К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі Мектептің директоры: Абсалямов Ербол Калымбекович



Дата27.06.2016
өлшемі60.45 Kb.
#162156
К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі

Мектептің директоры: Абсалямов Ербол Калымбекович

Мектеп әкімшілігі:


  • Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Байболатова Гулназ Бакытжановна

  • Директордың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары:

Үрпежанова Жанар Зағыпанқызы

  • Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

Торғаева Тұрсынхан Рамазанқызы;

Сембаев Рауан Серікбайұлы

  • Мектептің білім сапасы жөніндегі координаторы

Толеутаева Саюра Толеутайқызы

  • Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары:

Оралбекова Ардақ Турсынкызы
Мектептің тарихы:

1927ж – «тірек мектеп» ретінде ашылды.

1935 ж – Мектеп 7 жылдық Ақсуат орталау мектебіне айналды.

1937-1938 оқу жылында орта мектепке айналып, оның тұңғыш директоры болып Кәрім Нұрбаев тағайындалды. 1940-1941 жылы алғаш 7 оқушы (Қ.Оразалин, Н.Оспанов, Р.Нұрғалиев, М.Қасымжанов, Б.Нұрпейісов, А.Жетпісбаев, Ғ.Әділғожин) бітірді.

Орта білім құрылған кезден бастап 68 шығарылымнан орта білімді 6394 оқушы алды.

Мектеп түлектерінен үлкен жетістікке қол жеткізген саңылақтарымыз:


  1. Марат Имашев – халықаралық дәрежедегі спорт шебері;

  2. Бауыржан Садыханов - самбо күресінен әлем чемпионы; (сол сияқты, ҚР-на еңбегі сіңген 4 жаттықтырушы, әртүрлі спорт қоғамдарының 4 жеңімпазы, 24 спорт шебері, 23 спорт шеберінің кандидаты),

  3. Серікболсын Әбділдин – мәжіліс депутаты, ғалым;

  4. Қажи Нұрсұлтанов, Ғабдолла Қалиев, Нәдір Абсалямов, Тоқтар Нұркенов, Дель Гарай Данилович, Төкен Жұмажанова, Өжікен Тыныбаева, Шырын Кәріпжанова, Айгүл Сайдахметова, Аман Молдаханов, Мейрам Мырзабаев, Нұрсифа Кәрменова – ғалымдар,

  5. Мұхтар Төлеутаев, Бижамал Хамзина, Мұрат Төлепбаев, Ерсін Жүнісов – ғалым-дәрігерлер,

  6. Әзнұр Қаженов – заңгер,

  7. Нұрғазы Шәкеев, Ғазиз Ыбраимов, Фазыл және Төкен Ибрагимовтар, Нариман Оспанов, Қаби Мыңжанов, Зейнолла Тлеужанов, Мейрам Оралов, Әубәкір Қайранов, Жаңабай Тайшөгелов, Нұрбек Сейлханов, Еркін Жаппасов, Сайраш Әбішева – ақын-жазушылар,

  8. Майра Ильясова - өнерпаз әнші,

  9. Серік Апрымов – кинорежиссер,

  10. Балтабек Жұмағұлов – сиқыршы,

  11. Мұрат және Болат Сапоровтар, Е.Шұқыжанов, М.Тәшенов, Қ.Қалелов, М. Айтжанов, М.Керімбаев т.б –еліне еңбегі сіңген, ел құрметіне бөленген азаматтар шықты.

  12. 2011 оқу жылының өзінде Жетпісов Мәди Ресейде Рубцовск қаласында Бокс бойынша қалааралық турнир чемпионы атанды:

  13. Сол сияқты Муфтиев Бекарыс бокс бойынша облыс чемпионы атанды;

  14. 2011 ж К.Нұрбаев мектебінің оқушылары футболдан облыстық турнир чемпионы атанды;

  15. К.Нұрбаев мектебінің оқушылары аудан бойынша кіші футбол чемпионы атағын 11 рет жылдар бойына үздіксіз алып келеді;

  16. К.Нұрбаев мектебінің оқушылары 3 рет “Сәулетай„ балалар спорт ойындарының чемпионы атануда.

Мектептің оқушылар құрамы:

Оқушылардың жалпы саны: 676 оқушы, жиыны: 35 сынып.

Мектептің ораша толығуы: 19 оқушыдан келеді.

2 салалы оқу сыныптары (10,11 сыныптар), онда жиыны 159 оқушы оқиды.



Жұмыс тәртібі 2 ауысымнан тұрады:

1 ауысымда: 364 оқушы;

2 ауысымда: 258 оқушыдан.

Мектептің педагогикалық ұжымы:

Жалпы мұғалімдер саны: 99.

Оның ішінде жоғары білімді: 95.

Арнаулы орта білімді: 4.



Кәсіптік деңгейі:

Жоғары санатты: 10 мұғалім

Бірінші санатты: 44 мұғалім.

Екінші санатты: 22 мұғалім

Санатсыз: 20 мұғалім.

Біздің жетістіктеріміз:

2011 ж – Л.Ахметқалиева – бастауыш сынып мұғалімдері олимпиадасына қатысып аудандық – бас жүлде; облыстық – 1 орын алды.

2011 ж – Л. Зейнелова – мектепке дейінгі аудандық сынып тәрбиешілері сайысына қатысып, 1 орынды иемденді.

2011 ж – А. Аубакирова - «Жыл мұғалімі – 2011» сайыста «Жаңашыл ұстаз» номинациясын жеңіп алды.

2011 ж - Г.Дүйсенбаева аудандық «Үздік география пәні мұғалімі» бойынша сайыста 1 орынды иеленді.

2011 ж – Р.Омарова – аудандық химия пәні мұғалімінің олимпиадасының жеңімпазы атанды.

2011ж – Г.Дүйсенбаева – Облыстық география пәнінен экологиялық проблемаларға байланысты пед оқуға қатысты, ШҚО БАИ-дың грамотасымен марапатталды.

2011ж - Тіл дарын – 2011 олимпиадасында аудандық кезеңінде мектеп мұғалімдерінің командасы бас жүлдеге ие болды, облыстық кезеңіңнде ағылшын пәнінің мұғалімі А.Жакилина 2 орын алды.

2012 ж- аудандық Экологиялық мәселелер атты ғылыми прпктикалық конференцияда химия пәні мұғалімі А.Аубакирова номинация иегері болды.

2012 ж -Аудандық Эрудит ұстаз сайысына қатысқан ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Л.Вагнер 3 орынды иемденді.



Материалдық-техникалық база:

Мектепте 1 мультимедиялық кабинет бар:



  1. кабинет Интернетке қосылған. Мектепте жалпы: 36 компьютер бар (1 компьютер 18 оқушыға есептелген). Мектепте төмендегі адамдар атына берілген жаңа үлгідегі оқу кабинеттері ашылған:

  • Өжкен Тыныбаева атындағы «Қазақ тілі» кабинеті № 33

  • Нұрсифа Кәрменова атындағы «География» кабинеті № 17

  • Майра Ильясова атындағы оқу - өнер (акт) залы

Мектептің жалпы бюджеті 2012 жылға 291741,0_ мың теңгені құрайды, оның ішінде еңбек ақыға 100858,0 мың тенге және салыққа _5161,0_ мың тенге. Бір балаға шаққандағы шығын мөлшері _431,56_ мың теңге. Ыстық тамақпен қамту үшін: _3597,0_ мың тенге бөлінген. Ағымдағы бюджеттік қаражат есебінен жағдайы төмен отбасынан _41_ оқушы және бастауыш сыныптардың 185 оқушысының, туб. қатынас бойынша 9 оқушы тегін тамақтануы қарастырылған.

Олимпиада мен байқауларға қатысу.

2011-2012 оқу жылдары:



Байқаулар мен олоимпиада лар

Дәрежесі

Пәні

Қатысқан оқушы саны

Жеңім паздар

1

«Малахит» интеллектуалды конкурс

Облыс тық

математика

22

10

2

«Кенгуру – математика бәріне» интеллектуалды конкурс

Халық аралық



математика

97

2

3

«Кенгуру – лингвист» интеллектуалды конкурс

Халық аралық

ағылшын тілі

32

1

4

«Тұлпар» интеллектуалды конкурс

Халық аралық

Орыс тілі, тарих

39

18

5

8 – 11 сыныптар арасында аудандық пән олимпиадасы

аудандық

Барлық пәндер

37

28



ҰБТ қорытындылары:

Оқу жылы

Барлық тапсырғаны

Мектеп б/ша орта балл

«Алтын белгі»

Үлгілі аттестат

2007-2008

50

55,42

-

-

2008-2009

46

72,30

-

-

2009-2010

61

72,97

2

-

2010-2011

85

88,7

4

1

2011-2012

59

63,51

2

-


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет