К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы



Pdf көрінісі
бет21/62
Дата29.05.2024
өлшемі0.99 Mb.
#502066
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62
ҚАЗАҚ ТІЛІ оқулығы

Тапсырмалар:
9.3. Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: тәуелді, өлшенеді, 
еңбекқор, жауапты, тиімді, қарапайым, тәулік, жаратады, 
жоспарлай білу, араласу, пәк, періште, қателік, шешім, қайғы, емші, 
қасиет. 
9.4. Мәтінді тыңдаңыздар, оқыңыздар, түсініңіздер. 
9.5. Бірінші абзацты қайта оқып, толықтырыңыз. Белгілі адамдар өмірінен 
мысалдар келтіріңіз.  
9.6. Мәтіндегі септік жалғауларының қолданысына назар аударыңыз.  
9.7. Берілген құрмалас сөйлемдерді толықтырыңыз. Мағыналық түрлерін еске 
түсіріңіз: 
- Адам уақытқа тәуелді, өйткені . . .  
- Студент уақытты тиімді пайдаланса, . . .  
- Адамның барлығы дүниеге сәби, пәк күйінде келеді, алайда . . .  
- Өзіңдегіні бағалай білмесең, . . .  


26 
- Уақыты бар адам ең бай адам, өйткені . . .  
9.8. Мысал әңгімені оқыңыз. Сіз қандай ойға келдіңіз? Көршіңізбен 
сұхбаттасыңыз. 
9.9. Адам жасын қазақ халқы мүшелмен өлшеген. «Мүшел жас» туралы біліп, 
ақпарат алып немесе айтып келіңіз.  
9.10. Тақырып бойынша әңгімелеңіз. 
9.11. Төмендегі ақпаратпен танысыңыз. Уақыттың жауларына Сіз тағы нені 
жатқызар едіңіз? 
 
Уақыттың жаулары: 
- Уақытқа сай күнтізбе жасай алмау; 
- Күнделікті 20 минут сайын әлеуметтік желідегі керексіз заттарға 
үңілу; 
- Шешім шығара алмау
- Дұрыс демалмау, уақытты дұрыс өткізбеу; 
- Компьютерлік ойындар мен көгілдір экран; 
- Уақытты өзіңе лайық, дұрыс адамдармен өткізуге тырыспау; 
- . . . . . . . . . .
Жағдаяттық тапсырмалар 
а) Сіз досыңызбен сағат алтыда кездесуге уәде бердіңіз. Бірақ сіз келе 
алмадыңыз. Досыңыз сізге ренжіді. Досыңызға себебін түсіндіріңіз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет