3- семинар сұрағы:
1.Қоғам өмірі жайлы ерте заманғы ойшылдар тұжырымдары.
2. Қоғам және зиялы қауым.
Сабақтың мақсаты:
Қоғам дамуындағы зиялы қауымның публицистикада қалдырған мұралары саралау, Қоғам өмірінде болатын өзгерістерге ойшылдардың пікірлерін қарастыру.
Әдістемелік нұсқау:
Әлеуметтану ғылымы мен журналистика арасындағы байланыстарға тоқталу. Газет-журналдардағы қоғам өміріне қатысты зиялылар пікірлерін жинау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бөкейханов Ә. Таңдамалы . – А., 1995.
2. Дулатов М. Шығармалары. А., 1991.
2. Рэндалл Д. Универсальный журналист. Алматы,1996
3. Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. Қарағанды,2001
4. Прохоров Е.П. Социология журналистики М.,1981.
4- семинар сұрағы:
1.Абай, Шоқан, Ыбырайлардың әлеуметтік көзқарастары мен зерттеулері.
2. Абайдың қара сөздері, Шоқанның жолсапар очерктері, Ыбырайдың эпистолярлық жанрда жазылған хаттары.
Сабақтың мақсаты:
Абай, Шоқан, Ыбырай мұраларын зерделеу. Очерктер табиғатын түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау:
1.Абайдың қара сөздері
2. Шоқанның әлеуметтік көзқарастары
3. Ыбырайдың эпистолярлық жанрда жазылған хаттары
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Абайдың қара сөздері
2. Кенжебаев.Б., Қожекеев Т. Қазақ баспасөзінің тарихынан. – А.,1962.
3. Қожакеев Т. Жыл құстары. – А., 1981.
4. Қожакеев Т. Көксеңгірлер. – А., 1992.
5- семинар сұрағы:
1. А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейханов,М.Дулатовтардың әлеуметтік зерттеулері
2. Журналистік қызметіндегі әлеуметке арнау мақалалары.
Сабақтың мақсаты:
А.Байтұрстынов,Ә.Бөкейханов,М.Дулатовтың әлеуметтік тақырыптарға жазған мақалаларын қарастыру. Әлеуметтік арнау мақалаларының маңызына тоқталу.
Әдістемелік нұсқау:
1.Алаш қайраткерлерінің тақырыптарға жазған мақалалары
2. Әлеуметтік тақырыптарға жазылған мақалалардың көтерген негізгі мәселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |