К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова



Pdf көрінісі
бет37/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77
шоғыр

Бақылау сұрақтары 
1. Скважина дегеніміз не? 
2. Скважинаның конструкциясын сызып көрсету. 
3. Скважина түрлерін атаңыз. 
4. Скважинаны зерттеу түрлері қандай? 
 
 
 
 
 
 


66 

БӨЛІМ. 
МҰНАЙ, 
ГАЗ 
ЖƏНЕ 
ГАЗКОНДЕНСАТТЫ 
ШОҒЫРЛАРДЫ ИГЕРУ 
 
6.1. Мұнай жəне газ шоғырларының энергетикалық сипаттамасы 
Ежелгі уақыттан бері адамзат мұнай мен газды өндіріп келеді. 
Алғашында қарапайым тəсілдер қолданылды. Мұнай сіңген су қоймаларының 
беттерінен мұнайды жинақтау, құмтас пен əктасты өңдеу, құдық арқылы 
өндіру сияқты сол заманға ыңғайлы тəсілдермен өндіріліп жатты. Дегенмен, 
мұнай өнеркəсібі дамуының бастауы деп мұнай скважиналарын механикалық 
бұрғылау пайда болған кезді есептейді. Қазіргі уақытта барлық өндіріліп 
жатқан мұнайлар бұрғылау скважиналарының көмегімен өндірілуде. Сонымен 
қатар, шикізат қоры құрылымының жағдайы да бөлек. Ірі кен орындары 
игерудің соңғы кезеңінде жəне өңделмеген қорды дəстүрлі əдістерді қолдану 
арқылы игеру экономикалық тиімді емес, осыған байланысты, көп мөлшердегі 
қор көлемі өндірістік игеруге қатыстырылмай қалуы мүмкін[5].
Мұнай шоғырларын игеру мен скважиналарды пайдалану қабаттың 
табиғи режимімен тығыз байланысты. 
Кен орны скважиналармен ашылуға дейін қабаттың барлық физикалық 
шамалары – температура, қысым, мұнай, су жəне газдың таралуы – шоғырдың 
геологиялық кезеңдерінің өтуі барысында қалыптасқан бастапқы жағдайында 
болады. Əдетте, мұнай жəне газ шоғырда тығыздығына баланысты 
орналасады: ұстағыштың жоғарғы бөлігінде газ, одан төмен мұнай, одан да 
төмен су(6.1-сурет). Шоғырды ашу кезінде скважина түбінде қабаттық 
қысымнан төмен қысым пайда болады, осының əсерінен сұйық пен газ 
скважина түбіне қарай яғни, төмен қысым қалыптасқан жаққа жылжи 
бастайды.
Сурет 6.1 – Шоғырдағы сұйық пен газдың орналасуы 
1 – газ қалпақшасы; 2 – мұнай; 3 – су 


67 
Қабат қысымы – өнімді қабаттың энергетикалық мүмкіндігін 
анықтайтын, скважиналардың, жалпы шоғырдың өнімділігін анықтайтын ең 
маңызды факторлардың бірі. Бұл қабаттағы сұйық пен газдың табиғи 
жағдайдағы қысымы. 
Сəйкесінше, бастапқы қабаттық қысым – игеруге дейінгі қабаттағы 
қысым болып табылады. Бастапқы қабаттық қысым – берілген мұнай жəне газ 
қабатының орналасу тереңдігіне тікелей байланысты, ол төмендегі 
формуламен анықталады: 
баст
.қ.қ
=
=10
4

(6.1)
мұндағы, H - қабаттың орналасу тереңдігі, м; – еркін түсу удеуі, 9,8 
м/с

-қа тең; – сұйық тығыздығы, кг/м
3

Қабаттық қысымды дəлірек анықтау – тереңдік манометрлер ақылы 
жүргізіледі. 
Қабаттық энергия сұйық пен газдың кеуекті ортадағы қозғалысы мен 
кедергіге ұшырауы кезінде шығындалады, нəтижесінде қабат қысымы 
көбінесе төмендейді. 
Шоғырдың энергия қоры қабат қысымына байланысты болады. Мұнай 
мен газдың скважина түбіне қарай қозғалысын қамтамасыз ететін келесі 
қабаттық энергия көздері бар: 
1) қабаттың суарынды энергиясы (нұсқа сыртындағы су бағанының 
биіктігімен анықталады) 
2) газ қалпақшасындағы еркін газ энергиясы (газ қалпақшасы немесе газ 
көпіршіктері қабақ қысымының төмендеуі кезінде мұнайдан бөлінеді) 
3) газ энергиясы қанығу қысымынан төмен қысымда пайда болады
4) сұйық пен тау жыныстарының серпімді энергиясы (сұйық пен тау 
жыныстарының сығымдалуына негізделген, сондықтан олар қабаттық 
жағдайда қысым төмендегенде азаятын серпімді энергия қорына ие болады) 
5) мұнайдың өз салмақ күшіне негізделген арынның энергиясы (мұнайы 
бар қабаттардың горизонтальды емес орналасуынан пайда болады; арынға 
қабаттың құлау бұрышы əсер етеді). 
Сұйық пен газдың скважина түбіне ағылуы қабаттық қысым мен түптік 
қысымның айырмашылығы болуына негізделген. Бұл өзгерістің, яғни 
қысымның депрессиясының мөлшері скважинадан алынытын сұйықтың 
мөлшеріне, қабат пен сұйықтың физикалық қасиеттеріне, мұнай өндірудің 
негізгі шарты болатын қабаттық энергияның түріне байланысты болады. 
Қабат энергиясы сұйық пен газдың қабат бойымен қозғалысына жəне 
олардың скважинамен көтерілуіне жұмсалады. Энергияның негізгі бөлігі 
сұйық пен газдың тұтқырлығына, фазалардың бір - біріне қатысты қозғалысы 
кезіндегі үйкеліс күші əсерінен пайда болатын ішкі үйкелістен өтуге 
жұмсалады.
Қабат энергия көзінің екі типі болады: шынайы (табиғи) жəне жасанды 
(қабат энергиясын жасанды түрде су, бу немесе газ айдау арқылы ұстауға 
болады). Қабат энергиясының қоры, бастапқы қабаттық қысымның мөлшері 


68 
жəне оның төмендеу қарқыны газ қалпақшасындағы газдың ұлғаюы кезінде 
пайда болған энергияға, қабат жүйесіндегі серпімді энергия қорына
мұнайдағы еріген газ энергиясына, гравитациялық факторға байланысты 
болады. Бұл энергиялар мұнайдың шығуына мүмкіндік береді.
Сұйық пен газдың пайдалану скважиналарына қарай қозғалысын 
қамтамасыз ететін энергияның түріне байланысты мұнай шоғырларының 
игеру режимдері келесі түрлерге бөлінеді: 
1) суарынды (шеткі сулардың салмаққа байланысты арыны) 
2) серпімді (тау жынысы мен судың серпімділігінен пайда болған шеткі 
сулар арыны) 
3) газарынды (газ қалпақшасындағы газдың қысымы) 
4) еріген газ энергиясы (еріген газды мұнайдан бөлінгендегі 
серпімділігі) 
5) гравитациялық (мұнайдың салмақ күші). 
Газ жəне газ конденсат шоғырларының энергия көзі, бұл қабаттағы 
газдың қысымы мен қабат суларының арыны болып табылады. Сəйкесінше, 
газды немесе серпімді газсуарынды режим деп аталады. 
Энергиялардың бірнеше түрлері қатар болғанда режімді аралас немесе 
үйлесімді режим деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет