95
Терең сорапты қондырғының жұмыс істеу принципі
Қондырғы
поршенді сораптан, тербелмелі-қондырғыдан, поршенді
тербелмелі қондырғымен байланыстырып тұратын штангілер тізбегінен жəне
скважина ішіне құйылған сұйықты жоғары көтеретін (сорапты компрессорлық
құбырдан) құбырлар тізбегінен тұрады (7.10- сурет).
Электрқозғалтқыш іске қосылып ременді беріліс арқылы редуктордың
осіне орналасқан трансмиссиялық шкивтің айналуы
арқылы тісті беріліспен
кривошиптің айналуына қызмет етеді. Одан əрі кривошипке бекітілген
шатунның көмегімен теңгергіш жоғары-төмен қозғалыс жасап, теңгергіш
басына орнатылған арқанды алқа арқылы штанг тізбегі ілгері-кері тік қозғалыс
жасайды [2, 8].
Штангалы сорапты қондырғы жер асты жəне жер үсті жабдықтарынан
тұрады.
Сурет 7.10
– Штангалы терең сорапты қондырғының жалпы схемасы
Сонымен бірге, жер асты жабдықтарына
штангалы скважиналық
сораптардың түтікшелерінің қабылдау бөліміне жалғанған жəне қиын
жағдайда (құм, газ пайда болғанда) оның жұмысын жақсарту үшін арналған
əртүрлі сақтандырғыш қондырғыларды (газды бөлу жəне құмнан қорғау
якорлары, хвостовик) жатқызуға болады.
Жер үсті жабдықтары тербелмелі-қондырғыдан (СК), электр
қозғалтқыштан,
редуктордан,
кривошиптен,
жүктерден,
шатуннан,
96
теңгергіштен, арқанды алқадан, жылтыратылған штоктан, сағалық сальниктен
жəне сағалық үш жақты құбырдан тұрады.
Тербелмелі қондырғының
барлық элементтері - пирамида, редуктор,
электрқозғалтқыш - бетонды іргетасқа бекітілген рамаға орнатылады. Одан
бөлек, барлық тербелмелі қондырғыларда, теңгергіш
пен кривошипті кез-
келген уақытта, берілген деңгейде тоқтату үшін тежегіш қарастырылған.
Сонымен қатар, кривошипте шатунның қосылатын айналыс нүктесінде
штанганың жүріс ұзындығын өзгертуге болатын бірнеше тесіктер орнатылған.
Қондырғының
тербеліс
санын
өзгерту
үшін
редуктор
ішіндегі
трансмиссиялық беріліс санын жəне электрқозғалтқыш білігіндегі шкифтің
диаметрін (кіші немесе үлкен) ауыстыруға болады.
Тербелмелі қондырғының түрлері мен өлшемдері, негізгі параметрлері
мемлекеттік стандартпен шығарылады. Штангалы скважиналық сорап
ұзындығы 2÷4 метр болатын цилиндрден тұрады.
Цилиндрдің төменгі
бөлігінде қозғалмайтын сору клапаны бекітілген, ол жоғары көтерілгенде
ашылады. Цилиндр құбырға ілінеді. Цилиндрдің ішімен ұзындығы 1÷1,5 метр
болатын тегіс өңделген, жоғары қарай ашылатын, айдау клапанының қызметін
атқаратын поршень-плунжер қозғалады. Плунжер штангіге ілініп бекітіледі.
Плунжер
жоғары көтерілген кезде, қысымның əсерімен сораптың
қабылдауындағы сұйық сору клапаны арқылы ішкі бетін толтырады. Плунжер
төмен түскен кезде сору клапаны жабылады да,
плунжер астындағы сұйық
сығылып, айдау клапаны ашылады. Осылай клапанның ашық болуымен
плунжер сұйыққа толады. Келесі кезекте,
плунжер жоғары көтерілгенде
сұйықтың қысымымен айдау клапаны жабылады. Осыдан кейін плунжер
поршенге айналады да, жүріс ұзындығы 0,6÷6 метр
болатын биіктікке
сұйықты көтереді. Плунжердің үстінде орналасқан сұйық скважина сағасына
жетіп, үшжақты құбырмен мұнай жинау жүйесіне қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: