11
МАШИНАЛАРҒА
АҒЫМДЫҚ
ЖӨНДЕУ
ЖҮРГІЗУ
ҮШІН
ЖИНАЛМАЛЫ
БІРЛІКТЕР
МЕН
ДЕТАЛЬДАРДЫҢ
АҚАУЛЫҚТАРЫН
ЖОЮ
Ақаулықты жою машинаны жөндеудің технологиялық үдерісінің
операцияларын қамтиды, оларды орындау қолданыста болған
жиналмалы бірліктер және олардың детальдарының жөнделетін
техникаға пайдалануға жарамдылығы дәрежесін анықтауға мүмкіндік
береді. Жиналмалы бірліктер
және олардың детальдарында
қолданылатын материалдардың тозуы, коррозия, шаршауы, сондай-ақ
жол және құрылыс машиналарына техникалық қызмет көрсетудің
бекітілген ережелерінің бұзылуы нәтижесінде пайда болатын
ақаулықтар анықталса, ақаулықты жоюды жүргізу
қажеттілігі
туындайды.
Детальдар мен жиналмалы бірліктердің қолданыс кезінде қатты
ескіруінен одан әрі пайдалануға жол берілмейтіндерінен басқаларының
барлығы ақаулықты жоюдан өткізіледі. Әңгіме құлыпты және
серіппелі шайбалар, шплинттер, сальниктер,
резеңке манжеттер,
төсемдер туралы болып отыр. Оларды жаңа, қосалқы бөлшектер
қоймасында сақталатын детальдарға ауыстырады. Ауыстырылған
детальды брактайды, кейін жойып, қалдық ретінде құртады.
Ақаулықты жоюды жол шаруашылығының
эксплуатациялық
базасында, жуу бөлімшесінің жанында орналасқан және детальдарды
ақаулықтан арылтуға арналған үстел, тексеру плиталары, детальдар
мен жиналмалы бірліктерді қысылған ауамен үрлеуге арналған ұшты
шланг және т.б. сияқты құралдары бар арнайы бөлінген жерде
жүргізеді.
Ақаулықты жоюшы маман өз жұмысын орындау үшін қолданатын
бақылау
мен
өлшеу
құралдарына
жиналмалы
лупа,
штангенциркульдер, микрометрлер, индикаторлық нутромерлер,
щуптер, сызғыш, дефектоскоп, калибрлер
мен шаблондар жиынтығы
және т.б. жатады.
Көлемі ірі жиналмалы бірліктер мен детальдардың ақаулықтарын
жою жөнделетін машинаны бөлшектейтін жұмыс орындарында
жүргізіледі.
Ақаулықты жоюға дайындық машинаны тазарту мен жуу (4.1-
кесте), оның техникалық жағдайын тексеру, ақаулық ведомосін
толтырудан басталады. Жөнделетін машина жуылғаннан кейін
жинақтау жұмыстары кезінде одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау