К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова



Pdf көрінісі
бет39/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   77
шоғыр

Серпімді режим 
Серпімді режим кезінде мұнайдың ығыстырылуы жер қойнайындағы тау 
қысымының əсерінде болған сол мұнайдың серпімді ұлғаюы, мұнай шоғырын 
қоршап тұрған судың серпімді ұлғаюынан болады (6.3 –сурет). Бұл режимнің 
болуы үшін негізгі шарт қабат қысымының қанығу қысымынан жоғары болуы 
(P
қ
> P
қан 
). Негізгі қорларды шығаруға серпімді энергия жеткілікті болуы үшін 
қабат шектелген жəне ірі болуы керек. 
Сурет 6.3 – Серпімді режим 
Серпімді режим кезінде қабаттағы мұнай шеткі сулардың арыны 
əсерінен шығады. Бұл кезде суарынды режимдегідей гидродинамикалық 
байланыстың болуы шарт емес. Сондықтан, серпімді режим болуының негізгі 
шарты қабаттың сулы аймағы мұнайлы аймағынан өте үлкен болуы керек. 
Игеру кезінде қабаттық қысым түседі, сығылған сұйық көлемі үлкейеді, ал 
қабат материалының кеңеюі əсерінен кеуектер көлемі азаяды. Осының бəрі 
сұйықтың қабаттан скважинаға қарай ығыстырылуына əкеледі. 
Кей кезде сұйықтың ағыны сырттан келген судың арыны есебінен 
ұсталынады. Бұндай режим серпімді суарынды деп аталынады. Суарынды 
режим мен серпімді режимнің айырмашылығы неде? Екі режимде де мұнайды 
қабаттан жер бетіне шығару сумен ығыстырылып шығарылғанымен
себептеріі əртүрлі болады. 
Серпімді режим кезінде мұнай өндіріледі, ал оның көлемі азаяды. 
Шоғырдың қабат қысымы да төмендейді. Уақыт өте келе қысымның төмендеуі 
шоғырдың сыртына тарайды. Шоғыр сыртында шоғырдың өзінен өте үлкен 
болып келетін қабаттың ірі сулы аймағы орналасады. Неліктен режимді 
серпімді деп атағаны енді түсінікті болды. 


71 
Қысымы жоғары болғанда қабат - коллектордың тау жынысы мен 
сұйығы сығылған күйде болады. Қысым азая бастаған сəтте сығылған сұйық 
көлемі ұлғаяды, қабат материалының кеңеюі əсерінен кеуектер көлемі азаяды. 
Егер кеуектер азайса оның ішінде сақталған сұйық ығыстырылып шығады. 
Осының бəрі сұйықтың қабаттан скважинаға қарай ығысуына əсер етеді. 
Мұнай бергіштік коэффициенті 0,5-0,6 шамасында өзгеріп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет