Науқасты күту ерекшелігі
Науқасты ұстама кезеңінде (пароксизм) күтуді ұйымдастыруңа көңіл бөлінеді. Науқастың
қалтырауында оны жылжытқышпен жылытады, ал қызба кезеңінде дене қызуын түсіреді
(физикалық жолмен және дәрілерді пайдалану арқылы), қан қысымын, тыныс алуын,
тамыр соғуын, зәр бөлінуін, дене қызуын бақылайды. Дене қызуы күрт түскенде
(коллапс), қан қысымының күрт түсуінің алдын алу үшін дәрісі бар қобдишаы
пайдаланылады. Аурудың үшінші кезеңінде теріні, шырышты қабатты күту, төсек орын,
киім – кешекті ауыстыру қажет. Әртүрлі жағдайларға байланысты науқасқа жедел көмек
көрсету керек. Аурудың асқынуының алғашқы белгілері байқалғанда, жедел дәрігерді
шақырып, науқасты қарқынды емдеу бөлмесіне ауыстырған жөн.
Алдын алу шаралары
Ауруды, қоздырғыш тасымалдаушыларды анықтап, емдеу. Масадан сақтану, онымен
күресу. Химиялық алдын – алу шараларын орындау. Халықтың арнайы қабылдамағыштық
қабілетін көтеру. Ауырғандарды арнайы есепке (Д учет) алынады. Сонымен қатар
репеленттерді пайдаланады.
Химиялық алдын – алу шаралары
Жалпылай – ошақтағы адамдарға примахин беріледі;
Жекеше – тропикалық безгек ауруы бар аумаққа барарда алдын – алу жұмысы жүргізіледі
(хинин, артемезин, делагил, амодиахин, плаквенил, пиреметамин, малоприм т.б.). Дәріні
ошаққа барарда 2 – 3 күн бұрын қабылдайды, одан әрі дәрі беру жалғасып, ошақтан
келгеннен кейін 2 – 6 апта бойы іше береді. 3 жыл бойы қан тапсыруға болмайды.
Айыққандарды, эндемиялық аймақтан келгендерді де 3 жыл есепке алады. Осы адамдарда
дене қызуы 5 күн бойы көтерілсе, қанын тексеру керек.
Глоссарий1.
Спорогония (жыныстық кезең) – ақырғы қожайынның ағзасында дамиды–
анофелес масаның ұрғашысы.
2. Шизогония(жыныссыз кезең) –аралықтағы қожайынның ағзасында - адамда).
3. Гепатоцит – адамның және малдың бауыр паренхимасының жасушалары.
Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары.
1. Безгек қоздырғышы не болып табылады?
2. Плазмодий қалай дамиды? Эпидемиология.
3. Безгек ауруында кәзіргі замандағы эпидемиологиялық жағдай қандай болады?
4. Аурудың дамуы.
5. Клиникалық белгілері қандай? Аурудың фазалары қандай?
6. Зерттеу тәсілдері, емдеу мен науқасты күту.
7. Алдын алу шаралары.
8.Безгек ауруын мемлекетке кіргізбеуге қандай шаралар қолданады?
Достарыңызбен бөлісу: |