К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова



Pdf көрінісі
бет42/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77
шоғыр

Гравитациялық режим 
Гравитациялық режим - мұнайдың өз салмағы əсерінен өндіру 
скважинасы түбіне қарай ығысуын болдыратын мұнай шоғырының режимі. 
Газ қалпақшасы, шеткі сулары, нұсқа сырты арыны жоқ, көбінесе мұнайы 
газсыздандырылған, оқшауланған шоғырларды игеруде гравитациялық режим 
орын алады.
Гравитациялық режим кез - келген шоғырды игерудің соңғы сатысында 
еріген газ режимінің жалғасы ретінде пайда болуы мүмкін. Гравитациялық 
режим кезінде скважиналар тереңдетілген зумпф – түпті болады, онда 
гравитациялық күшпен ағылған мұнай жиналады одан соң мұнайды соруға 
арналған сорап түсіріледі. 
Зумпф – түп пайдалану нысанынан төмен жəне жасанды түпке шейін 
болатын скважина оқпанының бір бөлігі. Мұндай скважина конструкциясы 
мұнай шоғырын пайдаланудың əртүрлі шарттарында қолданылады. 
Қабаттың құрғауына байланысты скважина шығымы төмендей 
бастайды. Осының əсерінен шоғыр көлемі азаяды. Мұнай аз қарқындылықпен 
алынады – бастапқы алынатын қордың жылына 2-1%. Қабаттың салмақ күші 
жай болады, бірақ ұзақ уақытта жоғарғы мұнай бергіштік көрсете алады.
Сурет 6.6 – Гравитациялық режим 


74 
6.3. Газ жəне газконденсатты шоғырлардың режимдері 
Газ жəне газконденсатты шоғырлардың энергия көзі болып қабаттық 
газдың қысымы жəне қабаттың шеткі сулар арыны болып табылады. Оларды 
сəйкесінше газды жəне серпімді су газ арынды деп атайды. 
Газды режим 
Газды режим кезінде (кеңейген газ режимі) өнімді қабатта орналасқан 
газдың скважина түбіне ағылуы қысымның потенциалды энергиясына 
байланысты болады. Əдетте, энергия шоғырды толық пайдалануға жеткілікті 
болады (газдың сығымдалуы су мен тау жынысының сығымдалуынан көп 
болады). Режим нұсқа сыртының əсерінсіз қалыптасады. 
Шоғырды игеру үрдісінде газ режимінде шоғырдың көлемі айтарлықтай 
өзгермейді. Кейбір кеуекті қуыстардың көлемдік азаюы тау жыныстарының 
майысуынан немесе қабаттық қысымның азаюы əсерінен конденсаттың 
түсуінен пайда болуы мүмкін. Газдың меншікті өндіруі 0,1 МПа-ға қабаттық 
қысымды азайтады, əдетте барлық игеру кезеңінде тұрақты болады. Бұл 
ерекшелік игеру аяқталғаннан кейін шоғырдағы газдың қалдық қорының 
мөлшерін анықтағанда қолданады. Газконденсатты шоғырдың қабаттық 
қысымы өндірілген газ мөлшеріне тура қатысты болады[7]. 
Режим газ өндірудің жоғары қарқындылығын қамтамасыз етеді: ірі 
шоғырлардың ең жоғарғы өндіру кезеңінде – бастапқы қоры жылына 8-10% 
жəне одан да жоғары болғанда. Əдетте, ілеспе сулардың мардымды көлемі 
скважинаға келмейді. 
Əдетте, газ режимінде газ шығу коэффициенті жоғары болады 0,90-0,97. 
Газ режимі еліміздің ірі кен орындарында орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет