«Журналистика» мамандығына арналған



Дата01.07.2016
өлшемі212.74 Kb.
#170415

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейдегі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042 -18-15-1.27/01-2013




«Қазіргі журналистиканың функциялары мен жанрлық пішіндері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

18.09. 2013 жылғы

№ 1 басылым







050504 «Журналистика» мамандығына арналған

«Қазіргі журналистиканың функциялары мен жанрлық пішіндері» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2013
Мазмұны

1. Глоссарий...........................................................................................................

2. Дәрістер..............................................................................................................

3. Практикалық сабақтар......................................................................................

4. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыбы...........................................

5. Пәннің оқу-әдістемелік картасы......................................................................

6. Әдебиеттер........................................................................................................



ГЛОССАРИЙ

Анафора (гр. биікке шығару) – айшықтаудың (фигураның) үлгісі ретінде көрсетілген шумақтың немесе өлең жолдарының басында үндесе, үйлесе қиысатын бірыңғай бастамалар.

Антитеза (шендестіру) – екі затты не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суреті, сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады.

Антоним (қайшы сөздер) (гр.қарсы, атау) – біріне-бірі қайшы қарама-қарсы мағыналы сөздер.

Ассонанс (лат. үйлесім) - өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы.

Әдеби қаһарман - әдебиеттің идеялық-эстетикалық роліне сай бейнеленетін тұлға.

Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.

Әдеби характер (гр. мінез, ерекшелік) – кейіпкердің мінез бітімі, адамның бойына психологиясына, қимыл әрекеттеріне тән сан түрлі қасиеттердің бірігіп, біте қайнаған тұтастығын танытатын мінез-құлық өзгешелігі.

Әлеуметтік лирика – лирикалық жанрдың тақырыптың мазмұнына қарай бөліп қаралатын, өқоғамдық өмірге қатысты маңызды мәселелерді қозғайтын ақынның заманға, халыөтың бүгінгі тағдырына көзқарасын білдіретін үлкен саласы.

Градация (лат. біртіндеп көтеру) – дамыту – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы асыра асқақтата түсу.

Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.

Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жәй жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғырылады.

Кейіптеу – жансыз нәрселерді адам кейіпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл.

Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.

Қара өлең ұйқасы – төрттармақтың бірінші, екінші және төртіншісі бірыңғай ұйқасады.

Лирикалық кейіпкер – поэзиялық шығармалардан көрінетін адамның тұлға бейнесі.

Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, ерекшелігі – адамның көңіл – күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.

Лирикалық қаһарман – ақын бейнесінің оның шығармаларынан жинақталған тұтас тұлға ретінде көрінуі.

Метафора (гр. ауыстырып қою) – екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз.

Параллелизм (гр.қатарлас) – екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі.

Пейзаж (франц. ел, жер) - әдеби шығармадағы табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі.

Портрет (франц. бейнеленген) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу.

Прототип (гр. түп, төркін бейне) – кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде болған адам.

Символ - әдебиетте ойды астарлап, басқан нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне.

Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.

Сюжет (франц. зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.

Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай жағдайлардың бағыт-бағдар.

Экспозиция (лат. түсіндіру) – көркем шығармада оқиға дамып өрістейтін орынды, ортаны, ол оқиғаға қатысатын кейіпкерлерді сипаттап, алғаш оқушыға таныстыру.

Эпитет – заттың не құбылыстың айырықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз.

Эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің не сөз тіркесінің бірнеше қайталанып келуі.



2 ДӘРІСТЕР

1-Дәріс. Журналистиканың тарихи ажары,концепттері мен үлгілері Журналистика құбылысының тарихи алғышарттары

Қаламгердің шығармашылыққа келуіне әсер ететін нәрселер, қазақтың белгілі ақын жазушыларының шығармашылыққа келудегі тұлғалардың әсері, олардың алғашқы жетістіктерге жету,талант тұғырына көтерілу жолы. Аға ұрпақ тәжірибесіндегі шығармашылық өнеге.Шығармашылықтағы дарын мен шабыт мәселелері.



Бақылау сұрақтары:

  1. Публицистік шығармашылық даралық.

  2. Қазіргі қазақ басылымдарындағы журналистік шеберліктің қырлары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004

2. Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері

3. Байтұрсынов А. Ақ жол. Өлеңдер мен тәржімелер, публицистикалық мақалалар және әдеби зерттеу. – Алматы: Жалын, 1991.


2-Дәріс. Журналистиканың идеялық-теориялық тұжырымдамалары

Журналист қызметіндегі шығармашылық әрекеттер. Журналистикадағы шеберлік туралы ой. Бүгінгі журналистикадағы маңызды міндеттер. Шығармашылық және нысандық ізденіс.Қазақ тіліндегі алғашқы газеттердегі басты ерекшелік. Тақырып таңдай білу. Дерек және шындық. Журналистік зерттеу. Тапқырлық шеберлігі.



Бақылау сұрақтары:

1. Журналистік зерттеу мен сараптама жүргізу тәсілдері

2. Қазақ журналистерінің шеберлік мектебінің қалыптасуына негіз болған басты критерилер

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар. – Алматы: Жазушы, 1968.

2. Жақып Б.Ө. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. – Алматы: Білім, 2004
3- дәріс Журналистика және журналистік жүйе үлгілері

Қазақ басылымдары ішіндегі әдебиет, өнер, мәдениет, тіл мәселелері. «Қазақ әдебиеті» газетінің әр жылдардағы тұрақты айдарларында жарық көрген шығармалардың мазмұны мен айтар ойы. «Жұлдыз» журналының әдебиет пен мәдениетке қосқан үлесі, қазақ жазушыларының шығармашылық дәрежесінің өсуіне, ұлттық әдеби тілдің өркендеуіндегі рөлі. «Жалын» журналындағы классик жазушылардың шығармашылығы. Өткен ғасыр мен бүгінгі әдеби басылымдардағы дәстүр мен жаңашылдық.



Бақылау сұрақтары:

1. Бүгінгі жаһандану дәуіріндегі БАҚ-тың рөлі

2. Журналист шеберлігі және оқырман

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Жазушы, 1976

2. Основы журналисткого мастерства. – Москва, Высш. Школа, 1989.
4- дәріс Қазіргі журналистиканың деонтологиясы және құқықтық негіздері

Қазақ басылымдары ішіндегі әдебиет, өнер, мәдениет, тіл мәселелері. «Қазақ әдебиеті» газетінің әр жылдардағы тұрақты айдарларында жарық көрген шығармалардың мазмұны мен айтар ойы. «Жұлдыз» журналының әдебиет пен мәдениетке қосқан үлесі, қазақ жазушыларының шығармашылық дәрежесінің өсуіне, ұлттық әдеби тілдің өркендеуіндегі рөлі. «Жалын» журналындағы классик жазушылардың шығармашылығы. Өткен ғасыр мен бүгінгі әдеби басылымдардағы дәстүр мен жаңашылдық.



Бақылау сұрақтары:

  1. Бүгінгі және кешегі әдеби басылымдардың жанрлық ерекшеліктері

  2. Қазақ әдеби сыны және баспасөз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Жақып Б.Ө. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. – Алматы: Білім, 2004

2. Қожакеев Т. Көксеңгірлер. – Алматы, 1992.
5-Дәріс. Журналистиканың принциптері мен ұстанымдары

Жазушының тақырып таңдай білуі.Әдебиет компоненттерінің ішінде тақырып мәселесінің рөлі. Әдебиеттегі шоқтығы биік тақырыптар.Қазіргі тарихи тақырыпта қалам тербеп жүрген жазушылар. Қаламгерлердің ұтымды тақырыпқа бару шеберлігі. Көркем шығарма мен тақырыптың өзара байланысы.



Бақылау сұрақтары:

1. Бүгінгі жас журналистердің шығармашылық ерекшеліктері

2. Қазақ баспасқзінде тәуелсіздік пен демократия мәселелерінің жазылуы

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «Заң газеті» 27-қараша, 1996 жыл.

2. С.Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» кітабынан «Баспасөз туралы» мақаласын конспектілеу

3. М. Дулатов Шығ. Мен «Баспасөз үмесі» мак. Конспект

4. М. Әуезов «Қазақстанның қалам қайраткеріне» мақала конспект

5. Берік Бейсенұлы Ш. Мұртазамен сұхбат.»Мен енжарлықтан қорқам» «Жас Алаш» 24.02.01.

6. Ф.Оңғарсынова «Ана тілімізде сөйлеуге неге қорланамыз» «Ег.Қаз- н» 23.02.01.

7. «Қасиетсіздік» «Егемен Қазақстан» 23.02.01.

8. Ғ.Мүсірепов «Журналистік этика жайлы» «Ег.Қазақсан» 31 қазан 1997

9. Қ.Р.Мәдниет туралы заңы «Ег. Қаз – н» 28.12.96ж.


6-Дәріс. Журналистикалық қызметті ұйымдастыру, журналистика функциялары Журналистиканың ақпараттық сипаты

Жазушының публицистиканы қалыптастыруға тигізген әсері. Шығармаларының тіл өрнегі мен журналистік құнды еңбектері. Жазушылық өнерге келуі. Жазушының алғашқы прозалық шығармалары.Журналистің әскери тақырыпта жазылған шығармалары.



Бақылау сұрақтары:

1.Қазақ журналистерінің шығармашылыққа келу жолдары

2.Бүгінгі жастар поэзиясындағы жаңашылдық және БАҚ

3.Ә.Нұршайықовтың күнделік,хаттарының тәрбиелік мәні



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Нұршайықов Ә. Мен журналиспін.-Алматы:Қазақстан.-1979,154б.

2. Нұршайықов Ә. Таңдамалы шығармаларының он томдығы. Т.2.-Алматы: Қазығұрт,-2005.225б.
7 -Дәріс. Ақпарат құралдарының типологиясы мен жүйесі

Қазақ журналистикасының өркендеп дамуына қосқан үлесі. Шығармашылық мұрасы. «Лениншіл жас», «Мәдениет және тұрмыс», «Социалистік Қазақстан», «Жетісу», «Қазақ әдебиеті» басылымдарындағы публицистикалық еңбектері. Редакторлық-басшылық қызметі.



Бақылау сұрақтары:

  1. Көркем шығарма мен тақырыптың өзара байланысы

  2. С.Байжановтың «Лениншіл жас» газетіндегі журналистік қызметі

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Нұрмаханов Х. Сөз бен шеберлік.-Алматы:Ғылым,-1987.130б.

2.Майтанов Б. Суреттеу және мінездеу. – Алматы: Қазақ университеті, 1991
8-Дәріс Журналистиканың заманалы функциялары

Толғамды ой, идеялары. «Ақиқат», «Парасат» журналдарындағы редакторлық қызметі. Қазақ телевизиясының дамуына қосқан үлесі. Қаламгердің публицистикасындағы жанрлық ерекшелік. Семей ядролық палигоны зардабын, Қызылордадағы Байқоңыр мен Аралдың экологиялық жағдайын жазуы. Эпистолярлық жанрдағы шеберлігі.



Бақылау сұрақтары:

1.К.Смайыловтың «Оянған ойлар» еңбегіндегі тарих, мәдениет және ана тілі мәселелерінің ұлттық сана-сезімге әсері

2.Қоғамдық мәселелерді айқындаудағы журналистік көзқарас

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Смайылов К. Үш томдық шығармалар жинағы. Т.3. – Алматы,98б

2.Бекжігіт С. Камал Смайылов – публицист. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. филол.ғыл.канд. дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. авторефераты.
9 -Дәріс. Журналистиканың инфроқұрылымы

Журналистік еңбегі. Әр жылдарда мерзімді басылымдардағы қызметі. «Қазастан» телерадиокомпаниясындағы басшылық қызметі.



Бақылау сұрақтары:

1. Ш.Мұртазаның «Қазақстан» телерадио компаниясындағы басшылық қызметі

2. Қаламгер шығармашылығы мен шеберлігінің әдеби сынға әсері

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Жұмалиев Қ. Әдебиеттер теориясы. – Алматы: Мектеп, 1969.

  2. Майтанов Б. Көркемдік нәрі. Романдағы психологизм арналары. – Алматы: Жазушы, 1983. 46-47 бб.

10-Дәріс. БАҚ аудиториясы

«Лениншіл жас» газетіндегі редакторлық қызметі. Қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлесі. Қазақ спорт журналистикасындағы «Бердіқұлов мектебі».



Бақылау сұрақтары:

1 Сейдахмет Бердіқұловтың спорт тақырыбындағы өзіндік қолтаңбасы



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаратаев М. Шеберлік шыңына.- Алматы: Қазмем.-1963.21б.


11-Дәріс. Журналистиканың тәжірибелік алаңы

Журналистиканың әлеуметтік кеңістіктегі рөлі

Бақылау сұрақтары:

1.Публицистикалық шығармалары. Ақындық азаматтық болмысы.

1960ж. О.Сүлейменов шығармаларының негізгі тақырыбы

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Сүлейменов О. АЗ и Я.-Алматы,-1975. 161б.

2.Өмірге өкпесі жоқ адам.-Алматы: Жібек жолы,- 2000,33б.
12-Дәріс. Журналистика қызметін үйлестіру ілгерілету мәселелері Публицистикадығы сүрлеу-соқпағы. Мерзімді басылымдардағы журналистік, редакторлық қызметтері. Жазушы прозасы мен драматургиясындағы қоғамның өзекті мәселелері. Жазушы шығармашылығындағы стиль ерекшелігі.

Бақылау сұрақтары:

1 О.Бөкеев публицистикасының бастаулары



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар.-Алматы: Жазушы.1994

  2. Амандосов Т. Публицистика – дәуір үні. – Алматы: Қазақстан, 1974.


13-Дәріс. Журналистика тәжірибесінің нәтижелілігі мен әсерлілігі

Қазақ әдеби коркем сынына қосқан үлесі. Публицистикалық шығармалары мен сын мақалалары. Қазақ журналистикасындағы өзіндік қолтаңбасы.



Бақылау сұрақтары:

1 С.Әшімбаевтың алғашқы публицистикалық мақалалары

2. Журналист, қаламгердің шығармашылыққа келу жолындағы ерекшеліктері

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік.-Алматы:Жазушы.-1993.

2. Елеукенов Ш. Замандас парасаты.-Алматы:Жазушы,-1973.151б.

3.Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. Алматы: Жазушы.-1985.19б.


14-Дәріс. Журналистиканың шығармашылық табиғаты

Журналистикадағы өзіндік сүрлеуі. Публицистикалық мақалаларындағы қоғам келбеті. Сыни рецензиялары. Кино, театр, әдебиет хақындағы сұхбаттары. Публицистің шығармашылығындағы стиль ерекшелігі.



Бақылау сұрақтары:

1 С.Абдрахмановтың алғаш қалам тартқан жанры



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әбдірахманов С. Тәуелсіздік шежіресі.- Астана:Елорда.185 б.

2. Абдрахманов С. Елдік сыны.Алматы: Қазығұрт,-2003.183б
15-Дәріс. Жариялылық және баспасөз бостандығы ұғымы

Публицистикалық мақалаларының тақырыптық, стильдік ерекшелігі. Редакторлық қызметі. Публицистикалық мақалаларындағы стиль ерекшелігі.



Бақылау сұрақтары:

1. Ж.Аупбаевтың журналистикаға келу жолдары

2.«Қазақ әдебиеті» газетінің әдеби жарияланымдары мен тұрақты айдарлары

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – Алматы: Қазмембас. 1964.

2. Аупбаев Ж. Елім менің ертегі. Астана:Елорда,-2003. 150б.



Тәжірибелік сабақтар

Журналистиканың тарихи ажары,концепттері мен үлгілері Журналистика құбылысының тарихи алғышарттары

1+0,5




Журналистиканың идеялық-теориялық тұжырымдамалары

2+0,5




Журналистика және журналистік жүйе үлгілері

1+0,5




Қазіргі журналистиканың деонтологиясы және құқықтық негіздері

2+0,5




Журналистиканың принциптері мен ұстанымдары

2+0,5




Журналистикалық қызметті ұйымдастыру, журналистика функциялары Журналистиканың ақпараттық сипаты

2+0,5




Ақпарат құралдарының типологиясы мен жүйесі

2+0,5




Журналистиканың заманалы функциялары

2+0,5




Журналистиканың инфроқұрылымы

2+0,5




БАҚ аудиториясы

2+0,5




Журналистиканың тәжірибелік алаңы

Журналистиканың әлеуметтік кеңістіктегі рөлі



1+0,5




Журналистика қызметін үйлестіру ілгерілету мәселелері

1+0,5




Журналистика тәжірибесінің нәтижелілігі мен әсерлілігі

1+0,5




Журналистиканың шығармашылық табиғаты

1+0,5




Жариялылық және баспасөз бостандығы ұғымы

1+0,5




5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

(СӨЖ)

1. Қазақ журналистерінің шығармашылыққа келу жолдары

2. Бүгінгі жастар поэзиясындағы жаңашылдық және БАҚ

3. Қазақ баспасқзінде тәуелсіздік пен демократия мәселелерінің жазылуы

4. Бүгінгі жас журналистердің шығармашылық ерекшеліктері

5. Қазақ әдеби сыны және баспасөз

6. Бүгінгі және кешегі әдеби басылымдардың жанрлық ерекшеліктері

7. Журналист шеберлігі және оқырман

8. Бүгінгі жаһандану дәуіріндегі БАҚ-тың рөлі

9. Қазақ журналистерінің шеберлік мектебінің қалыптасуына негіз болған басты критерилер

10. Журналистік зерттеу мен сараптама жүргізу тәсілдері
СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

(ОСӨЖ)
1.Журналистиканың коммуникативтік ролі.

2. Журналистикадағы нақтылық пен дәлдіктің негізгі ерекшеліктері.

3.Статистикалық цифрлар мен типологиялық материалдарды, социлогиялық тұжырымдарды зерттеп, фактілер мен құжаттарды тексеру әдістерін меңгеру жолдары

4.Автор ойының қарама-қайшылығы

5.Автор мен кейіпкер арасындағы түсініспеушілік

6.Журналистің қарама-қарсы пікір білдіруде шеберлікке жету мүмкіндігі

7.Дискуссия, қарама-қарсы ой білдіру

8.Қайымдасудан туған диалогтар жүйесі

9.Қайымдасу жолдарының түрлері

10.Деструктивті және конструктивті қақпайласу (конфликт)

11.Журналистің оқырманға ақпарат жеткізудегі стиль қарапайымдылығы

12.Шығармашылық лейтмотив, жаңалық іздеуге ұмтылу, тақырып таңдаудағы ерекшелік.


6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы


Дәріс сабағының

тақырыбы


Семниар сабағының тақырыбы

Көрнекі құралдар, плакаттар, лаборатория-лық стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау түрі

1

2

4

5

6

Журналистиканың тарихи ажары,концепттері мен үлгілері Журналистика құбылысының тарихи алғышарттары

Журналистиканың тарихи ажары,концепттері мен үлгілері Журналистика құбылысының тарихи алғышарттары

Дәріс тезисі,



Жазбаша, ауызша

Журналистиканың идеялық-теориялық тұжырымдамалары

Журналистиканың идеялық-теориялық тұжырымдамалары

Дәріс тезисі,



Жазбаша, ауызша

Журналистика және журналистік жүйе үлгілері

Журналистика және журналистік жүйе үлгілері

Дәріс тезисі,



Жазбаша, ауызша

Қазіргі журналистиканың деонтологиясы және құқықтық негіздері

Қазіргі журналистиканың деонтологиясы және құқықтық негіздері

Дәріс тезисі,



Жазбаша, ауызша

Журналистиканың принциптері мен ұстанымдары

Журналистиканың принциптері мен ұстанымдары

Дәріс тезисі,



Жазбаша, ауызша

Журналистикалық қызметті ұйымдастыру, журналистика функциялары Журналистиканың ақпараттық сипаты

Журналистикалық қызметті ұйымдастыру, журналистика функциялары Журналистиканың ақпараттық сипаты

Дәріс тезисі,



Жазбаша, ауызша

Ақпарат құралдарының типологиясы мен жүйесі

Ақпарат құралдарының типологиясы мен жүйесі

Дәріс тезисі, бақылау тапсырмалары

Тест тапсырмалары-мен жұмыс

Жазбаша

Журналистиканың заманалы функциялары

Журналистиканың заманалы функциялары

Дәріс тезисі,



Жазбаша, ауызша

Журналистиканың инфроқұрылымы

Журналистиканың инфроқұрылымы

Дәріс тезисі,

Психологиялық оқулықтармен жұмыс

Жазбаша, ауызша

БАҚ аудиториясы

БАҚ аудиториясы

Дәріс тезисі,



Жазбаша, ауызша

Журналистиканың тәжірибелік алаңы

Журналистиканың әлеуметтік кеңістіктегі рөлі



Журналистиканың тәжірибелік алаңы

Журналистиканың әлеуметтік кеңістіктегі рөлі



Дәріс тезисі,



Жазбаша, ауызша

Журналистика қызметін үйлестіру ілгерілету мәселелері

Журналистика қызметін үйлестіру ілгерілету мәселелері

Дәріс тезисі, кесте



Жазбаша, ауызша

Журналистика тәжірибесінің нәтижелілігі мен әсерлілігі

Журналистика тәжірибесінің нәтижелілігі мен әсерлілігі

Дәріс тезисі,



Жазбаша, ауызша

Журналистиканың шығармашылық табиғаты

Журналистиканың шығармашылық табиғаты

Дәріс тезисі,



Жазбаша, ауызша

Жариялылық және баспасөз бостандығы ұғымы

Жариялылық және баспасөз бостандығы ұғымы

Дәріс тезисі, бақылау тапсырмалары

Тест сұрақтарына жауап беру

Жазбаша


7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

1. Амандосов Т. Публицистика – дәуір үні. – Алматы: Қазақстан, 1974.

2

14

12,5%

2. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – Алматы: Қазмембас. 1964.


3

14

18,75%

3. Основы журналисткого мастерства. – Москва, Высш. Школа, 1989.

2

14

50%

4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері.

2

14

12,5%

5. Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар. – Алматы: Жазушы, 1968.


2

14

12,5%

6. Жақып Б.Ө. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. – Алматы: Білім, 2004

2

14

25%

7. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Жазушы, 1976


4

14

100%

8. Аграновский А. Уроки мастерства. – Москва, 1991.


1

14

25%

9.Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері

1

14

10%


8 ӘДЕБИЕТТЕР

8.1.1. Негізгі әдебиеттер:

8.1.2. Амандосов Т. Публицистика – дәуір үні. – Алматы: Қазақстан, 1974.

8.1.3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – Алматы: Қазмембас. 1964.

8.1.4. Нұршайықов Ә. Таңдамалы шығармаларының он томдығы. Т.2.-Алматы: Қазығұрт,-2005.225б.

8.1.5. Елеукенов Ш.Р. Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы, 1977.

8.1.6. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Жазушы, 1976

8.1.7. Жақып Б.Ө. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. – Алматы: Білім, 2004

8.1.8. Майтанов Б. Суреттеу және мінездеу. – Алматы: Қазақ университеті, 1991.

8.1.9. Бекжігіт С. Камал Смайылов – публицист. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. филол.ғыл.канд. дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. авторефераты.

8.1.10. Жұмалиев Қ. Әдебиеттер теориясы. – Алматы: Мектеп, 1969.

8.1.11. Смайылов К. Үш томдық шығармалар жинағы. Т.3. – Алматы,98б

8.1.12. Майтанов Б. Көркемдік нәрі. Романдағы психологизм арналары. – Алматы: Жазушы, 1983. 46-47 бб.

8.1.13. Серғалиев М. Сөз сарасы. – Алматы, 1989. – 134 б.

8.1.14. Сүлейменов О. АЗ и Я.-Алматы,-1975. 161б.

8.1. 15. Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар.-Алматы: Жазушы.1994

8.1.16. Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. Алматы: Жазушы.-1985.19б.



8.2. Қосымша әдебиеттер

8.2.1. Байтұрсынов А. Ақ жол. Өлеңдер мен тәржімелер, публицистикалық мақалалар және әдеби зерттеу. – Алматы: Жалын, 1991.

8.2.3. Қожакеев Т. Көксеңгірлер. – Алматы, 1992.

8.2.4. Жақып Б.Ө. М.Әуезов – публицист. – Алматы: Ана тілі, 1997.

8.2.5. Шәріпов А.С. Қожанұлы - әдебиетші. – Алматы: Ердәулет Қазақстан, 1994.

8.2.6. Абдрахманов С. Елдік сыны.Алматы: Қазығұрт,-2003.183б.

8.2.7. Аупбаев Ж. Елім менің ертегі. Астана:Елорда,-2003. 150б.

8.2.8. Нұршайықов Ә. Мен журналиспін.-Алматы:Қазақстан.-1979,154б.

8.2.9. Нұрмаханов Х. Сөз бен шеберлік.-Алматы:Ғылым,-1987.130б.

8.2.10. Қаратаев М. Шеберлік шыңына.- Алматы: Қазмем.-1963.21б.

8.2.11. Елеукенов Ш. Замандас парасаты.-Алматы:Жазушы,-1973.151б.

8.2.12. Өмірге өкпесі жоқ адам.-Алматы: Жібек жолы,- 2000,33б.

8.2.13. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік.-Алматы:Жазушы.-1993.

8.2.14. Әбдірахманов С. Тәуелсіздік шежіресі.- Астана:Елорда.185 б.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет