттің Европаға жасаған ықпалын анықтаған Дрэпер аталмыш кітабында қоғамдық құрылыстар туралы толғана келіп, адам қоғамдық қарым-қатынастың жемісі деген тұжырым жасайды. Абайдың пікірі де осыған толық орайласады. «Адам баласын заман өсіреді, кім де кім жаман болса, замандасының бəрі «виноват» — дейді ол. Осының ізінше: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», деп ширығады. Осыдан кейін оның «Ескендірі» ертегі-аңыздан алып жазған «Масғұт» пен «Əзімнің əңгімесінен» анағұрлым биік екені таңданыс тудырмайды. Бұл дастанның Шығысқа мəшһүр «Ескендір-намадан» көшірілмей, Батыс философиясының еңбегінен орайласуының өзі үлкен ғанибет. Дрэперді Абай түп-түгел, топ-толық қайталамайды.
Дəйекті деректестікпен, ойшылдық; үндестікпен шектеледі. Дастанның барысында Шығыс поэзиясына тəн желіге, баяндауға, нəшке жол береді. Тарихи тұрғыдан қарағанда, бұның бəр меншікті туынды үшін табиғи еді.
«Ескендір» дастаны ғаделетілікті, қанағаттылықты уағыздайды. Дүние жүзін түгел басып алмақ болған Еекендірді (Македонскийді) қатты шенейді.
Өз жұрты аз көрініп көршілерге,
Көз алартып қарады оңды-солды....
Жазасыз жақын жердің бəрін шапты,
Дарияның суындан қандар ақты...
Қан ішер, қаһарлы қан ашуы көп...деп, басқыншылыққа көрнеу қарсылық білдіреді.
Бұл дастанда Александр Македонскийдің бір жорығы суреттеледі. Шөлейт түзбен шеру тартып сандалған сансыз сарбаз бір күні бұлақ суына жетеді. Қолбасшысы — Ескендір. Шөлдеген тобыр сусындап, аттарын суарып, бұлақтың басына қарай өрлейді. Өрлеп келе жатып, алтын қақпаға ұшырасады. Бұл асқан алып қақпа еді. Аша алмасына, бұза алмасына көзі жеткен Ескендір қақпаның күзетшісінен сыйлық талап етеді. Бұл, баяғы, «орамал тон болмайды, жол боладының» кері еді. Күзетші түйін түйген орамал береді. Ол түйін адам көзінің сүйегі боп шығады. Бұл Ескендірге: «Сенің көзің тар» деген ащы ишарат еді. Ескендір оны пайымдамай лақдырып жібергенде, жолдасы ақылды Аристотель қағып алады.
Аристотельдің ақылы бойынша, Ескендір таразының бір басына осынау кішкентай сүйекті, екінші басына алтын мен күміс салдырады. Қаншама салдырса да, алтын мен күміс құйттай сүйекті аудара алмайды. Ескендір патша əбден дағдарғанда, таразының жұмбағын
Аристотель шешпек болады.
Хакім жерден топырақ алып барды.
Бір уыстап сүйекке шаша салды.
Ана басы сылқ, етіп жерге түсіп,
Сүйек басы жоғары шығып қалды.
Ескендір патша бұның себебін сұрағанда, Аристотель пенденің көзі байлыққа тоймайтынын, өлгенде бір уыс топыраққа қанағат ететінін айтады. Ескендір сұмдық жұмбақты түсінеді де, қолын бастап, еліне қайтады. Кедергі болғай қақпаның қай бұлақтың маңында екенін, ол бұлақтың қай жерде екенін Абай айтпайды.
Тарихи деректерден Ескендірдің Орта Азияның жартылай жаулап, Самарқанға жетпей қайтқаны мəлім. «Екі өзеннің елі» аталатын Иракта Ескендір жорығына байланысты жер аты көп. Қазақ аңызында «Ескендір Зұлқарнайын» жалпылама аталады. Осыған қарағанда, Абайдың меншікті дастанының желісіне Шығыс аңызын пайдалануы да мүмкін. Не де болса, Абай «Ескендірді» кездейсоқ жазбаған. Оны өзінің фалсапасына, дүниеге көзқарасына бейімдейді.
Дастанның түйіні Абайдың шынайы сарынымен шешіледі.
Қу өмір жолдас болмас, əлі-ақ өтер,
Өз күніңе өзің қарқ, болма бекер.
Ұятың мен арыңды малға сатып,
Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.
Сонымен, аяқталмай қалған «Əзімнің əңгімесін» айтпағанда «Масғұттың» да, «Ескендірдің» де құлаққа жағымды үндестігі, көкейге қонымды сыры бар. Мейірімділік, əділеттілік, адамгершілік сазы Абайдың байырғы гуманист ақын екенін таныта түседі. Дегенмен, Абайдың əдеби мұрасында дастандардың орны оның азаматтық толғауларындай, тұла бойыңа даритын сыршыл сазындай, тіпті, «Ғақдиясындай» елеулі емес. Кезінде түрлі себеппен жазылған, көненің көзін көрген дүние ретінде бағалы. Жазушы, ақынның оңжамбасқа дөп келетін əдіскер жанрын табуы оңайға түсе бермейді. Ағылшын əдебиетінде тарихи романның еселі еңбеккері Вальтер Скотт өзінің əдеби қадамын дастандар жазудан бастаған. Кезінде Байрон менсінбеген, мысқылдаған, қағытқан құлаш-құлаш дастандарды осы күнгі оқушы біле бермейді. Вальтер Скотты тарихи романның теңдессіз тарланы сипатында сыйлайды. Халықтың өзін өзі тануында өткенді ұғынудың мəні зор. Вальтер Скотт дастандарында да, романдарында да өз ұлтының текті төркінін, игі қасиетін паш етеді. Бұнысы дастандарында жадағай-жалаң, романдарында құнарлы, қырлы, қатпарлы шығады. Сөзден сөз, ойдан ой туып жатыр. Қазақ елінің өткенін паш етемін деген кейбір жазушылар күйкі өмірді, кəкір-шүкір түйтпекті шығарма арқауы етіп, санасыз, шығымсыз, сорлы кейіпкерлерді үлгіге тартады. Өткен заманның қапасқараңғылығы саяси-əлеуметтік жағдайдан туғанын, ұлт өкілдерінің жан сұлулығы рухани ұстамдылығы дозақтың отында да өшпейтінін байыптамайды. Абайдың өзі «Көңілім менің қараңғы, бұлбұл ақын» деп күңіренгенде, өмірден күдер үзбей, уанышты домбырадан таппап па еді?! «Он саусақ ішек бойлап жорғаласа, бейістен үн келеді қоңыр салқын» деп күйдің лебін бейістің үніне теңемеп пе еді?! Тарихи романды оқыған адам: «Е, кешегі қазағыңның ұсқыны мынау екен ғой!» деп жиіркенсе, ұлттың тарихына ол таңба болмақ. «Абай жолы» эпопеясының ұлылығы халықтың қасиетін, қазынасын заман қараңғылығымен тұмандатпауда.
Рас, əдебиетте сыршылдық пен шыншылдықтың қатарласып өмір суретін шағы жиі. Ұлт адамдарының мінез-құлқына, мүддесіне, пиғылына келгенде қара қылды қақ жаратын қазылық керек. От ауызды, орақ тісті сыншының аяусыз шенейтін нəрселері бар. Осы жағынан келгенде сыншыл реализм, ағылшын əдебиетінен, гөрі француз əдебйетінде күшті. Орыс əдебиетін дүниежүзілік биікке көтерген де осы реализм. Пушкиннен басталған, Гоголь күшейткен сыншыл реализмді Гончаров, Тургенев, Чехов, Толстойлар əр қырынан дамытып əкетеді. Абай осы реализм рухында тəрбиеленеді, қазақ топырағында осы реализмді өркендетеді. Сондықтан да Абайдың кейіпкерлері бір жақты емес, жан-жақты; бір қырлы емес, көп қырлы. Ол белгілі таптың, топтың өкілдерін тоғыстыра екшеп, типтік бейне жасайды. Бұл бейнелер Абай өмір кешкен феодалдық дəуірдің, бір формацияның ауқымында қалып қоймай, келешек замандарға жанды күйінде ауысады. Осының сыры — Абайдың өлмейтін ой, сөнбейтін сезім шындығын, таба білуінде. «Мазмұн» деп уақыт жетістігін айтсақ, техникалық прогресс пен əдебиет бірдей біркелкі өсе бермейді. Əдебиеттің еншісі — болмыс сыры, адам мазмұны, өмір қайшылығы. Формация ауысады, адамдың санасы биіктейді, соның өзінде ой-қиялдың, түйсік-сезімнің «пендешілдігі» сақталады. Осыны сақтаушылар мезгілден, кеңістіктен, тарихи жағдайдан тысқары адам емес. Аяғы аспаннан салбырап түскен періште де емес. Өзіңіз бен өзіміз сияқты жандар.
Абай жауыз бен мейірліні, əккі мен аңғалды, жомарт пен сараңды, дана мен даңғойды, алғыр мен белімсізді ұлт ішінен табады. Біріне сүйсіне, біріне күйінеді. Жақсыға жаны құмар ақын жаманнан жиренеді. Бір ұрты бал, бір ұрты зəр Абай мақтай да, даттай да біледі. Жəне қарадүрсіндікке, «сен айтсаң мен де айтайын уайым-қайымға» ұғынбай, құлпырған бояу, буынсыз тіл, сиқыр саз арқылы жеткізеді. Осы сабақтас фактылар мен құбылыстар Абайдың нағыз ұлттық ақын екенін танытады. Ол халықтық мақтаныш, ұлттық гений. Дəріптеуші де, сараптаушы да, шенеуші де осы Абай. Өрісі қысқа өлеңде өлмес дүние жасап кеткен Абайдың профессионалдық поэмаға бармауы өкініш. Сыршыл, шыншыл поэма ішті келмек. Кейіпкерлердің ішкі əлемі бір қырынан емес, қыруар қырынан көрініс беріп, характері қарекет, қақтығыс, толғаныс үстінде ашылмақ. Қоғамдағы орынның өрлеу мен құлдыраудың диалектикасы сорғалаған поэзия тілінде түсіндірілмек. Лирикалық шегініс сұлу саз шығарма өрнегіндегі компоненттерді толықтыруға, ақындық концепсияны мүсіндеуге қызмет етпек. Поэма — поэзияның кең жайлауы. Кейіпкерлерді қалай жарыстырамын, қалай қақтығыстырамын десе, автордың еркі. Құр баяндауды, қарекетті іштей ашпай, сырттан суреттеуді, желі селкеулігін, сөз солғындығын поэма көтермейді. Мағыналы нағыз жолдар түйдек-түйдек шумақтарға ұласып, переходтар көркемдік логикаға саяды.
Қауқарсыз қарасөз, тереңсіз түсіндірме поэманың құнын түсіреді. Қазақ топырағында поэманың қол жетпес үлгісі Ілияс Жансүгіровтің «Күйшісі». Оның «Күйінде» профессионалдық поэмаға түгелдей жатады; дастанның қайсыбір сарыны, кейбір нышаны тарихи себептермен түсіндіріледі. Оның «Даласы» поэма емес, дастан үлгісінде жазылған толғау. «Гималай» да осыған жуықтайды. Қасым Аманжоловтын «Абдолласы», фольклорлық некен-саяқ атрибуты кешірсек, мəдениетті, сұлу поэма санатына қосылады.
Абайдың ақындық мұрасын тексергенде, одан асып түскен поэмалардың болуы табиғи. Ал, бірақ Абай лирикасынан озған өлең қазақта жоқ. Келешекте болса, ол ырыс нұры. Осы шындықты түсінбейтін кейбіреулер «қазақ поэзиясы мазмұн жағынан Абайдан озық, мазмұн жағынан кенже» деген пікірді айтады. Бұндай қарадүрсіндік эстетиканың табиғатына жат. Əдебиетте,оның ішінде поэзияда мазмұн мен түрді жіктеуге болмайды. Поэзияның өзі өмір шындығынан туған дербес дүние емес пе?!

ҚОРЫТЫНДЫ


Қорыта келгенде, Абай Бердақты білген болар, шығармаларын оқыған болар, оқымаса, жоғарыда көрсеткен ұқсастықтар қайдан шығады деген сіяқты жорамалдар жасағанымыз болмаса, осы пікірді дәлелдеп айтуға дәлеліміз жоқ. Алайда біздің айтарымыз: Абайдың қазақ ауыз әдебіетінің үлгілерін, өзіне дейінгі және өзімен замандас ақындардың шығармаларын білгендігіне шек келтіруге болмайды. Ал енді олардың Абайдың ақындық талантын қалыптастыруға, дарынын шыңдауға қандай ықпалы мен әсері болды дегенге келетін болсақ, онда Абай анадан мынадай, мынадан анадай үлгі-өнеге алды деп дәл көрсетіп айтарлық дәлеліміз болмаса да, оған жалпы қазақ поәзіясының ігі ықпалы болғандығын жоққа шығара алмаймыз. Ол өзіне дейін қалыптасқан дәстүрлерге сын көзімен қарай отырып, творчестволық жолмен өзінің ақындық бетін айқындады.
Абайдың қазақ әдебіетімен өнерпаздық байланысын осымен доғарып, енді оның Шығыс әдебіетінен қаншалық азық алғандығына назар аударайық. Ол үшін әуелі «Шығыстық» деген сөздің басын ашып алу қажет.
«Шығыс» дегенде біз ісламдық Шығысты айтамыз ғой. Ісламды туғызған ел - Араб. Арабтың Орта Азияны отарлауы Мұхаммед пайғамбардан кейін, оның шаһар-ярларының тұсында. Ең алдымен олар Ауғанстанды, Иранды алып, VIII ғасырда Тянь-Шань мен Алатаудың екі бауырын бөктерлей отырып, Қашқарияға барып тоқтады. Орта Азияға, оның ішінде өзбек, түркмен, татар, қазақ сияқты елдерге исламды әкелген арабтардың езі емес, мұсылманға айналған парсылар, парсыдан тараған исламға қазақ елі ерте бағынған. Ислам дінін қабылдау қазақ тіліне әсерін қатты тігізген. Қазақтың байырғы сөздері деп жүрген сөздеріміздің талайы түрін өзгерткен парсы сөздері екенін тілшілеріміз дәлелдеуде. Мәселен, қазақтың «орамал» деген сөзін, парсының «ро»-бет, «мәл»- сүрткіш деген екі сөзінен құралды деп қай қазақ ойлар? Ешбір қазақ «орамалдың» «ро-мәл» екенін, «ро-мәлдің» «бет сүрткіш» екенін білмейді; бірақ «орамал» деген шүберектің бетті сүртуге арналғандығын білмейтін қазақ жоқ. Осындай парсыдан ауып кеп, қазақ ауылында мәңгілік отырып қалған сөздер қазақта талай сан. Парсы мен арабтың қазақ тіліне ерте кезде сіңген сөздері, кейін қазақтың байырғы сөздері боп кетіп, кірмелік маңызын жоғалтқан. Бұл арада оқушылардың есіне сала кететін бір мәселе- қазақ таріхы туралы күні бүгінге дейін жазылып жүрген еңбектерде, қазақтың іслам дінін қабылдауын XVI ғасырдың бер жағына әкеледі.
Қорыта айтқанда, туысқан қарақалпақ халқының мақтанышына айналған кемел ақын, кемеңгер ойдың іесi Бердақты, Орталық Азия халықтары да айрықша қадiр тұтып, өз ақыны ретiнде танып, оның тамаша туынды ларынан рухані нəр ала бермек. Жыл өткен сайын ақын тұғыры біiктеп, туысқан оқыр мандар арасында да айрықша қастерлене түспек. Бұл – ақындар Абай менен Бердақтың, оның шығармаларының өмiршеңдiгiн байқатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет