Омыртқа жотасы (алдынан көрініс): 1 — мойын омыртқалары; 2 — кеуде омыртқалары; 3 — бел омыртқалары; 4 — сегізкөз омыртқасы; 5 — атлант; 6 — көлднең өсіндісі; 7 — құймышақ
Омыртқа жотасы(columna vertebralis) 33-34 омыртқадан құралған . Олар 5 бөлімнен тұрады: мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құймышақ. Құрылысы мен пішіні жағынан омыртқалар бір-біріне ұқсас, бірақ әр бөлімнің өзіне тән ерекшелігі бар.
Омыртқалар бір-бірімен серпімді шеміршек арқылы біріккен. Әрбір омыртқаның денесі, доғасы, бірнеше өсінділері бар.
VI мойын омыртқасы (үстінен көрініс): 1 — қылқанды өсіндісі; 2 — омыртқа өзегі; 3 — төменгі буын ойдымы; 4 — жоғарғы буын ойдымы; 5 — омыртқа денесі; 6 — көлденең өсінді; 7 — көлденең өсіндісінің тесігі; 8 — қабырға өсіндісі
III бел омыртқасы
(үстінен көрініс): 1 — қылқанды өсіндісі; 2 — жоғарғы буын өсіндісі; 3 — төменгі буын өсіндісі; 4 — көлденең өсіндісі; 5 — омыртқа өзегі; 6 — денесі
Мойын омыртқаларының саны 7. Көлемі кіші, көлденең өсіндісінде тесік болады.
Бел омыртқалары саны-5, бір-бірімен тығыз байланысқан. Денесі мен білікше өсіндісі үлкен, жалпақ.
Кеуде омыртқасының саны-12., денесі жоғары және төменгі бүйірінде қабырға үшін ойығы бар. Бұл ойыққа қабырғаның басы келіп қосылады. Өзек тесігі дөңгелек, білікше өсіндісі ұзын, арқадан төменгі қарай, тасбақаша жатады.
Сегізкөз бірігіп кеткен 5 омыртқалар жиынтығы. Пішіні үшбұрышты, жалпақ, төменге қарай тарылады. Алдыңғы бетінде көлденең 4 сызық, омыртқалардың қосылуынан қалған. 4 жұп тесігі бар, жұлынның жүйкелері шығады.
Құйымшақ А — алдынан көрініс;
Б — артқы көрініс: 1 — құйымшақ мүйізі; 2 — өсіндісі; 3 — құйымшақ омыртқалар.
Құйымшақ 4-5 жетілмеген омыртқадан тұрады. Олар бір-бірімен серпімді шеміршек арқылы байланысқан.
Омыртқаның бірігуі
Дененің тірегі болып табылатын меншікті бағананың өзін түзетін омыртқа денелері өзара омыртқа аралық дисктер (discus intervertebralis)деп аталатын симфиздер арқылы қосылып, байланысады. Әрбір осындай диск талшықты-шеміршекті табақша болып табалады. Бұл талшықтар табақшаның беттерінде аса берік фиброзды сақина (annulus fibrosus) түзеді, табақшаның ортасында жұмсақ талшықты шеміршектен тұратын арқа хордасының қалдығы сілікпетәрізді ядро (nucleus pulposus) болады. Бұл ядро күшті қысылған және ұдайы кеңеюге тырысады, сондықтан ол серпіндіріп және буфер тәрізді соққыларды жұмсартып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |