Жоспары: Көне Египет мәдениеті



бет1/5
Дата27.09.2023
өлшемі28.38 Kb.
#478799
түріСабақ
  1   2   3   4   5
№2. Көне Египет мәдениеті, көне Шығыс мәдениеті, Антика мәдениеті


Сабақтың тақырыбы: Көне Египет мәдениеті, көне Шығыс мәдениеті, Антика мәдениеті
Жоспары:

  1. Көне Египет мәдениеті

  2. Көне Шығыс мәдениеті

  3. Антика мәдениеті

Көне Египет мәдениеті
Ежелгі өркениеттер - әлемдік мәдениет (көркем өнер, ғылым, дін) тарихында ең маңызды кезең, жаңа және жаңару, қазіргі заманның негізі болып танылғандықтан, өткенді, бүгінді түсініп білуге, болашақты оң болжауға көмектесері хақ.. Бізді сол дәуірлерден айырып тұрған уақыт алшақтығы да аз емес: Иерихонға-10 мың жыл болса шамамен, Бабылға (Вавилония) - 4 мың жыл шамамен, Римге - 2 мың жыл. Бірақ олардан қалған мұралар әлі күнге өмір сүруде. Бізге келіп жеткен металдар мен металлургия, шаруашылықтың барлық түрі, ғылым (алфавит, календарь), өнер т.б. с.с. сол дәуірден бастау алып келеді. Ежелгі өнер туындыларымен танысу да, ғасырлар бойғы адамзаттың рухани мәдениетін түсіндіре отырып, жер бетіндегі барлық ұлт пен халықтардың гуманистік идеалының біртұтастығын көрсете отырып,-жалпыадамзаттық адамгершілікке тәрбиелеудің керемет мектебі екенін дәлелдей түседі. Ежелгі өркениеттердің тағы бір ұлылығы, ол, жеке тұлғаларды, белгілі авторларды, ұлы данышпан адамдарды дүниеге әкелді. Олардың аты адамзат мәдениетінің тарихында мәңгілікке орын алған. Олар Будда, Заратуштра, Кун-Цзы, Библиялық пайғамбарлар (Диоген, Платон, Аристотель және т.б.с.с.).
Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік тарихта өркениеті мен мәдениеті ерте дамыған мемлекеттіің бірі болды. Көне Мысыр мәдениетінің ең басты ерекшелігі – ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарды. Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған. өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төңірекке өмір мен береке туғызады, ал тартылғанда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені – одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Жыл сайын буырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге қайтып оралады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну – перғауындарды «құдай» деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай патшаларының (перғауындардың) құрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады. өз . Б.з.б. III-II ғ. құдай – патшаларға арналған құрылыстар – пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалды. Пирамидалар салу мемлекеттің экономикасын әлсіретіп, қазынаны тауысты, әсіресе халық тарапынан көп шығын мен жұмыс күшін қажет етті. Сондықтан да, пирамидалар салу – халық қайыршылығының басты себепкері болды. Ал, бүгінгі ұрпақ осыдан бес мың жылдай бұрын тұрғызылған Египеттің ең көне пирамидасы – перғауын Джосердің пирамидасын жасаушының аты-жөнін білуі – осы ащы шындықтың айғағы болса керек. Оның сәулетшісі – Имхотептің ғалымдық, дәрігерлік, философиялық еңбектері өз заманында аса жоғары бағаланған.
Адамзат баласын таң қалдырған талай мәдени мұралар күлге айналып, гүлденген қалалар жермен жексен болды, мейірімсіз де қатал уақыттың сынына шыдай алмаған кереметтер («Әлемнің жеті кереметі») бірінен соң бірі жоғала бастады. Ал бүгінгі күнге кереметтердің ең көнесі осы Мысыр пирамидалары ғана жетіп отыр, ендеше көне тарихтың куәгері болған бұл тамаша ғимараттар әлі де талай ұрпақтардың қызықтай берер аса құнды мәдени ескерткіші ретінде қала бермек.
Б.з.б бір мың жылдықтың басына қарай пирамидалар салынуы тоқтатылды. Бұл дәуірден кейінгі кезеңдерде де Египет өнері өз дамуында айта қаларлықтай табыстарға жетті. 1922ж. дүние жүзін таң қалдырған тамаша жаңалық, яғни баға жетпес көркемөнер қазынасы сақталған перғауын Тутанхамонның мұхият жасырылынған қабірі табылды. Бұл тамаша табыс – ағылшын археологы Г. Картердің «Патшалар алқабындағы» ұзақ жылдар бойы жүргізген еңбегінің жемісі болатын.
Египет мәдениеті – сан-саналы мәдениет. Солардың бірі – біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері.

Көне Шығыс мәдениеті






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет