114
10
БӨЛІМ.
МҰНАЙ-ГАЗ
ӨНДІРУ
ОПЕРАТОРЫНЫҢ
ӨНДІРІСТЕГІ ЭЛЕКТРОТЕХИКА МЕН АВТОМАТТАНДЫРУ
ТУРАЛЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ
10.1 Электр қондырғылары
Қазақстанның энергетика жүйесi — электр энергиясы мен қуатын өндiру
жəне электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк жəне
əлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала əрi өнеркəсiптiң басқа
салаларын дамытудың басты базасы. 1925-1926 ж. Доссорда мұнайдың 41,2%-
ы, Мақатта 87,8%-ы электр қуатын қолдана отырып өндiрiлдi. Осы жылдары
мұнай оқпандарын бұрғылау жəне мұнайды барлау үшiн КСРО-да тұңғыш рет
электр қуаты қолданылды. Қазақстандағы
отын-энергетиалық қорларды
iздестiру жұмыстарының нəтижесiнде көмiр мен мұнайдың iрi кенiштерi
табылды.
Электрқондырғылар деп өндіріу, түрлендіру,
трансформация, беріліс,
электр энергиясын тарату жəне оны басқа энергияға түрлендіру үшін арналған
желі жəне көмекші жабдықтардың, аппараттардың,
машиналардың
жиынтығын айтады.
Электрқондырғы құрылғысы ережесі (ПУЭ) барлық қондырғыларды екі
категорияға бөледі: 1 кВ дейін жəне 1 кВ жоғары кернеудегі
электрқондырғылар. Мұндай бөлу аппараттардың əртүрлі типімен
конструкциясына
байланысты,
сондай-ақ
əртүрлі
кернеудегі
электрқондырғыларды салу мен пайдалануға
ұсынылатын талаптар,
қауіпсіздік шарт əртүрлілігімен байланысты.
Ашық немесе сыртқы электр қондырғылар деп, атмосфералық əсерден
қорғалмаған ғимараты бар электрқондырғыларды айтады. Тек қалқамен,
торлы қоршаумен қорғалған электрқондырғылар сыртқы деп есептеледі.
Жабық немесе ішкі электрқондырғылар деп, атмосфералық əсерден
қорғайтын, ғимарат ішінде орналасқан электрқондырғыларды айтады.
Тарату құрылғысы деп, электр энергиясын қабылдау жəне тарату үшін
жəне
коммутациялық аппараттардан, жиналмалы жəне қосылмалы
шиналардан, көмекші құрылғылардан (компрессорлық, аккумуляторлық жəне
басқа) тұратын, сондай-ақ қорғау құрылғысы, автоматика жəне
өлшеу
приборларына қызмет ететін электрқондырғыны айтады.
Ашық тарату құрылғысы (ОРУ) деп, барлық немесе негізгі
жабдықтардың ашық ауада орналасқан РУ-ды айтады.
Жабық тарату құрылғысы (ЗРУ) деп, жабдықтардың ғимарат ішінде
орналасқан РУ-ды айтады.
Комплектік
тарату құрылғысы деп, ішінде аппараттары бар толық
немесе жартылай жабық шкаф немесе блоктардан,
толық жинауға дайын
немесе жиналмалы жеткізілетін қорғау құрылғылары жəне автоматикадан
тұратын РУ-ды айтады.
Достарыңызбен бөлісу: