Жұқпалы ауру зертханасында ауруды жұқтырмау ережелері:
зертханаға міндетті түрде халатпен, бас орамалмен кіру керек( керек кезінде: фартук, резеңке қолған, маска, сақтайтын көзілдірік, резеңке етік киеді);
белгілі бір орында жұмыс істеп, дайындалған құрал жабдықтарды қолдану керек;
жұмыс үстелiнде тек жұмысқа керектi ғана құрал- жабдықтары болуы тиiс;
спиртовкаларды тек сiрiңкемен жағу керек. Оның iшiнде спирт болғандықтан өртке қауiптi болып есептеледi;
зертханаға бөгде заттарды, жейтiн тамақ алып кiруге, темекi шегуге тиым салынады;
жұмыс кезiнде тазалық сақтаған жөн;
электр тоғынан сақ болу қажет;
химиялық және басқа реактивтермен жұмыс жасаудың ережелерiмен алдын ала танысып алу керек;
жұмыс аяқталғаннан кейiн жұмыс орнын жинастырып ретке келтiру керек;
зертханадан шығарда қолды сабындап жуу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |