Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет48/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

11
 
қаптамалар жаңа, жұмысқа қабілеттілігі тексерілген шкивтер мен 
қаптамаларға ауыстырылмайынша, машинаны одан әрі қолдану 
тоқтатылады.
Кабинаның жағдайын тексеру кезінде әйнектердің жарылмағанын, 
әйнек тазартқыштар қозғалып, алдыңғы әйнекті мұқият тазартатынын 
бақылау керек. Кабина есігі өздігінен ашылып кетпеуі үшін 
құлыптардың дұрыстығын тексереді. Кабина есіктері тығыз жабылуы 
тиіс, себебі тесіктерден шаң кіріп, ауаны ластайды. Тұтқалар мен 
педальдар өтетін жерлер қапталғандығына ерекше назар аудару қажет. 
Орындықтың көпшігі мен арқалығының техникалық жағдайы жақсы 
болуы тиіс; түсіп кеткен жерлер, шығып тұрған серіппелер болмауы 
керек, олар машинистің жұмыс жағдайын қиындатады. 
Басқару органдарын дұрыс жағдайда ұстап тұру үшін оларды 
мерзім сайын тексереді, майлайды, реттейді. Басқару органдарына 
техникалық қызмет көрсету операциялары олардың жиналмалы 
бірліктері мен детальдарын қараумен, тазартумен және ақаулықтарды 
жоюмен байланысты. Муфталарды басқаруды олардың дұрыс 
қосылып, ажыратылуы арқылы реттейді. Өздігінен қосылып не 
өздігінен ажыратылып кетпеу үшін басқару тұтқалары барлық қалыпта 
сенімді бекітілуі тиіс. Тұтқа топсаларын жүйелі түрде майлайды, бұл 
оны қосуға жұмсалатын күшті азайтады, сәйкесінше, машинистің 
жұмыс кезінде шаршауын төмендетеді. 
Шынжыр жүрісті біршөмішті экскаватордың айналмалы 
платформасы айналдыру тетігінің тежегішін бірнеше операцияны 
орындай отырып, реттейді (4.3-тараушасын қараңыз). 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1 2 3 3 4 5
1. Двигательдің салқындату жүйесіне техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстардың басты түрлерін атаңыз.
2
Желдеткіш белдігін тартуды қалай орындайды?
3
Пневмодөңгелекті және шынжыр табанды жүріс құрылғыларына 
техникалық қызмет көрсету кезінде қандай операциялар 
орындалады?
4
Машиналар жүріс құрылғысының шынжыр таспаларын тарту 
тәсілі туралы айтып беріңіз.
5
Машинаның гидрожүйесіне техникалық қызмет көрсету 
бойынша басты жұмыстарды атаңыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет