К. Д. Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоға


Негізгі орта сыныпта экологиялық білім мен тәрбие беру тиімділіктері



бет6/8
Дата08.10.2022
өлшемі209.66 Kb.
#462192
1   2   3   4   5   6   7   8
Экологиялық тәрбие Курсовая (копия)

2.2 Негізгі орта сыныпта экологиялық білім мен тәрбие беру тиімділіктері
Классикалық педагогика табиғат туралы ғылыми білімдердің мазмұны, оларды ашу әдістері, табиғатты тану процесінде көзқарасты қалыптастыру, Орта мектеп оқушысын табиғаттың әсерімен адамгершілік-эстетикалық дамыту, баланың табиғатпен өзара қарым-қатынасының оған білім беру жүйесіндегі орны мен маңызы туралы қағидалар тұжырымдалған. Табиғаттың әсерімен балада гуманистік сезімдерді бекітудің педагогикалық құндылығын ұлы педагогтар Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дистерверг ерекше атап көрсеткен. [3]
Табиғатты және онымен қарым-қатынасты тек сөз жүзінде тар практицизм мен утилитаризм шеңберінде зерттеуге қарсы орыс ағартушылары: В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев, Н.Г.Чернышевский қарсы болды. Олар мектепте табиғат туралы толыққанды білімдерді енгізуді талап етті. Олар аталған білімдердің жеке адамның адамгершілік моральдық қасиеттерінің қалыптасуына, баланың табиғаттағы мінез-құлқын анықтайтынын атап көрсетті. [14]
Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский баланың табиғатпен ара- қатынасын кеңейтіп, табиғаттың тәрбиелеушілік әсерінің педагогикада төмен бағаланып отырғанына таңданыс білдірді.
Қазіргі кезеңдегі экологиялық білім беру табиғат пен қоғамның біртұтастығы туралы, олардың тарихи өзара байланысы, адамның табиғатқа қатынасының әлеуметтік себептілігі туралы ілім әдістемесі негізінде құрылған.Қоғам мен табиғаттың өзара әсерінің көпжақтылығы экологиялық білімнің комплекстілігін анықтайды. Жалпы әдістемелік және теориялық қағидалар экологиялық білім берудің төменгі принциптерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
1. Орта мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға пәнаралық тұрғыдан қарау, әр пәннің жалпы экологиялық білім беру жүйесіндегі қызметін, пәнаралық байланыстарды анықтау мен оларды қамтамасыз етуді талап етеді. Экологиялық білім берудегі пәнаралық байланыстарды анықтау әр түрлі оқу пәндерінде оқытылатын, экологиялық білімдердің әр түрлі деңгейлеріндегі қоғам мен табиғаттың өзара әсерінің тиімді әдістері мен принциптерін, заңдарын ашу әдістері мен олардың мазмұнының өзара үйлесімділігін қажет етеді. Сонымен қатар қандай да бір оқу пәнінің мазмұнына кіретін идеялар мен ұғымдардың даму логикасын, экологикалық идеялар мен ұғымдарды тұжырымдау мен тереңдетуге пайдалану керек.
2. Орта мектеп жасындағы оқушыларға экологиялық материалды оқытудың жүйелілігі мен үздіксіздігі.Қоршаған орта мәселелері бойынша білім берудің мақсаты мен міндеттерін орындау мазмұны жүйесін, оқу-тәрбие процесінің әдістерімен ұйымдастыру түрлерін жасауды талап етеді. Осы тұрғыдан қарау орта мектеп жасындағы оқушылардың экологиялық білімдерінде ақтаңдақтарды болдырмауға экологиялық өзара қарым-қатынастардың әр алуан түрлерінің белгілі бір уақыттың және кеңістік шекараларында бірқалыпты оқытуға, аталған байланыстардың биологиялық жүйелердің әр түрлі деңгейлеріндегі динамикасын оқушыға көрсету мүмкіндік береді. Жүйелеу принципі экологиялық білім беруді алуан түрлі білім беру көздері мен ақпараттық құралдардың үйлесімділігінің негізінде құруды талап етеді.
Қоршаған табиғи ортаны зерттеу мен сауықтыруға бағытталған оқушының әрекетіндегі интеллектуалды және сезімдік-қаржылық негіздердің бірлігі.Экологиялық білім мен тәрбие берудің бұл принципі табиғатпен тікелей қатынасы есепке ала отырып рационалды танымды көркемдік-образдық таныммен үйлестіруді талап етеді. Бұл принципті бағаламау не таза интеллектуализмге, не есепке негізделген практизмге әкелуі мүмкін.
Практикалық қызметтегі, рационалдық пен эмоционалдықтың арасындағы байланыс динамикалық және көпжақты болып табылады. Егер оқушы тірі және өлі табиғаттағы объектілердің арасындағы заңды байланыстыра білсе, экологиялық жүйелердегі үйлесімдіктің әсемдігін сезіне білсе, онда оның әрекеті де табиғатты сақтау, оны бұзылудан қорғауға бағытталады.
Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясында ортаны қорғауда жергілікті (өлкетану), аймақтық, ұлттық және ғаламдық байланыстар мәселелерінің ашылып көрсетілуіне ерекше назар аударылған. Бұл дегеніміз, мысалы, белгілі бір жердегі адамның табиғатқа әсерінің нақты фактісі, оң және теріс болса да, осы әсердің нәтижелерін бағалау жалпы мемлекеттік тұрғыдан бірлікте қарастырылады. Нәтижеде оқушылардың көзқарасының жүйесінде қоршаған орта мәселелерінің мемлекеттік шекарасы болмайтындығы және қандай-да бір әкімшілік – территориялық бөлуге келмейтіндігі себепті ғаламдық сипат алатыны туралы ұғым қалыптасады. Сондықтан қоршаған ортаның көптеген мәселелерін тек халықаралық бірлескен іс-әрекеттер жолымен ғана тиімді шешуге болады .
Экологиялық білім беру принциптері мектептердің практикасында төменгі міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады:
1)Адамның табиғатқа әсерінің оның заңдарына сәйкестігін анықтайтын ілімдер, негізгі ұғымдар мен фактілер туралы білімдерді меңгеру;
2)Қоғам мен әрбір адамның материалдық және рухани күшінің көзі ретінде табиғаттың көпжақты бағалылығын түсіну:
3)Қоршаған ортаның жағдайын бағалаудағы қолданбалы білімдер мен практикалық іскерліктерді меңгеру. Оның жағдайын жақсартуда дұрыс шешімдер қабылдай білу, өзінің іс-әрекетінің мүмкін болатын салдарын болжау және еңбек қызметінде табиғатқа теріс әсерлерді болдырмау:
4)Табиғат пен қарым-қатынасқа деген қажеттілікті дамыту, дүниені тануды адамгершілік – эстетикалық сезімдермен бірлікте қарастыруға талпыну;
5)Табиғатта өзін ұстау ережелерін саналы түрде сақтау арқылы табиғатқа зиян келтірмеу, ластамау не қоршаған ортаны бұзбау;
6)Қоршаған табиғи және өзгертілген ортаны сауықтыруға бағытталған іс-әрекетті активтендіру, қазіргі заманғы табиғат қорғау идеяларын насихаттауға қатысу.
ҚР экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясында тұжырымдалған мақсат, принцип пен міндеттер оқушыларға білім мен тәрбие беру процесімен байланысты процестерді ұйымдастыру, формаларын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын жасауда маңызды рөл атқарады.Экологиялық білім берудің мазмұны оқушының қоршаған ортамен өзара әсерінің құрылымын қарастыруды талап етеді.
Бұл құрылымды сараптау «оқушы – табиғи орта» жүйесінің қызметінің төмендегі нұсқаларын біліп көрсетуге мүмкіндік береді. Негізгі орта сынып оқушысы табиғи ортамен тікелей қарым-қатынаста болады. Берілген жағдайда экологиялық білім берудің мазмұнын қалыптастырушы факторлар:
1)Оқушы, оның қоғамдық өмірге қажетті жеке басының мінездемесі;
2)Табиғи орта;­­­
3)Қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ететін оқушы мен табиғаттың өзара қатынасының сипаты.
Орта мектеп оқушысының жеке басының мінездемесін анықтауда, «оқушы – табиғи орта» жүйесіндегі біржақты байланысқа назар аударамыз.
«Табиғи орта – оқушы» байланысы немесе табиғи орта оқушыға не береді, табиғатты оқушы қалай пайдаланады. Бұл байланысты сипаттай келе, мынаны бөліп көрсетуге болады:
а) сауықтыру аспектісі – табиғатты өзінің денсаулығын жақсартуда пайдалану;
б) рухани аспектісі – табиғатты эстетикалық, интеллектуалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану;
в) материалдық аспект – саңырауқұлақтар, жеміс-жидектер жинау, үй жануарларына азық дайындау және т.б.
Аталған экологиялық байланысты көрсететін оқушының жеке басының сапаларын табиғатты адамның материалдық интеллектуалдық және физикалық дамуы, денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында қолдануға дайындық ретінде сипаттауға болады.
«Оқушы – табиғи орта» байланысы немесе оқушының табиғи ортаға әсері қандай. Оқушының қоршаған ортаға қатысты іс-әрекеті:
а) нейтралды;
б) орта жағдайын жақсарту не сақтауға бағытталған;
в) орта жағдайын нашарлату түрінде болуы мүмкін.
Қоғамдық қажеттілік тұрғысынан аталған саладағы оқушының жеке басының мінездемесін – табиғи ортаны қорғау мен жақсарту, табиғатты пайдалану ережелерін орындауға дайындық түрінде анықтауға болады.
Автотранспорттың санының артуы, қала ортасының ластануы мен ауаның газдануына әкеледі. Аталған және басқа ластану факторлары қоршаған табиғи ортаны бұзып, қоршаған ортаға экологиялық қысым түсіреді.Мұндай жағдайда дені сау ұрпақ өсіру мүмкін емес.
Оқушылар арсында тыныс алу мүшелерінің ауруы ең жиі кездесетін аурулар түріне жатады (70% астам) әсіресе ОРЗ, ангина, ларингит, тұмау, отит, аллергиялық аурулар. Аурулардың жалпы санының 20% астамын инфекциялық аурулар құрайды: дәрі-дәрмектерге аллергия, эксудативті диатез және т.б. Ең жиі кездесетіндер ветрянка (инфекциялық аурулардың 80%). Зәр – жыныс жүйесінің мүшелерінің ауруы 10% құрайды. [12]
Сондықтан жалпы білім беретін мектептердің негізгі міндеті оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, балаларға табиғатты жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Қала жағдайында демалыс бақтарын есептемегенде іс-жүзінде таза табиғи орта жоқ деуге болады. Сондықтан педагогикалық процессте экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұнын анықтауда балалардың қала сыртына, табиғатқа жорықтары міндетті түрде жоспарлануы тиіс.
Шет елдерде балалардың, ата-аналарымен бірге әр аптада қала сыртына шығып демалуы жолға қойылған. Бұл табиғаттың күшті сауықтырушы фактор екендігін ескерсек олардың денсаулықтарын нығайтуына мүмкіндік береді.
Оқушы арқылы мұғалім табиғатпен өзара қарым-қатынаста болады. Өзара қатынастың бұл формасы маңызды болып табылады, себебі ол оқушының табиғатпен қарым-қатынасының кәсіптік аспектісін көрсетеді. Өзара қарым-қатынастың осы формасының тиімділігін арттыру табиғи ортаның сапасын жақсарту мен оны сақтауға үлес қосуы тиіс.
Ортаңғы сыныпта экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру үшін, мұғалімнің өзінің табиғатпен қатынасы білікті болуы керек. Оқушының табиғатпен қатынасының тиімділігін арттырудағы қоғамдық қажеттілікпен байланысты факторларды сараптау экологиялық білім берудің мазмұнын қалыптастыру саласындағы негізгі қорытындыға әкеледі: бұл мазмұн оқушыларға тиімді экологиялық тәрбие беру мұғалімнің білімнің мазмұны және оның табиғатпен тиімді өзара қарым-қатынас арқылы бағытталуы тиіс.
Ортаңғы сыныпта оқушылардың экологиялық білім мен тәрбие алуына отбасы зор әсер етеді. Отбасындағы табиғатты қорғау тәрбиесі – балаларда туған өлкенің табиғатына сүйіспеншілікпен, жанашырлықпен қарауды тәрбиелеудің негізі. Әр отбасының ересек мүшелері баланың алғашқы тәрбиелеушілері болып табылады. Ана сүтімен, әкенің күлкісімен, ата, әжелердің шексіз еркелетуімен бөбектің өміріне, жақындарына, үй-ішіне, қаласына, табиғаттың элементтеріне деген алғашқы сүйіспеншілік сезімі кіреді. Осы сүйіспеншіліккейін баланың саналы табиғи қорғау жұмысының негізі болып табылады. Табиғатқа деген сүйіспеншілік туған үйінің босағасында қалыптасады. Мұнда ата-аналар ең маңызды рөл атқарады.
Мектеп оқушыларының мәдениетіне, оларға экологиялық білім мен тәрбие беруге қоғам, қоршаған әлеуметтік ортасы әсер етеді. Ол белгілі бір дәрежеде адамның экологиялық мәдениетін анықтайды. Мектеп оқушыларды табиғатты қалай зерттеу мен қорғауға, оның жағдайын бағалауға, экологиялық білімдерді өздерінің жолдастарының және ересектердің арасында насихаттауға үйрету тиіс.
Оқушыларда табиғатты қорғау саласындағы қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті тәрбиелеу керек. Осы қызметке қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру мектептегі оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі болуы тиіс.Оқушылардың экологиялықбілімдерді халық арасына тартудағы рөлі ерекше. Мұнда тек материалды игеру аз, сонымен қатар өзінің көзқарастарын қорғауға эмоционалдық – мотивациялық дайындық, белгілі бір моральдік позиция, жігерлік сапаларды арнайы шынықтыру және әдістемелік өзгерістерді қамту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет