22
Болатты конвертор тəсілі мен өндіргенде сұйық шойын конвертор деп
аталатын құрылғыға құйылып, шойынға ауа үрленеді. Ауа үрленгенде ондағы
оттегі шойындағы темір мен Fе+1/2О
2
=FеО реакциясы бойынша əрекеттеседі.
Пайда болған темірдің шала тотығы шойындағы қосындылар мен келесі
реакция бойынша əрекеттеседі:
Si+2FеО=SiO2+Fе;
Мn+FеО=МnО+Fе;
С+FеО=СО+Fе.
Газ күйдегі көміртегінің тотығы металлдан ажырап, атмосферада келесі
реакция бойынша жануын ұзартады:
СО+1/2О
2
=СО
2
.
Кремний мен марганецтің тотықтары металлдың бетінде өзара жəне
темірдің шала тотығы мен əрекеттесіп қожға өтеді. Нəтижесінде металлдағы
көміртегінің, кремнийдің жəне марганецтің мөлшерлері азайып,
ауаны
үрлеудің аяғында бұл элементтердің мөлшерлері жұмсақ көміртегілі
болаттардағы мөлшерлерге сəйкестеледі.
Кремнийдің, марганецтің жəне темірдің
экзотермиялық тотығу
реакцияларының
нəтижелерінен
конвертордағы
сұйық
шойынның
температурасы үздіксіз көтеріледі. Сол себепті болат сұйық күйде қосымша
отын шығынсыз өндіріледі. Балқу үрдісі өте белсенді түрде өтіп, түтін жəне
жалын шығу мен жүреді. Ауаны үрлеу мерзімі 15–25 минут. Конвертордың
сыйымдылығы 10–50т.
Конвертор үрдісі болатты өндіру тəсілдерінің ең өнімдісі болып
есептеледі. Бірақ конверторда өндірілген болаттардың сапалары төмен болып
келеді.
Себебі ауамен үрлену себебінен болатта
темірдің еріген шала
тотығымен ауа азотының мөлшерлері əжептəуір болып келеді.
Егерде сұйық шойын ауаның орнына таза техникалық оттегі мен
үрленсе, онда конверторда өндірілетін болаттың сапасы əжептəуір
жоғарылайды.
Мұндай жағдайда болаттағы
азоттың мөлшері он есе, оданда жоғары
төмендейді. Оттегілі конверторлардың өнімділігі жоғарылайды.
Себебі
конвертордың сыйымдылығы 100-300 тоннаға дейін көтеріледі де, ал балқыту
мерзімінің ұзақтылығы 30-50 минуттен аспайды.
Қазіргі таңда болатты өндірудің мартен тəсілі ең көп таралған түрі.
Дүние жүзінде өндірілетін болаттардың төрттен үші мартенпештерінде
өндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: