Жүректің шартты тұйықтық көлемін анықтау. Жүректің оң жақ шегін анықтау


Эритроциттердің саны қалыпты жағдайда ер адамда 4,0·10



бет5/8
Дата30.10.2022
өлшемі359.42 Kb.
#463646
1   2   3   4   5   6   7   8
пропед навыки

Эритроциттердің саны қалыпты жағдайда ер адамда 4,0·1012 – 5,5·1012 /л, әйелдерде 3,7– 4,7·1012 /л. Эритроциттердің санының көбеюі - эритроцитоз деп аталады. Абсолюттік эритроцитоз эритроциттердің шамадан тыс дамуының салдары, жалған эритроцитоз қанның қоюлануымен байланысты (қан кету, шок, ісіктердің тез ұлғаюы, ашығу, сұйықтықтықты жоғалту). Қан массасы қалыпты көрсеткішінде эритроциттердін санының көбеюі – тыныс алу жетіспеушілігі жағдайда, қатерлі ісіктерде, тұрақты күштемелерде (ұшқыштарда, су астына сүңгушілерде), алғашқы үш күнде жана туған нәрестелерде байқалады. Патологиялық жағдайда эритроциттер санының көбеюі - іштен туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақауларында, өкпе эмфиземасында, қан ауруында (эритремия) байқалады. Қанның бірлік көлемінде эритроциттердің санының кемуі – эритроцитопения деп аталады.
Гемоглобиннің қалыпты көрсеткіші ер адамдарда 130 – 160 г/л, әйелдерде 120 – 140 г/л. Кейбір іштен туа біткен жүрек ақауларында, жүрек – өкпе жетіспеушілігінде, ыстық цех жұмысшыларында, құсықтан кейін, күйікте гемоглобиннің мөлшерінің өсуі байқалады. Лейкоциттер – қанның ақ түйіршіктері деп аталады. Лейкоциттердің негізгі қызметі - организмді микробтардан, суық пен ыстықтан, денеге зиянды заттардың енуінен сақтау. Қанның 1мм³ (куб.мм) мөлшерінде 4000 – 8000 лейкоциттер болады.
Лейкоциттер: 1. Түйіршікті
2. Түйіршіксіз болып бөлінеді
Түйіршікті: нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер;
Түйіршіксіз: моноциттер, лимфоциттер.
1. Таяқшаядролы 2-5 %
2. Сегментядролы-51-67%
Эозинофилдер саны 2 4 %. Эозинофилдер санының көбеюі – эозинофилия, аллергиялық ауруларда; эозинофилдердің азаюы – эозинофилопения қатал уланғанда кездеседі. Лимфоциттер. Лимфоциттер саны 23 – 35%. Лимфоциттер организмнің иммундық реакциясын қамтамасыз етеді. Лимфоцитоз жедел жұқпалы аурулардың сауығу кезінде, туберкулезде, лимфолейкозда, тиреотоксикозда кездеседі. Лимфопения (азаюы) сәуле ауруында, лимфогранулематозда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет