53
Тау жынысы кеуетілігі толық, ашық жəне
тиімді кеуектілік деп
ажыратылады.
Толық (немесе абсолютті) кеуектілік коэффициенті m деп үлгіге алынған
тау жынысындағы барлық бос қуыстар көлемінің Vк сол үлгі көлеміне V
үлг
қатынасын айтады:
m
к
=
∑ к
үлг
(4.1)
Vк =
Vүлг − V
т
мұнда:
m – кеуектілік коэффициенті;
Vк – тау жынысындағы барлық
кеуектердің көлемі;
V
үлг
– жыныс көлемі.
Кейде жыныстың кеуектілігін процентпен өрнектейді, яғни
m
к
=
∑ к
үлг
· 100;
(4.2)
Жыныстың толық кеуектілік коэффициентін мұнайдың абсолютті қорын
бағалау кезінде қолданады.
Ашық кеуектілік коэффициенті деп үлгіге алынған тау жынысындағы
ашық кеуек-қуыстардың (бір-бірімен байланысты), сол үлгі
көлеміне
қатынасын айтады.
Кеуекті орта
Жарықшақты орта
Сурет 4.7 – 1-түйіршік, 2-цемент, 3-саз, 4-кеуекті орта.
Тиімді кеуектілік коэффициенті деп үлгіге алынған тау жынысындағы
сүзбеленіп жылжуға қабілетті кеуек – қуыстар көлемінің, осы зерттеліп
отырған жыныстың жалпы көлеміне қатынасын айтады.
Кейбір тау жыныстарының кеуектілік коэффициенттері мынадай:
Магмалық тау жыныстары 0,05-1,25
Сазды сланецтер 0,54-1,4
Саздар 6,0-50,0
54
Құмдар 6,0-52,0
Құмтастар 3,5-29,0
Əктастар мен доломиттер 0,5-33,0
Тау жынысындағы кеуекті ортаның қасиеттері негізінен ондағы кеуек
каналдардың өлшеміне тəуелді. Көлденең қимасының мəні
бойынша кеуек
каналдарды шартты түрде үш топқа бөледі:
жоғары капиллярлы – диаметр 0,5мм (сұйық еркін қозғалады);
капиллярлы – 0,5-0,0002мм дейін (газ еркін қозғалады, ал сұйық тек
капилляр күштерден артық күш тудырған кезде ғана қозғалады);
субкапиллярлы – 0,0002мм төмен (қысым түскен кезде де сұйық
ешқандай қозғалыс жасай алмайды.)
Өткізгіштік. Бұл тау жынысының кеуекті ортада сұйық пен газды өз
бойынан өткізе алуын сипаттайтын ең маңызды қасиеті. Өткізгіштікті жалпы
(абсолюттік), фазалық (тиімді) жəне қатыстық деп жіктейді.
Жалпы өткізгіштік кеуекті ортада тек бір фаза (газ, немен біртекті
сұйық) ғана болғанда кездеседі.
Кеуекті ортаның фазалық өткізгіштігі деп кеуекті ортада екі не одан да
көп фазалардың сүзбелене алу қабілетін айтамыз.
Салыстырмалы өткізгіштік фазалық өткізгіштік мөлшерінің жылыстың
жалпы өткізгіштік мөлшеріне қатынасымен анықталады.
Кен қорын игеру процесінде тиімді жəне
салыстырмалы өткізгіштер
ылғи да өзгеріске ұшырайды. Мұнай қорын алғаш игеру кезінде жыныс
арқылы өседі, ал мұнай үшін тиімді өткізгіштік кемиді де газ көлемі өсе
бастайды. Қабаттан су шыға бастағанда, мұнай үшін
тиімді өткізгіштік
мөлшері азая береді.
Өткізгіштік коэффициеиті арқылы мұнай-газ орналасқан қабаттардың
өзінен сұйық пен газды өткізу қабілетін білуге болады. Тау жынысының
өткізгіштігінің мөлшерін анықтау үшін Дарсидің (ашқан ғалым құрметінен)
сызықты фильтрация заңын қолдананды, ол
бойынша кеуекті ортадағы
фильтрация жылдамдығы қысым құлауына пропорционал жəне оның
тұтқырлығына кері пропорционалды тəуелділігімен анықталады:
Q
k p
F
L
(4.3)
мұнда:
υ - сызықты фильтрацияның жылдамдығы;
Q - 1 с ішіндегі жыныс
арқылы өтетін сұйықтықтың көлемдік шығымы;
F - фильтрация ауданы;
k -
пропорционалдылық коэффициенті, басқаша жыныстың өткізгіштік
коэффициенті деп аталады; µ - сұйықтықтың динамикалық тұтқырлығы;
р -
жыныстың үлгісінің ұзындығындағы қысым құлауы;
L - фильтрация
сұйығының жүретін жол ұзындығы.
Жоғарыда келтірілген теңдіктен (4.3) өткізгіштік коэффициенті мынаған
тең болады:
55
Q L
k
F p
(4.4)
Халықаралық бірліктер жүйесі бойынша өткізгіштік коэффициенті м
2
өлшенеді. Тəжірибеде көбіне Дарсы өлшем бірлігі қолданылады, Д деп
белгіленеді. Өлшем бірліктер қатынасы келесідей:
1м
2
= 10
12
Д=10
15
мД;
1 мкм
2
= 1 Д
Өндірістік мұнайгазы бар жыныстардың
орташа есеппен өткізгіштік
мөлшері 0,01 до 1,0 Д саяды.
Достарыңызбен бөлісу: