Жұқпалы аурулар туралы түсініктеме



Дата21.06.2022
өлшемі17.43 Kb.
#459401
Жұқпалы аурулар туралы түсініктеме


Жұқпалы аурулар туралы түсініктеме

Жұқпалы аурулар (латын сөзі infection — жұқтыру)- бір топ патогенді қоздырғыштармен шақырылатын; жоғары жұғуымен, цикл түрінде өтуімен сипатталатын, арнайы иммунитет құратын, кең таралған аурулар. Жұқпалы аурулардың әлеуметтік- экономикалық маңыздылығы. Әлеуметтік- экономикалық мағынасы 2 фактордан құралады Сырқаттану деңгейі Өлім көрсеткіші деңгейі Адам патологиясының ішінде үлес салмағы 60-70 % ( ДДҰ жүрек тамыр және онкологиялық аурулардан кейін 3 орында ). Жұқпалы аурулардың назологиялары мыңнан астам.


Жұқпалы аурулар дүние жүзінде маңызды мәселелердің бірі.Бұрын- эпидемиялар мен пандемиялар (оба, нағыз шешек, холера, бөртпе сүзегі, іш сүзегі, грипп т.б – адам өліміне басты себебі болған. Қазіргі күнде- көптеген инфекциялармен сырқаттану біршама төмендеуде. Бұрын төмендеген инфекциялар өршіп, қайтадан бас көтеруде ( туберкулез, дифтерия, безгек, холера).Кейбір табиғи инфекциялардың белсенділігі жоғарлауда ( оба, кене энцефалит, геморрагиялық қызбалар, лептоспироз).
Зоонозды инфекциялардың таралуы кеңейген ( сібір жарасы, туляремия, құтырма) жана аурулар пайда болып жатыр ( АИТВ, ротовирусты синдром, Лайм ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалар, боррелиоз, легионеллез,холера бенгал).Баяу дамитын нерв жүйесінің зақымдауымен өтетін аурулар көбеюде Қазіргі күнде жұқпалы аурулардың құрамында көбінесе вирустармен шартты патогенді микробтар шақыратын инфекциялардың үлес салмағы жоғарлауда.
Жұқпалы аурулар адам организміне қоздырушы микробтар түсу салдарынан пайда болады. Барлық жұқпалы аурулардың ортақ белгісі жұққан организмнен сау организмге берілуі болып табылады және белгілі бір жағдай орнағанда жаппай, індеттік сипат алады.
Жұқпалы ауру эпидемиологияда жеке түрлік, ал кейде типтік жағынан да жеке қоздырушы туғызған жұқпалы жағдай ретінде түсініледі. Сансыз тірі организмдер арасында микроскоптың түрдегі немесе микроорганизмдер көрнекті орын алады. Олар топырақта, суда, ауада, айналадағы заттарда бар. Олар азот, көміртегі, сутегі және табиғаттағы басқа элементтердің айналымына қатысады. Ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсіптерінде, медицинада пайдаланылатын адамға пайдалы микроорганизмдермен қатар адамдардың, малдардың және өсімдіктердің ауруын шақыртындары да бар. Бұл микробтар зардапты, яғни ауру тудыратын деген атауға ие болған. Ауру тудырмайтын және сыртқы ортада өмір сүретін микроорганизмдер сапрофиттер деп аталады.
Қоздырушыларды берудің неғұрлым типтік факторларын қарастырайық:
А) ішек жұқпасын біреудің фекальдіөауызды механизмі жағдайында неғұрлым мамандырылған себепшарт деп:
Суды (құдықтық, көлдік, арықтық, өзендік құбырлық, канализациялық, тоқтаулық, жаңбырлық)
Тамақ өнімдерін (сүт, ет немесе балық іркілдекті тағамдар, сілікпе, кремді торттар, котлеттар, ет мылжасы, көкөніс, жеміс, жидектер)
Топырақтар
Былғаныш қолды
Шыбындарды

Ішу, жеу, темекі тарту, шомылу, және басқа күнделікті тұрмыста пайдаланылатын түрлі заттарды санаған жөн.


Тыныс жолдары жұқпалы қоздырғыштарды ауа тамшы механизмінде беру факторы ауа болып табылады.
Қанды жұқпалы қоздырғыштарды трансмиссивтік механизмінде беру факторы қызметін аяқ мүшелді түрге жататын тірі тасымалдаушылар атқарады.
Микробтарды жіктеу
Саңырауқұлақтар (уқ саңырауқұлақ) – бұл түрі бар және жіктерді құрайтын көп клеткалы организмдер, өсе келе ерін түрінде шырмалатын бұтақтар береді. Ауру тудыратын саңырауқұлақтар шашты, тырнақты, теріні, (таз, бұзаутаз) және ішкі органдарды (концидиоидомикоз, гистоплазмос) зақымдайды.
Қарапайымдылар – бір клеткалы организмдер, қабығы, протоплазмасы және ядросы (безгекті плазмодий) бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет