Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет55/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

12
 
6.3.2. 
Жөнделетін машиналарды бөлшектеу 
Машиналарды бөлшектеуді техникалық құжаттама талаптарында 
қарастырылған ретпен жүргізу керек, техникалық құжаттама 
операциялардың орындалу тәртібін, қолданылатын жабдықтар мен 
аспаптарды анықтайды.
Жөндеу талап етілетін құрамдас бөліктер мен жиналмалы 
бірліктерді ғана бөлшектеу және демонтаж жасау керек. Дәнекерленген 
құрамдас бөліктер мен пресстелген детальдары бар жиналмалы 
бірліктерді жекелеген агрегаттарын ауыстыру керек болмаса, 
бөлшектеуге болмайды. Агрегат дегеніміз – толық өзара 
ауыстырымдылық қасиеттерге, тәуелсіз жинақталу және белгілі 
функцияны өздігінен орындау сапасына ие жиналмалы бірлік немесе 
құрамдас бөлшек.
Машинаны немесе оның жиналмалы бөлігін бөлшектеуге кіріспес 
бұрын құрылым мен оны бөлшектеудің ретін толық елестету керек,бұл 
кезде мына басты ережелерді басшылыққа алу қажет:
■ 
бөлшектеуді машина сыртын жуып, реагенттерден тазартқаннан 
кейін жүргізу;
■ 
детальдардың үстіне осы деталь орналасқан орынды есте сақтау 
үшін көзге көрінетін белгілерді уақытылы жазып қою;
■ 
детальдарды алған сайын қалған жиналмалы бірліктер құлап кетпес 
үшін олардың бекітілуін бақылап отыру;
■ 
бөлшектеу ақаулықты тапқанға дейін жүргізіледі;
■ 
құралдар мен аспаптарды детальдарға зақым келтірмейтіндей етіп 
білікті түрде таңдау;
■ 
детальдарды алу кезінде олардың қисайып кетуіне жол бермеу;
■ 
деталь неліктен қиындықпен алынып жатқанын анықтамайынша
оған қатты күш жұмсап алмау;
■ 
алынған детальдарды сөрелер мен жәшіктерге мұқият салу, ірі 
заттар үшін арнайы қойғыштар пайдалану;
■ 
барлық бекітетін детальдарды бір жәшікке салу;
■ 
базалық құрамдас бөліктерді, гидрожүйе элементтерін, электр 
жабдығын, тісті дөңгелектерді, мойынтірек сақиналарын, өзара 
біріктіріліп жасалған детальдарды бөлшектегеннен кейін жиынтық 
түрінде пайдалану (түрлеріне қарай);
■ 
тегістелген және жалтыратылған беттерді зақымдаудан сақтау.
Машинадан, алдымен, жұмыс жабдығын, кабинаны, капотты, 
гидрожабдықты, бактерді, беріліс қорабын алады, кейін қозғалтқыш 
пен жүріс құрылғысына демонтаж жасайды. Бөлшектеу кезінде 
базалық құрамдас бөліктер, гидравликалық және электр жүйелерінің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет