Артериялық қысымның күрт жоғарлауы
(гипертониялық криз)
АҚ күрт жоғарлағанда систолдық қысым 200-300 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі.
Бас ауырады, басы айналады, желке тұсы ауырады, құлағы шыңылдайды, көздің қарауытуы болады.
Көмек:
Физикалық және психикалық тұрғыда тыныштық сақтау.
Тез арада дәрігер шақыртыңыз.
Қатал төсек тәртібін сақтап, басын көтеріп жатқызыңыз.
Кеуде тұсын ағытып, терезені ашып таза ауа кіргізіңіз.
Желке тұсына, балтырының бұлшық етіне қыша қағазын қойыңыз.
Қолдарын ыстық ваннаға салыңыз, аяғына жылтқыш қойыңыз.
Дәрігер келгенге дейін науқастың жағдайын бағалаңыз, АҚ, тамыр соғуын анықтаңыз.
Күтім іс-әрекеттерін жатқан орнында атқарыңыз.
Жүрек ырғағының бұзылуы (коллапс)
Коллапстің болуы – тез арада қан айналымы бұзылу әсерінен артериялық қысым күрт төмендейді, мұндай жағдай инфаркт миокарда да, қан кетуде және т.б. жағдайларда кездеседі.
Көмек:
Тез арада дәрігер шақыртыңыз.
Науқасты шалқасынан жастықсыз жатқызыңыз.
Науқасты жылылап жауып, аяғына жылтқыш қойыңыз.
Оттегі жетіспеуінде оттегі беріңіз.
Қажетті дәрі-дәрмектерді дайындаңыз.
Естен тану (обморок) Көмек:
Көмек:
Науқасты жастықсыз жатқызып, аяғын көтеріңіз.
Кеуде тұсын ағытып, терезені ашып таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз.
Тез арада жедел жәрдем шақыртыңыз.
Бетіне, кеудесіне суық су шашыңыз.
Нашатр спирті жағылған тампонды мұрнынан 2-3 мәрте жүргізіп, самайына жаға сүртіңіз.
Алақанмен бетін шапалақтап немесе суық сулы орамалмен сүртіңіз.
Аяғына жылтқыш қойып, үстін жылы жабыңыз.
Қажетті дәрі-дәрмектерді дайындаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |