Жоспары. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар. Ақиқат



бет4/7
Дата21.10.2022
өлшемі133.49 Kb.
#463128
1   2   3   4   5   6   7
Ақиқат

Бұғы туралы аңыз.Аңшылар бұғына атып алмақшы болады, ол қашып келе жатып әлгі адамның алдынана өтеді, аңшылар одан бұғыны көрдің бе? - сұрайды. Ол: Менің көзім көрді аузым сөйлемейді, Аузым сөйледі бірақ көзім көрген жоқ.
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар. Олардың адам тұлғасының құрылымен байланысы.

Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар


Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады.
Абсолютті жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына, тумысына берілген сый және адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр береді.
Абсолютті жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту үдерісіне енгізу адамның ізгілікті қасиеттерін ашуға, оның рухани дамуына ықпал етеді.
Негізгі бес абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.
1. Ақиқат деп – адамның объективтік өмір шындығын дұрыс, дәл бейнелеуін, оны санаға өмірде қандай болса, сондай күйінде түсіруін айтады.
2.СҮЙІСПЕНШІЛІК
Сүйіспеншілік – дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуатты энергия.
3. ДҰРЫС ӘРЕКЕТ
Дұрыс әрекет - жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс-жүзінде қолданылатын құндылық.
4. ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ
Адам ақиқатты, сүйіспеншілік пен дұрыс әрекет істегенде ғана жан тыныштығын табады.
5.ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ
Қиянат жасамау – басқаларға зиян келтірмей өмір сүру.
Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау - бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.








Ішкі үйлесімдікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс.


Қиянат жасамау – рухани деңгей
Ақиқат – интеллектуалдық деңгей. (ажырату, интуиция)
Сүйіспеншілік – адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл-ой, сөз)
Тыныштық – эмоциялық деңгей
Дұрыс әрекет – физикалық деңгей
Әрекет арқылы сүйіспеншілік- Дұрыс әрекет
Сезім арқылы сүйіспеншілік- Ішкі тыныштық
Ой және сөз арқылы сүйіспеншілік- Ақиқат
Түсінісу арқылы сүйіспеншілік- Қиянат жасамау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет