ЖОЛ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС
МАШИНАЛАРЫН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУГЕ
ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ
Машиналарды күрделі жөндеуге
тапсыру тәртібін қарауды
жөндеудің бұл түріне нормативтік-техникалық құжаттамада
көрсетілген қорын тауысып, шекті жағдайға жеткен машиналар
тапсырылатынынан бастаған дұрыс.
Күрделі жөндеуге тапсырылатын
машиналардың конструкторлық
құжаттамада көрсетілген құрамдас бөліктері, жиналмалы бірліктері
мен детальдары болуы тиіс екенін білу керек. Күрделі жөндеуге
тапсырылатын машиналарды тапсырыс
беруші кірден тазартады,
элементтердің бір-біріне іргелес жатқан беттерін (гидроцилиндр
штоктары және т.б.) консервациялық майлау материалымен майлайды,
қуыс детальдардың тесіктерін тығыздап жабады.
Жиынтығы сәйкес келмейтін, құрамдас бөліктер мен базалық
детальдарда жөнделмейтін ақаулықтары бар,
әзірлеу технологиясы
бұзылған (мысалы, бұрандамамен бекітудің орнына дәнекерленген),
ілеспе құжаттамасы жоқ, ілеспе құжаттамасы дұрыс толтырылмаған
машиналар күрделі жөндеуге қабылданбайтындығын ескерту керек.
Жөндеуден өткен жол және құрылыс машиналары жөндеуге
жіберілген ұйымдарға қайтарылады.
БАҚЫЛАУ
СҰРАҚТАРЫ
1. Жол және құрылыс машиналарына қандай жағдайда жөндеу жүргізіледі?
2. Машиналарға күрделі жөндеу жүргізу әдістерін атаңыз.
3. Жөндеу операциялары түрлерінің сипаты қандай
және қандай жиналмалы
бірліктер күрделі жөндеу кезінде ажыратылмайды?
4. Күрделі жөндеуге қандай машиналарды тапсырады?
5. Күрделі жөндеуге тапсырылатын машиналарға қойылатын талаптарды атаңыз.
6. Қандай машиналар күрделі жөндеуге қабылданбайды?