К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева



бет20/60
Дата06.01.2023
өлшемі0.94 Mb.
#468166
түріРешение
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60
УМКД

Әлеуметтік педагогика

Әлеуметтік тәрбие



Өмір сүру ортасымен және жұмыста өзін-өзі жетілдіру жұмысында өзара әрекет етудегі
индивидуалдық белсенділік

Әлеуметтік қалыптасу

Педагогика

әлеуметтік ауытқушылықтар

Өзін-өзі дамытушы тұлға

Тікелей орта педагогикасы







2.1- сурет. Әлеуметтік педагогика құрылымы

Сондай-ақ, тәрбиелеудегі түрлі институттардың (отбасы; білім беру, арнаулы білім беру, еңбекпен түзеу, түзету, құқығын қалпына келтіру, әлеуметтік, демалыс мекемелері; қоғамдық бірлестіктер, қозғалыстар мен ұйымдар; бұқаралық ақпарат құралдары) әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктері мен мақсатты пайдаланылуы проблемалары және өсу үстіндегі адамның әлеуметтік қалыптасуына тікелей ықпал етуші басқа да факторлар зерттеледі.


Адамның жеке тұлғалық әлеуметтік қалыптасуы педагогикасы ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік педагогика - бұл жеке тұлғаның, қоғамдық топтың әлеуметтену үдерісіндегі әлеуметтік қалыптасуының теориясы мен практикасы теориясы. Мұндай анықтама әлеуметтік педагогика жөнінде жалпы түсінік береді.
Әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық сүйемел, адамның өзін-өзі танытуын қолдау – бұл адамның өмір жолында өзі кездесетін проблемаларды жеңуде қолдауды, әлеуметтік-педагогикалық сүйемелді қажетсінетін үдерістерде, яғни өмірдің түрлі салаларында жеке тұлға ретінде қалыптасуын, өзін-өзі жетілдіруін және өзін-өзі танытуын, адамның мақсатты түрде әлеуметтік қалыптасуын, оған қажетті мәдениетті сіңіруін қамтамасыз ету бойынша тікелей және жанама қызмет болып табылады. Адамның өмір сүру ортасы, қауымның маңыздылығы осылай іске асады.
Тұтастай алғанда, әлеуметтік педагогиканы теория, практика және білім беру кешені ретінде қарастыру қажет.
Теория ретінде әлеуметтік педагогика – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасу, топты (бұқараны) басқару үдестерін, оларға ортаның ықпал етуі есебімен айқындайтын ұғымдардың, пайымдаулардың, заңдар мен заңдылықтардың жүйесі. Теория қоғамдық және педагогикалық практика дәлелдеген білімдер мен тұжырымдамалардың қисындап мазмұндалған жиынтығынан тұрады. Ол жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасу, топты басқару, олардағы әлеуметтік ауытқушылықтар проблемалары, олардың алдын алу және жеңу мүмкіндіктерінің табиғатын түсінуге мүмкіндік береді.
Практика түріндегі әлеуметтік педагогика – бұл субъектінің (әлеуметтік педагогтың; әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғаның) адамның, топтың әлеуметтік дамуына, оларды түзетуге және тәрбиелеуге, қайта тәрбиелеуге, сондай-ақ, бұқараны басқаруға, оларды белгілі бір әрекеттерге жұмылдыру, саяси және басқа белгілі мақсаттарға жету мүддесінде тоқтата тұру бойынша диагностика және болжамдау бойынша бағытталған қызмет.
Білім беру кешені ретіндегі әлеуметтік педагогика – бұл әлеуметтік саланың мамандарын, соның ішінде, әлеуметтік педагогтардың өздерін даярлаудың теориясы мен практикасы. Ол әлеуметтік педагогиканы оқу пәні - әлеуметтік педагогты, әлеуметтік қызметтерді және басқа мамандарды арнайы (кәсіби) даярлаудың құрамдас бөлігі ретінде теориялық және әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.
Оқу пәні ретінде әлеуметтік педагогика әрқайсысының өзіндік мазмұны бар және басқалармен өзара байланыста әрекет ететін бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады. (2.2-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет