2 – БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАР 2.1. Кескіндеу. Rеңістіктің геометриялық моделі Инженерлік графика деп сызба геометриясы мен техникалық сызудан
құралған пəнді айтады. Сызба геометрия – кеңістік фигураларды немесе
түпнұсқалардың жазықтықтағы немесе беттегі кескіндерін қолданып көрсету
тəсілдерін зерттейтін геометрияның бөлімі.
Сызба геометрияның мақсаты – сызбаларды салу жəне оқу,
геометриялық есептерді сызбаларды қолданумен шешу, геометриялық
модельдеу тəсілдерін құрастыру, алдын ала берілген геометриялық немесе
тағы басқа қасиеттері бар объектілердің проекцияларын жəне инженерлік іс-
əрекеттің нақтылы саласындағы заттар мен объектілердің кескіндерін құру.
Бұрын сызба геометриясының мазмұнында мынандай екі мəселе
болатын: 1) үшөлшемді объектілерді жазықтыққа кескіндеу; 2) үшөлшемді
нысандармен байланысты метрикалық жəне позициялық есептерді
проекцияларда шешу. Ал қазір компьютерлік графиканың енуіне байланысты
сызба геометрияның модельдеуші инженерлік аппаратын құрастыратын
мүмкіндік пайда болды. Осыған орай төмендегі екі жағдайға назар аударған
жөн: біріншіден студентке өзі объектіні құрастыратын мүмкіндік беріледі,
екіншіден өзіндік жұмыстың тапсырмасын таңдаған кезде студенттің болашақ
мамандығын ескеру қажет.
Компьютерлік графика деп түрлі есептерді шығарған кезде ЭЕМ-ды
көрнекі бейнелермен қатар қолдану тəсілдерінің жəне техникалық,
бағдарламалық шартты ерекшеліктерінің жиынтығын айтады.
Түпнұсқаны оның проекциялары арқылы жасау сол объектілердің
нұсқасы мен өлшемдерін жəне олардың кеңістіктегі қалпын табу үшін
геометриялық модельдеу қолданылады.
Мұндай жағдайда, берілістер немесе идеялар жиыны арқылы
геометриялық фигураның нобайы мен қалпын беруді қарастыратын
параметрлеу теориясының мəні зор.
Халық шаруашылығының түрлі салаларын компьютерлендіру,
электрондық-есептеу
техникасының,
дисплейлердің
жəне
графо-
құрушылардың кең дамуы дербес компьютерлер арқылы графикалық
кескіндер алуға мүмкіндік беретінін көрсетті.