89
алмастырылады. Сонымен қатар в-суретінде скважинаға жалғанған пьезометр
(4) көрсетілген. Осындай пьезометрде жұмыс қысымына сəйкес келетін нақты
динамикалық деңгей қалыптасады. Бір қатарлы көтергіштің кемшілігі, түп пен
башмак аралығында келетін ағынның жылдамдығының төмен болуы жəне
түсіру тереңдігі газдың жұмыс қысымымен, сұйықты алумен жəне
скважинаның өнімділік коэффициентімен анықталады. Бірақ та, құбырды
түсіруде немесе тереңдікті өзгертуде оңай болады.
Соған байланысты бір
қатарлы көтергіш құбырдың – жұмыс тесігі бар түрі де кездеседі (г-суреті).
Керекті диаметрлі бір қатарлы құбыр скважина түбіне дейін түсіріледі, бірақта
ол башмактың (сорапты компрессорлық құбырға газ енетін жер) орналасатын
өлшенген тереңдігіне дейін түсіріледі жəне оған 5÷8 мм-лік екі-төрт тесігі бар
жұмыс муфтасы орнатылады. Тесіктердің қимасы керекті мөлшердегі газ
көлемін өткізе алатындай болуы қажет.
Сурет 7.6
– Газлифтілі көтергіштің схемасы:
а- екі қатарлы көтергіш; б – біржарым қатарлы көтергіш; в – бір қатарлы
көтергіш; г – бір қатарлы көтергіш жұмыс тесігі бар.
Құрамы мен жинақталуына байланысты
газлифтілі қондырғылар екі
түрге бөлінеді:
- ашық түрдегі қондырғы (қосу клапаны бар немесе жоқ, пакерсіз
сорапты компрессорлық құбыр тізбегі);
- жабық немесе жартылай жабық түріндегі қондырғы (қосқыш клапаны,
кері клапаны жəне пакері бар сорапты компрессорлық құбыр тізбегі).
скважинаға газды беру бағытының тəуелділігіне байланысты сақиналы
жəне орталықтан газ беру жүйесі болып бөлінеді. Бірінші жағдайда сығылған
газ құбыр аралық кеңістікке беріледі, ал газсұйық қоспасы құбырдың орталық
тізбегімен көтеріледі. Бұл жүйе сақиналы деп аталады. Ал
екіншісінде,
сығылған газ орталық құбыр тізбегімен беріледі де, ол орталықтан газ беру деп
аталады.
Достарыңызбен бөлісу: