К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова



Pdf көрінісі
бет47/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77
шоғыр

Штуцер фонтанды шыршаның элементі, жəне ол фонтанды 
скважиналардың жұмыс режимі мен өнімін реттеп тұру үшін арналған. 
Штуцерлер арматураның шығыс желісінің екі бөлігінде де орналасады жəне 
олар реттелетін немесе реттелмейтін болып бөлінеді. Ең қарапайым жəне 
сенімді түрі реттелмейтін штуцер. Олар қысқа конусты тығын түрінде 
шыңдалған болаттан немесе берілген диаметрлі өткізу каналы бар металл-
керамикалық материалдан дайындалады (7.3-сурет).


81 
Сурет 7.3  Фонтанды арматураның тез ауыстырылатын штуцері
1- корпус, 2 – тарелка тəрізді серіппе, 3-бүйіріндегі ершік (седло), 4 - обойма, 
5 - қақпағы, 6- қысатын бұран, 7 - прокладка, 8- бүйір бұраны, 9- штуцердің 
металл керамикалық втулкасы. 
Манифольд – фонтанды арматураны скважина өнімін есептегіш 
қондырғыға беретін құбыр желісімен жалғау үшін арналған. Төрт жақты 
фонтанды арматураның манифольдының қарапайым жүйесі құбыраралық 
кеңістіктің шығу желісін жалғауды қарастырмайды жəне тек бір ғана 
есептегіш қондырғыны скважинамен жалғайтын шығу желісінен тұрады. 
Кейбір жағдайда парафиннің қатуы кезінде скважинаның жұмыс істеуін 
тоқтатпау үшін, екі шығу желісі жəне манифольд қарастырылады. 
Арматураның манифольды мұнайгаз жинау жүйесінің топтық есептегіш 
қондырғысына жалғанады. Онда скважинаның өнімі автоматты өлшенеді. 
Сурет -7.4 Скважина сағасының жабдығы. Айқаспа арматура: 
1 – фланец, 2 – тығыздағыш, 3, 8, 11 – буферлер, 4 – вентиль, 5 – манометр, 6 – 
ысырма, 7,9 – айқаспалар, 10 – үшжақ, 12 – штуцер, 13 – катушка, 14 – фланец. 


82 
Фонтанды скважинаның жұмысына қиындықтар болдырмау 
Əр түрлі мұнай кен орындарында бөлек-бөлек орналасқан өнімді 
қабаттарды пайдалану жағдайлары бір-бірінен өзгеше болады. Осыған сəйкес 
фонтанды скважиналардың жұмысында болатын қиындықтар да əртүрлі. 
Бірақ, əдеттегі жəне жиі болатын, немесе салдары жағынан ең қауіпті 
қиындықтарға келесілер жатады: 
- сағалық арматураның саңылау сызығы бұзылуы нəтижесінде болатын 
ашық реттелмейтін фонтандау; 
- фонтандау кезінде бүлкілдеу, ол скважинаның уақыт бұрын 
тоқтатуына əкеледі; 
- құм шығаруға бейім, тұрақты емес қабаттарды пайдалану кезінде, 
скважина түбінде жəне СКҚ ішінде құм тығынының пайда болуы; 
- скважина түбінде жəне СКҚ ішінде тұздың қабаттануы жəне т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет