11
Машина жасау сызуындағы заттарды кескіндеуге керекті жобалаушы-
лық құжаттардың бірыңғай жүйесінің стандарттарында келтірілген қосымша
мəліметтер ықшамдаулар мен шарттылықтарды құрайды. Мысалы,
машина
жасау сызбаларында кескіндеу жазықтықтарының координаталық осьтері,
проекциялық байланыс сызықтары көрсетілмейді. Бөлшектердің машина
жасау сызбалары кескінге үлкен көрнекілік беру жəне оны орындауға кететін
уақытты үнемдеу үшін көрінбейтін қарам (контур) сызықтарының аз санымен,
ықшамдаулармен орындалады.
Машина жасау сызбаларында бұйымды дайындау, бақылау, жинау жəне
құрастыру үшін керекті негізгі кескіндерден басқа да, қажетті барлық
мəліметтер беріледі (мысалы, өлшемдері, материалдың маркасы, техникалық
талаптар, беттердің сапасы жəне т.б.).
Машина жасау сызбаларын оқып-үйренудегі негізгі мақсат мынада:
- сызбаларда кескіндерді салудың ережелерімен танысу;
- кескінделетін бұйымның ерекшеліктері мен пішінін жақсы
қабылдауға септігін тигізетін шарттылықтар мен ықшамдауларды қолдану;
-
құрастыру бірліктерінің, схемаларының, бөлшектердің жұмыс
сызбаларын жəне нобайларды орындауға дағдылану;
-
сызбаларды оқу, негізгі құрылымдық құжаттарды құрастыру
тəжірибесін жинақтау;
- бұйымдар мен элементтердің негізгі түрлерінің қарапайым
құрылымына қатысты негізгі мəліметтерді оқып-үйрену;
- бөлшектер мен олардың элементтерінің
параметрлерін анықтайтын
стандарттармен танысу;
- машина жасауда қолданылатын материалдармен танысу.
Жаңа техниканың дамуы инженерлік-техникалық еңбектің қарқынына,
жобалаушылық құжаттардың сапасын арттыруға, сондай-ақ құрылымдық-
жобалау
жұмыстарын автоматтандыруға, қазіргі замандағы есептеуіш
машиналарды дамытуға байланысты бейнелегіш құрылғыларды кеңінен
пайдалануды талап етеді.
Сызбаларды жəне басқа құрылымдық
құжаттарды орындаған кезде
тиісті стандарттардың талабын мүлтіксіз орындау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: