Оқу құралының мақсаты магистранттарда әлеуметтік педагогиканың әлеуметтік тәжірибе саласы, ғылыми пән мен жүйелі білім беру кешені ретіндегі теориялық және әдіснамалық негіздері жөніндегі түсініктерін қалыптастыру, оларды әлеуметтік педагогиканың ғылыми теорияларын, әдіснамалық қағидаларын ғылыми тәжірибеде қолдануға үйрету.
Оқу құралының міндеттері
-магистранттарды XX ғасырдың 90-жылдары мен XXI ғасырдың басындағы әлеуметтік педагогиканың әдіснамасының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерімен таныстыру;
-магистранттарда әлеуметтік педагогиканың әдіснамасының мәні, мазмұны және құрылымы туралы білімдер жүйесін қалыптастыру;
- магистранттардың әлеуметтік педагогиканың гносеологиялық, дүниетанымдық, технологиялық және ғылыми-әдістемелік негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру;
Магистранттардың негізгі құзіреттіліктері:
Олар білуге тиіс:
-әлеуметтік педагогиканың логикалық-гносеологиялық, дүниетанымдық, технологиялық және ғылыми-әдістемелік негіздерітуралы түсініктерін;
- әлеуметтік педагогиканың логикалық-гносеологиялық құрылымыжайлы;
- әлеуметтік педагогиканың ғылыми-мазмұндық құрылымы жайлы;
-әлеуметтік педагогиканың ғылыми-мәселелік алаңы жайлы.
Біліктіліктері:
меңгерген теориялық және әдіснамалық білімдерін тәжірибеде қолдана алу;