К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова



Pdf көрінісі
бет23/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77
шоғыр

3.4 Мұнай қасиеттері 
Мұнайдың тығыздығы. Мұнайдың тығыздығы оның шоғырда түзілуінен 
бастап, игеру, пайдалану, жинау мен өңдеуге дейінгі процестердің барлығында 
өз əсерін білдіретін маңызды физикалық қасиеттердің бірі. 
Тығыздық бірлік көлемге келетін салмақ мөлшерімен анықталады. 
Халықаралық бірліктер жүйесінде тығыздық өлшем бірлігі кг/м
3
. Мұнай 
тығыздығы 750-960 кг/м

аралығында өзгереді. Көбіне мұнай тығыздықтары 
820-890 кг/м

аралығында болады.
Тығыздық пикномертмен, ареометрмен немесе Вестфаль таразысы 
көмегімен өлшенеді. Осылардың ішінде ареометрмен өлшеу ең қарапайым 
жəне барынша дəл. Лабораториялық жағдайда мүмкіндігінше жоғары дəлдікте 
тығыздық мəнін алу үшін пикномерт мен Вестфаль таразысы қолданылады.
Қабат жағдайындағы мұнай тығыздығы температура, қысым жəне еріген 
газ мөлшеріне байланысты болады. Қабат жағдайында мұнай тығыздығы 
газынан айырылған мұнай тығыздығынан əлдеқайда төмен болады. 
Қабат қысымы қанығу қысымына дейін төмендеген кезде тұрақты 
температурада мұнай тығыздығы барынша төмендейді, яғни оның 
сығылуымен байланысты. Қысым одан əрі қарай төмендеген кезде мұнай 
тығыздығы өзінен бөлінген газдың əсерінен барынша артады[5]. 
Тығыздығы бойынша мұнай бірнеше топқа жіктеледі: 
1 – аса жеңіл
830,0 кг/м
3
аспайды; 
2 – жеңіл
830,1-850 кг/м
3

3 – орташа
850,1-870,0 кг/м
3

4 – ауыр
870,1-895,0 кг/м
3

5 – битуозная 895 
кг/м
3
– тан жоғары. 
Мұнай тұтқырлығы. Мұнайдың негізгі қасиеттерінің бірі – тұтқырлық. 
Тұтқырлық бұл сұйық қозғалысы кезінде оның бөлшектерінің біріне-бірі 
кедергі келтіру қасиеті. Мұнай тұтқырлығының өндіріс саласындағы маңызы 
өте зор. Мұнай тұтқырлығы оны өндіру үрдісі мен құбыр арқылы 
тасымалдауда жұмыс қарқынына көптеген əсерін тигізетіні белгілі. 
Тұтқырлығы төмен, жеңіл, сұйық мұнайлар құбыр арқылы тез өтеді, ал 
тұтқырлығы басым қою мұнайды өндіру, жинау, құбыр арқылы тасымалдау 
жұмыстары қосымша еңбекті қажет етеді. 
Негізінде мұнайдың тұтқырлығына əсер ететін жағдайлар – оның 
құрамындағы парафин, шайыр қосымшалары жəне температура. 
Тұтқырлықты келесідей жіктеуге болады: 
1. Динамикалық тұтқырлық 
2. Кинематикалық тұтқырлық 
3. Қатыстық тұтқырлық 
Динамикалық тұтқырлық коэффициенті (ішкі үйкеліс коэффициенті) 
келесі формуламен анықталады, өлшем бірлігі Па·с.: 


37 

=


ν
ν
Келтірілген формулада өлшемдер орнына оның өлшем бірліктерін – күш 
бірлігін 1 H, аудан бірлігін 1 м
2
, ара-қашықтық бірлігін 1 м жəне жылдамдық 
бірлігін 1 м/с деп қойсақ, онда тұтқырлықтың (динамикалық тұтқырлық) 
өлшем бірлігін аламыз: 
[(1H):(1м
2
)]
[(1м):(1м/с)]
ал бірлік 1 H·с/м
2
немесе (паскаль • секунд)-қа тең болады. 
Кинематикалық тұтқырлық ν – динамикалық тұтқырлықтың оның 
тығыздығына қатынасы (өлшем бірлігі ν - м
2
/с): 
ν=


Қатыстық 
тұтқырлық – сұйықтық 
жалпы 
тұтқырлығының 
дистилирленген судың тұтқырлығына (20
0
С температурадағы тұтқырлық - 
1,0008мПа/с) қатынасы. Қатыстық тұтқырлық Энглер вискозиметрімен 
өлшенеді. 
Қабат мұнайының қанығу қысымы деп қабатта мұнайдан газдар бөліне 
бастайтын қысымды айтамыз. Қанығу қысымы мұнай мен еріген газ көлеміне, 
құрамына, қабат температурасына байланысты болады. Сонымен қатар 
температураның өсуіне қарай қанығу қысымы да өсуі мүмкін. Табиғи 
жағдайда қанығу қысымы мəні қабат қысымымен шамалас немесе одан аз да 
болуы мүмкін. Қанығу қысымы қабат қысымымен тең болса, онда мұнай 
газбен толықтай қаныққан, ал қанығу қысымы қабат қысымынан кем болса, 
онда мұнай газбен толық қанықпаған деген сөз.
Мұнайдың 
тауарлық 
қасиеті. 
Мұнайдың 
тауарлық 
қасиеті 
технологиялық жіктелуімен анықталады. Ол келесідей мұнайды бағалау 
көрсеткіштерін береді: 
1) мұнай құрамында күкірттің мөлшері; 
2) 350
0
С дейін қайнайтын фракциялардың мөлшері; 
3) негізгі майлардың мөлшері; 
4) парафиннің мөлшері; 
5) тұтқырлық жағдайы. 
Өндірісте мұнайды дайындау сипаты кестеде көрсетілген. 


38 
Кесте 3.2 – Мұнайды өндірісте дайындау көрсеткіштері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет