Жусупова А. М. Экономика және халықаралық бизнес



Дата08.07.2016
өлшемі94.09 Kb.
#185536
Жусупова А.М.

Экономика және халықаралық бизнес

кафедрасының магистранты
Еңбек нарығының өзіндік реттелуі бастамалары және мемлекеттік реттелуінің маңыздылығы мен қажеттілігі
Қазақстан еңбекке қабілетті кез келген азаматына жұмыс тауып берумен қатар оның еркіндікте, теңдікте, әлеуметтік кепілдік пен адам абыройын құрметтеуге жағдай жасалған ортада жұмыс істеуіне көңіл бөліп келеді. Ағымдағы жылғы Елбасы Н.Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауында да бұл мәселеге зор көңіл бөлініп, арнайы бағдарламалар да қолға алынған болатын. Биылғы жылғы Жолдауында ол мемлекет алдына келесі мақсат қойды: «...еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру. 2011 жылы бұл Бағдарлама қанат қақты режимде 60 мыңға жуық адамның қатысуымен сынақтан өтті. Бүкіл дайындық жұмыстары, заңнамалық база бойынша жұмыстар аяқталды. Енді бағдарламаны жүзеге асыруға көшу керек. Үкіметке және әкімдерге биылғы жылдан бастап бағдарламаны кең ауқымда жүзеге асыруды бастауды тапсырамын. Әңгіме сондай-ақ ауылда жұмыс істейтіндерді шағын несиелермен қамтамасыз ету жөнінде болып отыр. Қалада жұмыс істегісі келетіндерді мемлекет есебінен оқытып, жұмысқа орналастыру қажет. Бағдарламаның соңына қарай, 2020 жылға қарасты біз осылайша 1,5 миллион адамды сапалы жұмыстарға еңбекке орналастыруымыз қажет»[1].

Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату – сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.

Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.

Еңбек нарығында қорғауға алынған азаматтарды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздарды жұмыспен қамту мәселелері мемлекеттік органдар қарауына қалып келеді. Қолданылып жатқан шаралар нәтижесінде республиканың еңбек нарығындағы жағдай жұмыссыздық деңгейінің тұрақты түрде азаюымен сипатталады. Бұл жаңадан пайда болған жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтар сонының өсуі және экономикалық өсіммен шотталған тұрғындардың экономикалық белсенділігінің артуы есебінен жүреді. Еңбек нарығындағы белсенді саясат көмегінің арқасында, ол экономика саласында жаңа жұмыс орындарының пайда болуы арқылы және кәсіпкерлік істі қолдау, жұмыс күшінің сапасын нарықтағы бәсекелестікті арттыру арқылы тұрғындардың жұмыспен қамтылуының өсіміне әкеледі. Қазіргі кезде осы оң нәтижелердің айқындалуын мойындамауға болмайды.

Қазiргi уақытта негiзiнен нарықтық экономика қағидаттарына сәйкес келетiн және әлеуметтiк қамсыздандыру жауапкершiлiгiн мемлекет, жұмыс берушi және қызметкер арасында бөлудi көздейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң көп деңгейлi моделi қызмет етедi.

Еңбек нарығы экономиканың басты элементі ретінде қызмет еткендіктен, берілген нарықтық құрылымда мемлекет тарапынан басқару және реттеу маңыздылығын иемденеді. Осы мақсатта еңбек нарығын реттейтін арнайы мемлекеттік органдар құралды. Оның қатарына министрліктер, департаменттер, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар жатқызылады.

Қазақстанда жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі 1991 жылы ұйымдастырылған. Олардың негізгі қызмет ету принциптері халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді.

Заманауи еңбек нарығы экономикалық өзгерістер жүргізу барысында қалыптасады. Оның көрінісі жасырын жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, қызметкердің қосқан үлесі мен оның табысы арасындағы байланыстың үзілуі, жалақының уақтылы берілмеуі және т.б.болып табылады.

Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.

Бұл мәселелерді шешу кезінде әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалғандарды, еңбек ресурстарының бәсекеге қабілеті төмен топтарын ерекше ескеру қажет. Олардың біріне оларды негізгі толықтыру көзі болып табылатын жастарды жатқызуға болады.

Жастардың еңбек нарығына енуі елеулі қиыншылықтармен және қайшылықтармен қатар жүреді. Олар ең алдымен мамандық таңдауда жастар оның еңбек нарығында қажеттілігіне емес, қоғамдағы беделділігі мен абыройына қарай бағыт ұстауына байланысты туындайды. Осыған байланысты оқу орнын бітірген жастардың көп бөлігі алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді немесе мүлдем жұмысқа орналаспайды, бұл жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің артуына әкеледі. Нәтижесінде жастардың осы бөлігінің біліміне салынған қаражат өзін-өзі ақтамайды.

Осындай мәселелер еңбек нарығын мемлекеттік реттеуді қажет етеді. Жұмысшыларды босатуға, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарын теңестіру мәселесіне ерекше назар аудару керек. Нарықтық қайта құру жағдайында жұмыс орындары мен жұмыс күшінің теңсіздігі барлық қызмет (салалық, территориялық және кәсіби) түрлерінде күшейе түсуде. Қолданыстағы бағдарламалық құжаттарда экономиканың формальды емес секторында өз бетінше жұмыспен қамту толық есепке алынбайды. Осыдан барып оның орны мен даму келешегін анықтауда қиындық туады.

Еңбек нарығы - бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады [2].

Экономиканың қаншалықты сәтті қызмет етуіне, экономикалық циклдің қандай фазасында тұрғандығына, негізгі субъектілердің жұмыс беруші мен жұмысшының мінез-құлқына байланысты, жұмысшы күшіне деген сұраным мен ұсыным, сәйкесінше жұмыссыздық деңгейі де айқындалады. Инфляция деңгейі мен ссудалық пайыз ставкасы инвестициялық белсенділікті анықтайды, ал ол өз кезегінде жұмысшы орын жүйесінің қызметін қалыптастырады: жұмыс орындары құралдары жойылады, жоғары технологиялық жұмыс орындары ашылады немесе бар технологиялық деңгейде айта жандандырылады. Халықтың табыс деңгейінен оның еңбектік белсенділік дәрежесі тәуелді болады. Табыс төмен болған сайын нарыққа көп адам саны шығуға тырысады және нарықтағы жүктеме көбейе түседі. Нарық субъектілерінің мінез-құлқына еңбек саласындағы дәстүрлер және ұлттық ерекшеліктер үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан да, әр елде еңбек нарығы айқын ерекше сипаттарға ие болады. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған [3].

Осы замандағы нарықтық экономикада адам әр алуан экономикалық қызметтер атқарады. Жанды өндіргіш күш болғандықтан адамға өзінен бөлінбес (атрибутивтік) көп сапа мен қасиеттер тән болады, оның бірнеше түрлі қажеттері және қабілеттері бар. қатынастардың белсенді творчестволық субъекті болып, адам осы замандағы эконмоикалық жүйеде полифункционалдық рөл атқарады.

Ұлттық еңбек нарығы: ішкі мен сыртқы нарықтың қатынасы. Барлық ұлттық нарықтарға еңбек саласында ішкі және сыртқы біріншілік және екіншілік нарықтардың дамуын тиімдірек ететін басқару стратегиясын іздеу тән. Нәтижесінде еңбек нарығының қызмет етудің және оны реттеудің ұлттық модельдері қалыптасады.

Еңбектік қатынастардың икемділігін арттыру қарама – қайшылық салдарға әкеледі. Бір жағынан, кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттырады, экономикалық өсу, ал ол өз алдына халықтың жұмысбастылығы мен игілігін арттырады. Екінші жағынан, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау деңгейі төмендейді; тұрақсыз жұмысбастылық формалары мен жұмыс орындарын құру, тұрақсыз жұрақсыз еңбектік қатынастар, кәсіподақтардың әсерінің төмендеуі, ал ол еңбекшілердің құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік бермейді.

Еңбек нарығы экономиканың басты элементі ретінде қызмет еткендіктен, берілген нарықтық құрылымда мемлекет тарапынан басқару және реттеу маңыздылығын иемденеді. Осы мақсатта еңбек нарығын реттейтін арнайы мемлекеттік органдар құралды. Оның қатарына министрліктер, департаменттер, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар жатқызылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

Еңбек биржасы–бұл жұмысшылармен жұмыс берушілер арасында еңбек жолдамасы кезінде келісім - шарттар жүргізілетін мекеме. Биржалардың негізгі функциялары еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұранысты зерттеу, жұмыссыздарды есепке алу және бос орындарды тіркеуге алу, жұмысын ауыстырушыларға ақпарат беру, кадрларды оқыту және қайта даярлау, жұмыссыздық бойынша жәрдем ақыларды белгілеу болып табылады.

Жаңадан пайда болған жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтар санының өсуі және экономикалық өсіммен шотталған тұрғындардың экономикалық белсенділігінің артуы есебінен жүреді. Еңбек нарығындағы белсенді саясат көмегінің арқасында, ол экономика саласында жаңа жұмыс орындарының пайда болуы арқылы және кәсіпкерлік істі қолдау, жұмыс күшінің сапасын нарықтағы бәсекелестікті арттыру арқылы тұрғындардың жұмыспен қамтылуының өсіміне әкеледі. Қазіргі кезде осы оң нәтижелердің айқындалуын мойындамауға болмайды. Еңбек нарығының икемділігі қазіргі өндіргіш күшінің даму деңгейінің талабына жауап ретінде пайда болған құбылыс, экономиканы дағдарыстан шығаруға, оның өсуіне, кәсіпорынның тиімділігін арттыруға, еңбек потенциалын толық пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар ол тұрақсыз жұмыс орын санын көбейтеді, қызметкерлердің әлеуметтік қорғауын әлсіретеді. Бұл мәселелерді шешуге тек нарықтың шама-шарқы жетпейді. Сондықтан мемлекет жағынан қызметкерлерді пайдалануда тұрақтылық пен икемділікті үйлестіретін ұғымды реттеу механизмі қажет [4].

Қазіргі кезде қалыптасқан жұмыспен қамту қызметінің ролі маңызды болып келеді. Өкінішке орай, көп жерлерде еңбек нарығының жағдайына әсер ететін барлық факторларды ескермейді, әлсіз талданады. Көп жағдайда еңбек нарығын болжау арқылы бағалау тиімсіз және оны реттеуде негіз ретінде алынбайды.

Сондықтан көптеген облыстарда қалыптасқан жағдай болжанатын нәтижеден едәуір ерекшеленеді. Бұл жұмысты жеткілікті дәрежеде бағаламау мемлекеттік саясатты жетілдіруге әсер етеді. Жұмыстың жақсаруы үшін жұмыспен қамту орталықтарының кәсіпорындармен, мекемелермен, шаруашылықтармен, әртүрлі құрылымдармен байланысты кеңейтуі қажет. Бұл облыстағы, қаладағы, аудандағы, әрбір кәсіпорындағы, шаруашылықтағы жағдайды білуге мүмкіндік береді. Бұл өз аймағындағы жағдайда жақсы бағытталу мүмкіндігімен қатар, сәйкес келетін ұсыныстарды жетілдіруге, жұмыс орындарын сақтау, іздеудегі арнайы бағдарламалардың жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Жұмыспен қамту қызметінің білім беру, оқыту мекемелерімен дұрыс байланысының болмауы кәсіптік деңгейде мамандарға деген қажеттілікті болжауға мүмкіндік бермейді. Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлау реттелмейді. Нәтижесінде жоғары және орташа арнайы оқу орындарындағы түлектердің шамамен 80%-ы еңбек нарығында қажетсіз болып келеді. Осындай жағдай кәсіби техникалық оқу орындарының түлектеріндеде кездеседі. Жастар мәселесі аса жетілдірілген бағдарламаны талап етеді, ол мақсатты түрде аймақтық және республикалық бағдарламаларда қарастырылуы қажет.

Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатында оларға өз ісін ашуға көмек берілуі қажет. Бұл ең алдымен, іс-әрекет формасына деген кәсіптік бағыт, кеңес беруді ұйымдастыру, кәсіпкерлік негіздерін, мамандықтарға оқыту, өз ісін ашу үшін басқа да көмек түрлері. Айта кететін жайт, көп жерлерде келісімдер бойынша әртүрлі оқу орындарында халықты кәсіпкерлікке үйретуді ұйымдастыруға көңіл бөле бастаған соң, жұмыссыздардың оған назары өсуде. Жұмыспен қамтуда жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру алдыңғы қатарда болып келеді. Кейбір кәсіпорындар шетелден мамандарды, жұмысшыларды, қызмет көрсетушілерге дейін аспазшылар, жинастырушылар, т.б. әкеледі. Негізінен, бұл шетел азаматтарын жұмыспен қамту болып келеді. Бізде білгер мамандар мен жұмысшылар жоқ емес және біздер оларды қажет мөлшерде даярлай алмаймыз деген сөз емес. Жұмыспен қамту қызметтеріне бұл жұмысты жобалап, алдын ала Қазақстан азаматтарының ішінен мамандар мен жұмысшыларды жинақтауды қарастыру қажет.

Азаматтардың еңбек қатынастарын реттеу және еңбек құқықтарын қорғауда әлеуметтік сұхбат жүйесін дамыту және еңбек заңнамасының сақталуын, оның ішінде азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен басқа да сұрауларын олардың еңбек құқықтарының сақталуына байланысты нақты мәселелерді шешу мақсатында  мемлекеттік бақылауды күшейту шаралары қабылдануда.



Мемлекет тарапынан еңбек жағдайларын жақсартуға, кәсіпорындарда халықаралық еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізуге ерекше көңіл аударылуда.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты ҚР Прездентінің жолдауы, 28.01.2011.-http:// www.government.kz.

  2. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М. Макроэкономика.- Алматы: Экономика, 2003.-315 б.

  3. Остапенко М.Ю. Экономика труда: Учебное пособие. – М.:ИНФРА-М, 2007. – 274 с.

  4. Кайранбеков Б.О.Еңбек нарығының ролі, құрылымы мен мәні // «Білім беру саласындағы және жаратылыстану-техникалық ғылымдары бойынша мамандар дайындаудағы инновациялық технологиялар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- Тараз, 2007.- Б.275-277


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет