Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет5/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

1
1.3.
 
Жалпы сипаттамаға біркелкілендірілген бұйымды жатқызуға 
болады. Ол бірнеше бұйымның конструкторлық құжаттамасында 
қолданылады, ол арқылы машинаны құрамдас бөліктер мен 
жиналмалы бірліктерге бөлу жеңілдей түседі.
Жол-құрылыс машиналарына сапалы техникалық қызмет көрсету 
мен жөндеу оларды МС 2.711—82*-ге сәйкес құрамдас бөліктерге 
бөлуді қажет етеді. Бұйымның (машинаның) және оның құрамдас 
бөліктерінің белгіленулері МС 2.201—80 бойынша стандартталған. 
Машинаны бөлу (бөлшектеу) толықтығының дәрежесі құрылғылардың 
күрделілігі мен жасалу ерекшеліктеріне байланысты болады.
ЖОЛ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫНА 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕН ЖӨНДЕУ 
ЖҮРГІЗУ ҮШІН ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕР МЕН 
ЖИНАЛМАЛЫ БІРЛІКТЕРДІ ЖАСАУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.3.1. Бульдозерлердің құрамдас бөліктері мен жиналмалы 
бірліктерін жасаудың ерекшеліктері
Бульдозерлер үшін (1.1-сурет, 1.3-кесте) дәстүрлі түрде базалық 
трактор 8, 14 және жұмыс жабдығы — қайырма 1, 10 қолданылады. 
Құрамдас бөлшек түріндегі базалық тракторда қозғалтқыш ілінісу 
муфтасы арқылы немесе гидротрансформатор арқылы беріліс қорабын 
және артқы белдікті іске қосады. Шынжырлы бульдозерде айналысты 
жұлдызшалар қозғалтқыштан бульдозерді алға немесе артқа қозғайтын 
шынжыр табанға тікелей жібереді. Қайырма 1, 10 бульдозердің жұмыс 
жабдығы болып табылады, ол қатты, топсалы итергіш білеулерден 
жасалады. Екінші типті гидроқиғаш тіреудің топсалы итергіш білеулері 
болады.
Гидрожабдыққа гидроцилиндрлер 3 және 13, құбыр желістері 4 
енеді; гидроцилиндрлер қайырманы 1, 10 төменгі, жұмыс жасайтын
тасушы және аралық қалыпқа орнатады. Машинаның гидрожүйесі екі 
гидравликалық контурдан тұрады: жұмыс жабдығы контуры және 
жүріс құрылғысы элементтерін тарту контуры. Жұмыс жабдығы
контуры гидросорғыны, гидротаратқышты, жұмыс жабдығын басқару 
гидроцилиндрлерін, құбыр желілерін және жоғары қысым түтігін 


1
біріктіреді. Жұмыс жабдығының гидросорғысы жол-құрылыс 
машинасы қозғалтқышының механикалық энергиясын жұмыс 
сұйықтығы легінің энергиясына айналдыру үшін қызмет етеді. 
Тозудың орнын толтыру, жұмыс сұйықтығының тістегершіктің 
бүйірлері арасындағы саңылаулар арқылы ағып кетуін азайту және 
болдырмау үшін сорғыда арнайы құрылғы қарастырылған.
1.1-сурет. Айналатын (а) және айналмайтын (б) қайырмалары бар 
шынжырлы бульдозерлер:
1, 10 — 
қайырма; 2 — көтергіш жақтау; 3, 13 — қайырманы көтеру-түсіру 
гидроцилиндрлері; 4 — гидравликалық құбырлар; 5 — подшипник; 6 — көлденең тақтай; 7 
— 
итергіш білеу; 8, 14 — базалық трактор; 9, 16, 17 — қайырма пышақтары; 11 —көлбеу 
итергіш; 12 — жақтау; 15 — шарнир


1.3-кесте. Бульдозерлердің техникалық сипаттамасы
 
Көрсеткіш
Бульдозер
ДТ-75, ДТРС-2, ДЗ-
42Г
Б10М1В
Б10МД
Б10МДЗ
Тартқыштық класы
4
10
10
10
Базалық трактор
ДТ-75
тюм
ТЮМ
тюм
Қозғалтқыш:
үлгісі
Д240
Д180
Д180
Д180
қуаты, кВт
60
130
130
130
Жұмыс (бульдозерлік)
Гидроқиғаштығы бар
Қиғаш гидроци-
Қолмен қиғаш 
Баптақпен жүруге
жабдығының типі
тік айналмалы 
линдрі бар 
қоятын тік
арналған үлгідегі тік
қайырма 
айналмалы қайырма
айналмалы қайырма
қайырма
Қайырма өлшемі, мм:
ұзындығы (ені)
2560
3440
4 300
4 300
биіктігі
800
1360
1 140
1 140
Қайырманың көтеру биіктігі, мм
600
1020
935
1220
Қайырманың тірелетін беттен төмен 
200
435
400
40
тереңдікке түсуі, мм
Қайырманың қисаю бұрышы, 
0
±6
10
6
6
Қозғалыс жылдамдығы, км/сағ:
алға
3,1... 11,2
3,6...10,1
3,9... 11,1
3,5...9,8
артқа
3,9...8,3
4,4... 12,5
4,9...8,7
4,3... 12,1
Габариттік көлемдері, мм:
ұзындығы
4650
5670
6015
6375
ені
2710
3440
4300
4 300
биіктігі
2680
3250
3250
3250
Бульдозердің салмағы, т
6,91
18,7
18,9
21,1


1
Жүріс құрылғысы элементтерін тарту контурына құбыр 
желілерімен жалғастырылған гидросорғылар мен гидромоторлар 
кіреді.
Гидробак, радиатор, сүзгілер екі контурға ортақ жиналмалы 
бірліктер қатарына жатады.
Сүзгілер жұмыс сұйықтығын механикалық қосындылардан тазарту 
үшін қолданылады. Ағызатын сүзгі корпусының ішіне магнитті сүзгіш 
элементтер, белгіленген қысымның түсіп кетуіне реттелген қайта 
өткізу клапаны орналастырылған. Сүзгіш элементтердің ластануы 
туралы машиниске белгі беру үшін сүзгілердің қақпағына ластануды 
көрсететін датчиктер орнатылады, олар белгі берген кезде машинист 
кабинасындағы аспаптар қалқаншасында бақылау лампалары жанады. 
Бұл тиісті сүзгі элементін алмастыру қажеттігі туралы хабар береді. 
Датчиктер жұмыс сұйықтығының температурасы төмендеген кезде де 
белгі беруі мүмкін екенін ұмытпау керек. Бұл жағдайда жұмыс 
сұйықтығын қыздыру қажет, бұдан кейін бақылау лампалары сөнуі 
тиіс. Сүзгінің ластануын көрсететін датчиктердің электр тізбегі үзілген 
жағдайда да бақылау лампалары жануы мүмкін, яғни тиісті датчик 
тізбегін қалыпқа келтіру талап етіледі. Кейде қайырманың орнына 
бульдозердің сырт жағына, кабинаның артына гидроцилиндрі бар 
төртбуынды параллелограмм құрайтын қопсытқыш ілініп қойылады; 
төртбуынды параллелограмм арқылы қопсытқыштың тісін көтеру 
кезінде тік траекторияға жақын қалыпқа ауысады.
Бульдозерлердің дөңгелекті жүріс құрылғыларының құрамдас 
бөліктері мен жиналмалы бірліктері шынжырлы жүріс құрылғыларына 
ұқсас, бірақ жетекші белдіктері мен рамалары құрылымында
машинаны бұру элементтерінде айырмашылықтары бар. Қозғалтқышқа 
рет-ретімен ілінісу муфтасы, артқы белдіктегі беріліс қорабы 
тіркелген. Дөңгелекті жүріс алдыда жетекші оське тіреледі. Жетекші 
белдікті тарту үшін беріліс қорабында айналысты кардан білігі арқылы 
белдікке беретін таратушы бәсеңдеткіш орнатылған. Жұмыс жабдығы 
элементтерін бекіту үшін белдік рамасы астында орындар 
қарастырылған. Алдыңғы дөңгелектерді бұрауды басқару тұтқасы 
арқылы жүргізіледі. 
Бульдозерлерді одан әрі жетілдіру мынадай басты бағыттар 
бойынша жүргізіледі:

жаңа үлгілер жасау (әсіресе қуатты машиналарды) және сериялық
үлгілерді жаңғырту;

жөндеу өндірісінің қолданыстағы технологиясын жақсарту және
неғұрлым берік (тозуға төзімді) материалдарды пайдалану арқылы
сенімділікті арттыру;

машинаның 
жұмыс 
үдерісін 
автоматтандыратын 
және
машинистердің еңбек әдістерін жеңілдететін алдыңғы қатарлы


1
құрамдас бөліктер мен жиналмалы бірліктерді қолдану;

бульдозер кабинасында жайлылық орнату, шу мен ластануды
азайту, басқару органдарындағы күшті азайту арқылы
машинистердің жұмыс жағдайын жақсарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет