К. М. Мырзағалиева Махамбеттану


Махамбет өлеңдерінің көркемдік айшықтары



бет15/26
Дата20.10.2023
өлшемі328.47 Kb.
#481198
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Мырзағалиева К.М. Махамбеттану

Махамбет өлеңдерінің көркемдік айшықтары


Махамбет өлеңдері – шындық. Өлең шығару, данышпандық ой айту бар да, оны ажарлау, құбылту, айшықтау бар. «Ақын дыбыстардың үніне зейін салмаса, бояу – суреттер тағдырына жіті үңілмесе, өлең өрімдей сұлу болып шықпақ емес» /90/. Ақын жырларының тартымды да әсерлі болуы ақындық тілдің көркем стилистикасына байланысты. Жыраулар поэзиясында осы стилистикалық ажарлау, құбылту, айшықтау жиі ұшырасады:
Мәселен, XVғасыр өкілі Асан қайғы:
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрген,
Еділ деген қиянға
Еңкейіп келдің тар жерге.
Бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталануы (ассонанс) жырға көрік беріп, әсемдей, әсерлеп тұр. XVI ғасыр поэзиясының өкілі Шалкиіз:
Жағаға жақын қонғанда,
Жайылып сулар алмас па,
Жаманға дос болғанда,
Жазымда басың қалмас па,
Жат туғанды өз еткен
Жақсының ғұмыры аз-ақ болмас па, -
десе бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы (аллитерация) да жырға ерекше ажар береді. Бірақ дыбыс қуалап айтайын деген ол ақындарда ой да болмағаны сөзсіз. Өлеңнің теориясына қарап жатқан, әрине, олар жоқ.
Бұл өзі құйылып жатқан табиғи талант қой. Бұлақтың өздігінен ағып жатқаны сияқты жыр дариясы да өздігінше ағып жатады. Біздер ғой, қазір, олардың шеберлігін тану үшін теорияға салып өлшейтін.
Махамбеттің осындай асыл да әсем бай тіл, ажарлау тәсілдері жырларында жиі қолданылады:
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңқу-еңқу жер шалмай ...
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей ...


Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық шөл көрмей,
Арып-ашып жол көрмей ...


Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темірқазық жастанбай ...
(Ереуіл атқа ер салмай)


Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым …
(«Тарланым»)


Арыстанымның баласы
Адағанда ел таппай,
Адасқанда жөн таппай,
Арманда қалды жас болып.
(«Жақия»)


Тізе берсек, ажарлау Махамбет өлеңдерінің барлығына тән десек те қателеспейміз.
Сөздің реңін әдеби тілмен ажарлаудың тағы бір түрлі – айқындау (эпитет). «Айқындау яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын» /64, 222 б./.
Махамбет толғауларында да айқындау (эпитет) жиі ұшырасады:
Қоғалы көлдер, құм, сулар
Кімдерге қоныс болмаған?
Саздауға біткен құба тал
Кімдерге сайғақ болмаған?!
(«Жалған дүние»)
Осы сияқты «Арқаның қызыл изені», «Көкше мұзынан таяр ма?», «Асыл ерге» «Күнқақты ер», «Көн садақтың ішінде», «Алтын тақты», «Ханның кірген ақ орда», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Еңсесі биік боз орда», т.б. жолдар да айқындау әдемі қолданылған.
Махамбет бұрынғы ақын-жыраулар қолданған эпитеттерді қайталамай, өзінше нұсқалы түр туғызды.
Қара әріппен терілген сөздерге көз жүгіртіңізші. «Қоғалы көл», «құба тал» ... - «Заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын» анықтап тұр емес пе?!
Өлең, жыр, толғау, термелерді ажарлаудың, әсерлілігін күшейтудің тағы бір жолы – теңеу. Бұл көркемдік тәсіл жайында Ахмет Байтұрсынов «белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз» /4, 354 б./ десе, академик
З. Қабдолов: «Мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді. Сонда бұлар туралы оқырман түсінігі айқындалу үстіне тереңдейді де, өнер туындысының эстетикалық әсері күшейе түседі» /64, 224 б./, - дейді. Жалпы «осы көркемдік тәсіл ауыз әдебиетіндегі өлең сөзді еселеп, төпеп отыратын суырып салып айту дәстүріне ерте кездерден бастап-ақ орайлас дамып, қалыптасқан, кейін толысып, кең қанат жайған деп қарау дұрыс секілді» /89, 46 б./.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет