Қорытынды
Қорыта келгенде, техникалық әдістер арқылы жерге орналастыру іс−қимылдары, олардың құқықтық, әлеуметтік−экономикалық мәні іс жүзінде жүзеге асырылады. Қазіргі жерге орналастыру елдің экономикасына соның ішінде аграрлық саласына жаңа нарық қатынастарын енгізумен байланысты. Ол Конституция мен жер заңдары негізінде жүзеге асырылатын аграрлық саясаттың құралы болып табылады. Жер Кодексінде бұрынғыдай жер пайдалану мен жер иеленудің әр түрлі формалары мен ережелері ескерілген. Бұл заңның негізгі мақсаты жойылған колхоздар мен совхоздардың негізінде құрылған шаруа қожалықтарына, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, өндірістік кооперативтерге, сонымен бірге ауыл тұрғындарының қосымша шаруашылықтарының, қала тұрғындарының бау-бақшалығының, өнеркәсіп, энергетика басқа да шаруашылықтарының әрі қарай дамуына қолайлы территориялық жағдай жасау. Жер реформасының негізгі мақсаты−жерге иесін қайтару. Жер адамның материалдық саламен байланысты қызметінде өндірістік байланыстардың нысаны болып табылады. Сонымен қатар ол барлық салаларында өндірісті ұйымдастыруда жер басты инженерлік база. Қандайда болмасын құрылыс тұрғызарда (нысандарды жобалауда) жұмыс жер телімінің бөлінуінен басталады. ҚР-ның Жер кодексіне сәйкес жерге орналасу жобасына сай шынайы түрде жер ауданы мен оның шекарасы анықталмай құрылыс жұмыстарын бастауға тыйым салынады. Бұл ереже шахта, кен орындары, энергетика, фабрика, завод, жолдар құрылысы және т.б. нысандарға қатысты. Ал ауыл шаруашылығында жер өндірісінің басты құралы. Сондықтан жерге орналастыру жобаларын жасауда оның сапасына, жанжақтылығына аса үлкен көңіл бөлінеді, онда жер жобалаудың жалпы талаптарымен қатар сол алынған аймақтың ерекшеліктері, климаты, нысандардың орналасуы, шаруашылықта тиімділігі, яғни барлық жағдайлары қарастырылады, ескеріледі. Ауыл шаруашылығында жерде өндірісті ұйымдастыру жерді пайдаланудың сыртқы шекараларын жобалаудан басталып, сол жобаны шынайыға шығарып жүзеге асырумен аяқталады. Жерге орналастыру жобаларын жасау нәтижесінде жеке меншік, ауыл шаруашылық,
шаруашылыққа жатпайтын, яғни жерге орналастыру нысандарының қатарына енгізілген жер телімдерінің тығыз тораптары қалыптасады. Жеке жер иелері мен жерді пайдаланушылардың жерлерінде өндірісті аумақтық ұйымдастыруға өзгерістер енгізіледі, болашақта жобалау, оны әлеуметтік экономикалық, экологиялық тұрғыдан және техникалық есептемелерімен негіздеу және соның нәтижесінде аумақты жаңа кеңістікте ұйымдастыру. Жерге орналастыру жобалаудың негізгі мазмұны болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |