К. Д. Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоға



бет2/8
Дата08.10.2022
өлшемі209.66 Kb.
#462192
1   2   3   4   5   6   7   8
Экологиялық тәрбие Курсовая (копия)

Зерттеу мақсаты. Балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту, өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу. Балаларды табиғатпен таныстыруда әр түрлі әдістер мен формаларды қолдану.
Зерттеу міндеттері:
1. Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.
2. Мектеп оқушыларының экологиялық көз қарастарын кеңейту және жүйелеу.
3. Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету.
4. Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.
5. Табиғатпен таныстырудың формалары және әдістерін көрсету.
Болжам. Егер, балаларға берілетін табиғат жайындағы ұғым олардың жас ерекшелігіне сәйкес келсе, табиғат туралы ұғымдарын қабылдай білу мүмкіндіктері ескерілсе, табиғаттың адам мен қоғамға, адамның табиғат пен қоғамға тигізетін әсерін мазмұндап сипаттайтын болса, табиғатты өзгертуде адамның ақыл-ой, білімінің қажеттілігін сана-сезіміне жеткізе түсіндіретін, табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыратын оқу-тәрбие жүйесі жасалса, түрлі оқу формалары мен оқыту әдістері қолданылса онда экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру нәтижелі болады.
Зерттеу нысаны. Негізгі орта сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру жүйесі.
Зерттеу пәні. Негізгі орта сынып оқушыларына экологиялық білімді қалыптастыру және тәрбие беру үрдісі.
Зерттеу әдістері. Педагогикалық психологиялық әдістемелік әдебиеттер мен баспасөз материалдарын талдау, ұстаздардың іс-тәжірибесін бақылау, педагогикалық эксперимент, бақылау әдісі.
Практикалық пайдасы. Осы зерттеу жұмысының қорытындысын тәрбиешілер болашақта өздерінің күнделікті оқу тәрбие процесінде жүйелі түрде қолдануларына болады деп ойлаймын.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- Негізгі орта сынып оқушыларын табиғатпен таныстырудың әдістеріне теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
- табиғатпен таныстыру формалары анықталып зерделенді,
- оқушыларды табиғатпен таныстыруда қолданылатын әдістердің түрлері көрсетіліп, шарттары белгіленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет