13
■
рессор парақтарының өзара орналасуын өлшеу;
■
аккумулятор батареяларының желдеткіш тесіктерін тазарту;
■
Эксплуатация жөніндегі басшылықта (ЭБ) берілген майлау
сызбасына сәйкес құрамдас бөліктер мен жиналмалы бірліктерді
майлауды жүргізу;
■
бос жүріс кезіндегі машинаның жұмысын тексеру.
ТҚ-2 үдерісінде Машиналардың эксплуатация жөніндегі
басшылығындағы талаптарды сақтай отырып, алдымен ТҚ-1
операцияларын орындайды. Кейін:
■
отыру-ілінісу құрылғысын бекіту бұрандамаларының тартылуын,
тартқыштың біріктіргіш магистраліндегі қысымды тексереді;
■
беріліс қораптарындағы және жетекші белдік картеріндегі майды
ауыстырады;
■
отыру-ілінісу
құрылғысы
көлденең
және
тік
осьтері
серіппелеріндегі саңылауларды реттеуді орындайды.
Скреперлерге АҚ кезінде жұмыстарды жүргізу технологиясы 4-
тарауда көрсетілгенмен бірдей.
СКРЕПЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫС ЖАБДЫҒЫ МЕН
ОТЫРУ-ІЛІНІСУ ҚҰРЫЛҒЫСЫНА ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Скрепердің жұмыс жабдығы болып есептелетін шөмішке (1.2-
сурет) ауысым сайын техникалық қызмет көрсету (АҚ) жабысқан
кірден тазартудан, жапқышты бекіту саусақтары мен тартқыш
рамасының бекітуін майлаудан, мұқалған пышақтардың қалпын
өзгертуден, дөңгелектердің дұрыстығын тексеруден, қабырғалар мен
түбінің жанындағы болат парақтардың тегістігін тексеруден тұрады.
Осы көрсетілген АҚ операцияларына қосымша, кейінгі ТҚ-1 мен
ТҚ-2 кезінде біріктірілетін мына операциялар орындалады: түптің
алдыңғы бөлігінің және пышақ астындағы плитаның дәнекерлік
біріктірулерін қарайды, олар өте берік дәнекерленген үшбұрышты
қима түрінде болады. Сондай-ақ, пышақ астындағы плитаның көлбеуі
тексеріледі, скрепер шөмішін түсіріп, оның пышақтарын топыраққа
кіргізген кезде кесу бұрышы машина конструкциясында көрсетілген
шекті (32 ... 35°) құруы керек. Қажет болса, басқа жағымен жұмыс
істеу үшін пышақтарды аудару керек. Сыртынан қарап, жүріс
құрылғысы артқы дөңгелектерінің осін бекітуге арналған буфер
рамасында майысулар мен сынықтар жоқ екендігін бақылау қажет.
|