К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова


Газлифті скважиналарын іске қосу жəне жұмыс қысымы



Pdf көрінісі
бет54/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   77
шоғыр

Газлифті скважиналарын іске қосу жəне жұмыс қысымы 
Скважинаны пайдалану тоқтаусыз болмайды. Əртүрлі себептерге
жөндеу жұмыстарына байланысты скважинаны тоқтатып, оны қайта қосуға 
тура келеді. Газлифті скважиналарды іске қосуда жəне жұмыс принциптеріне 
байланысты бірнеше ерекшеліктері бар.


90 
Пайдалануға беру кезіндегі қарапайым бір қатарлы көтергішпен 
жабдықталған, газлифтілі скважинаның жұмысын қарастырамыз.
Скважинаны іске қосу процесі, айдалатын газды көтергіш құбырдың 
башмагына дейін жеткізу, яғни газбен сығу арқылы сұйық деңгейін башмакка 
дейін түсіру. Бұл құбыр аралық кеңістіктегі сұйық көлемін V
1
айдалатын газ 
бен ығыстыру керек екенін көрсетеді. Ығыстырылатын сұйық көтергіш 
құбырға енеді, нəтижесінде оның деңгейі статикалық деңгейден жоғары 
болады. Қабаттан жиі сұйықты жұту əсерінен сұйық бағанының статикалық 
деңгейден 
h

биіктікке жоғарылауымен анықталатын қабатта репрессия 
туындайды.
Сурет 7.7 – Газлифті скважинаны іске қосқан кездегі сұйық деңгейінің 
орналасуы. 
Қабаттың нашар өткізуі кезінде немесе скважина түбінде кері 
клапанның ролін атқаратын шөгінділердің санына байланысты барлық 
ығыстырылатын сұйықтар көтергіш құбырға ағады, сонда V
1
көлемі V
2
сұйық 
көлеміне тең болады.
Газлифті скважиналардың құрал жабдықтары 
Негізінен газлифті скважиналары жер үсті жəне жер асты 
жабдықтарынан тұрады. Газлифті скважинасының сағасына орнатылған 
арматураның, фонтанды арматурадан ешқандай айырмашылығы жоқ, жəне де 
оның атқаратын қызметі де ұқсас, скважина сағасын саңылаусыздандыру, 
көтеру құбырларын түсіру жəне газды айдау кезінде əртүрлі операцияларды 
жүргізуге мүмкіндіктің болуы, скважинаны жуу операциясын жүргізу жəне 
т.б. [8].
Газлифті скважиналарға, пайдаланудың фонтандау периодынан қалған 
фонтанды арматуралар, немесе арнайы арналған қарапайым жəне жеңіл 
арматуралар қолданылады. Себебі, онда ашық фонтандау қауіпі болмайды. 
Көбіне арматураны газ айдау үшін, құбыраралық кеңістікке немесе орталық 
құбырға бекітіп орнатады.
Газлифті скважинаны пайдалануда парафин тұрып қалу жағдайы 
кездесіп жатса, онда арматура сағасына қосымша лубрикатор орнатылады, 


91 
жəне сол арқылы сорапты компрессорлық құбырға арқанды алқа мен скребок 
түсіріледі. Скребоктың қызметі, құбыр қабырғасында қатып қалған парафинді 
механикалық жолмен тазарту.
Газлифті скважинасының сағасында скважинаға айдалатын газ 
қысымын реттеп тұратын реттегіш қондырғы орнатылады. Газлифтіні 
пайдалану облысындағы ең негізгі жетістік, газлифтілі клапанды сорапты 
компрессорлық құбыр арқылы арнайы камераға орнатылған технологиялық 
қондырғыны есептелген тереңдікке түсіріп орналастыру болды. Бұл құбыр 
тізбегіндегі іске қосу жəне жұмыс клапандарын істен шыққан немесе бұзылған 
кезде ауыстыру жұмыстарын жеңілдетеді.
Бұл жүйе бойынша скважинаны тоқтатпай, жер асты жөндеу 
жұмыстарын жүргізе беруге болатын басқада жабдықтар көрсетілген.
Кейбір жағдайларда 100-150 м тереңдікке шекті өнімділікке жеткен 
уақытта қысымның түсіп кетуі кезінде қосылатын тереңдік сақтандырғыш 
клапан-ажыратқыштар орнатылуы мүмкін.
Газлифті клапандар микроавтобусқа орнатылған гидравликалық 
лебедканың көмегімен алынып орнатылады. Агрегат 4600 метр тереңдікте 
орналасқан газлифтілі клапандарды, диаметрі 2,5 мм арқанмен алып, 
орналастыруға жəне скважинаны зерттеу үшін арнайы өлшегіш 
қондырғыларды 1,8 мм арқанмен 7000 метр тереңдікке түсіруге арналған. 
Қондырғыны көтеру жылдамдығы 0,2-ден 16 м/с дейін реттеледі. 
Гидроқозғалтқыш лебедкасының номинальды қуаты – 27,2 кВт. Берілісі 0,0025 
м
3
/с (150л/мин) болған кезде, гидросораптың қысымы 13 МПа-ға дейін жетеді.


92 
Сурет 7.8  Газлифті скважинаның жер үсті жабдықтары. 
1-салмақ өлшегіші бар ролик; 2-кілт; 3-мачтаны бекітуге арналған шынжыр; 
4-алмастырғыш; 5-превентор; 6-телескопиялық мачта; 7-жер асты жөндеу 
жұмыстарын жүргізуге арналған үш секциялы лубрикатор; 8-қысқыш; 9-
полиспаст; 10-лубрикатор; 11- жетекші агрегат. 
Сурет 7.9  Газлифті скважинаның жер асты жабдықтары. 
17 – айдау газы; 18 – іске қосу газлифтті клапан; 
19 – жұмысты газлифтті клапан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет