Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет59/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

12
 
қатаң сақтау технологиялық тәртіп деп аталады. 
Технологиялық тәртіптің сақталуын бақылауды техникалық 
бақылау бөлімінің (ТББ) персоналы жүргізеді. Жөндеу жұмыстарының 
сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін ТББ персоналының әр 
қызметкері кәсіби білімді болуы, клиенттермен (тапсырыс берушінің 
өкілі) қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі, сондай-ақ жөндеудегі 
машинаның ақаулықтары және оларды жою бойынша талаптар туралы 
деректерді білуі тиіс.
Бақылау үдерісі кезінде ТББ қызметкерлері жиналмалы бірліктер 
мен детальдардың формасы мен мөлшерінің сызбалардан (графикалық 
сипаттамалар) ауытқымауын, олар «Конструкторлық құжаттаманың 
біртұтас жүйесінде» (КҚБЖ) бекітілген; детальдардың тегістелген 
және жалтыратылған беттері кездейсоқ зақымданудан қорғалғанын; 
түйісетін детальдардың ілінісіп қалмай қозғалуын бақылайды. Жол 
және құрылыс машиналары детальдары мен жиналмалы бірліктерінің 
типтік ақаулықтарының белгілері 6.2-кестеде көрсетілген.
Жинау кезінде құрамдас бөліктер элементтерін ұяға тығыздап, 
бұралатын жазықтыққа перпендикуляр қалыпта бұрайды, жазықтыққа 
перпендикуляр болу үшін түйрегіштерді майыстыруға болмайды. 
Біріктірілген жиналмалы бірліктердегі төсемдер түйісетін жазықтыққа 
жабысып, тегіс жатуы, олардың жан-жағынан шығып кетпеуі тиіс.
Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде пісіру жігінің тегістігін 
бақылайды, пайда болған күйіктерге, жарықтарға, қаспақтарға назар 
аударады.
Машинаны, оның жиналмалы бірліктері мен құрамдас бөліктерін 
күрделі жөндеуге тапсыру мен күрделі жөндеуден шығарудың 
техникалық шарттары жөнделген жол және құрылыс машиналарының 
сапасын бекітетін басты нормативті-техникалық құжаттарға жатады.
Жиналған құрамдас бөлшектер мен жиналмалы бірліктерді 4.4-
тараушасында көрсетілгендей, майлайды.
ТББ таңбасы жұмыс сапасына бақылау жүргізілгендігінің дәлелі 
болып табылады.


ЖОЛ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС 
МАШИНАЛАРЫН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУГЕ 
ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ
 
Машиналарды күрделі жөндеуге тапсыру тәртібін қарауды 
жөндеудің бұл түріне нормативтік-техникалық құжаттамада 
көрсетілген қорын тауысып, шекті жағдайға жеткен машиналар 
тапсырылатынынан бастаған дұрыс.
Күрделі жөндеуге тапсырылатын машиналардың конструкторлық 
құжаттамада көрсетілген құрамдас бөліктері, жиналмалы бірліктері 
мен детальдары болуы тиіс екенін білу керек. Күрделі жөндеуге 
тапсырылатын машиналарды тапсырыс беруші кірден тазартады
элементтердің бір-біріне іргелес жатқан беттерін (гидроцилиндр 
штоктары және т.б.) консервациялық майлау материалымен майлайды, 
қуыс детальдардың тесіктерін тығыздап жабады.
Жиынтығы сәйкес келмейтін, құрамдас бөліктер мен базалық 
детальдарда жөнделмейтін ақаулықтары бар, әзірлеу технологиясы 
бұзылған (мысалы, бұрандамамен бекітудің орнына дәнекерленген), 
ілеспе құжаттамасы жоқ, ілеспе құжаттамасы дұрыс толтырылмаған 
машиналар күрделі жөндеуге қабылданбайтындығын ескерту керек. 
Жөндеуден өткен жол және құрылыс машиналары жөндеуге 
жіберілген ұйымдарға қайтарылады.
БАҚЫЛАУ
СҰРАҚТАРЫ
 
1. Жол және құрылыс машиналарына қандай жағдайда жөндеу жүргізіледі?
2. Машиналарға күрделі жөндеу жүргізу әдістерін атаңыз.
3. Жөндеу операциялары түрлерінің сипаты қандай және қандай жиналмалы 
бірліктер күрделі жөндеу кезінде ажыратылмайды?
4. Күрделі жөндеуге қандай машиналарды тапсырады?
5. Күрделі жөндеуге тапсырылатын машиналарға қойылатын талаптарды атаңыз.
6. Қандай машиналар күрделі жөндеуге қабылданбайды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет